10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру
Жетекші сұрақтарды қою арқылы мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтайды. Мақаланың қандай жанрлық ерекшелігі бар?
Мақала жазуда автор нені басшылыққа алу керек?
2-тапсырма. Тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтап, өз ойларын білдіреді. Сәулет өнері, композиция, ғимарат Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, жұпта, топта талқылап, ақпаратты постерге түсіреді. Мақаланы талдау барысында тақырыбын, автордың көтерген мәселесін, стильдік және жанрлық ерекшелігін, бағытталған аудиториясын ескергені жөн.
Оқылымнан кейінгі тапсырма «Галереяға саяхат». Қабырғаға дайындалған постерлер ілінеді, оқушылар басқа топтардың қабырға газеттерін сараптап, талдап, өз пікірлерін жапсырма қағазға жабыстырады. Галереяға саяхат аяқталған соң, топта жұмыстарға шолу жасалып, қорытындыланады.
Мақала дегеніміз - қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп ұғынудың, талдап және жинақтаудың қорытындыларынан туған идеяның негізінде жазылатын публицистикалық шығарма.
Журналистика теориясында мақала жанрының бірнеше анықтамасы бар. Зерттеушілердің бірі Н.М.Хлынов: «Мақала ғылыми ақпарат, бас идеялардың насихатшысы мен оқиғаны зерттеудің негізгі үлгісі. Теориялық және практикалық негіз, түйін, басқа жанрларға қарағанда оның мақсаттылыгы мақала жанрында түсініктілігімен, тілдің эсерлілігімен, стильдің көркемдігімен үндесіп жатады»,-дейді. Д.Г.Бекасов: «Мақала - публицистикалық жанр. Ол нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтиды»,-дейді. В.Д.Пельт ұсынған анықтамада: «Мақала - маңызды элеуметтік мәселеге байланысты туған деректі ойды танытатын публицистикалық жанр»,-деген тұжырым ұсынады. М.С.Черепахов бұл жанрға төмендегідей түсініктеме береді: «Мақала дегеніміз публицистикалық жанрдың ерекше бір түрі. Ол мәселені оқырманға тарту ету, теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамаларын беруімен сипатталады».