С.Тыңдалым алдындағы тапсырма. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сабақ тақырыбына болжау жасаңыздар.
1.Қазақстанда сәулет өнері қаншалықты дамыған?
2.Таулы аймақтарда биік ғимараттарды салу қаншалықты қауіпті?
3.Алматы қаласында ғимараттарды салу барысында жер сілкінісінің болу мүмкіндігі ескерледі деп ойлайсыз ба?
Тыңдалым тапсырмасы. ЖЖ.Мәтінді тыңдап, жұпта талқылаңыздар.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде топпен SWOT талдау жасаңыздар.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы топ ішінен бір оқушы ортаға шығып, топтық жұмысты сыныпқа ұсынады, сынып оқушылары сұрақ қояды.
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Жазылым алды тапсырмасы 1-тапсырма.
Оқушыларға сәулет өнері жайлы жазылған сөздер үлестіріледі. Оқушылар жеке және жұпта талқылайды, өз ойларымен бөліседі.
1. Мәңгілік елдің мәдени құндылығы
2. Заманауи сәулет өнерінің озық үлгілері
3. Сәулет өнерінің жаңа тынысы
4. Мәңгілік құндылықтар бейнеленген ескерткіштер
2-тапсырма.Оқушыларға аргументативті эссенің тақырыбы мен клишелер ұсынылады. Эссе тақырыбы мен клишелерді топта талдаңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Эссе тақырыбы: «Сәулет өнері туындылары мәңгілік елдің мәдени құндылығы бола алады ма?»
Клишелер: Сәулет өнерінің озық үлгілері, мәдени құндылық, осылайша, қорытындылай келе, мысалға келтіретін болсақ, бұл пікірді қарастыратын болсақ және т.б.