10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме


ІІ тоқсан 2-бөлім: Индустрияландыру: ұлттық өндіріс



бет15/38
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#51928
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып,-dereksiz.org

ІІ тоқсан
2-бөлім: Индустрияландыру: ұлттық өндіріс.
Сөз мәдениеті

Меңгерілген білімді дамыту:
Оқушылар алдыңғы сыныптарда алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. Тарих пәнінен қалыптасқан білімдерімен сабақтастықты сақтай отырып, коммуникативтік дағдыларын, білімдік және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу, өз бетімен білім алу, сыни ойлау және шығармашылық, креативті ойлау қабілеттерін дамытатын болады.



Бөлімге шолу.
Бұл бөлімнің тақырыбы: Индустрияландыру: ұлттық өндіріс
Бөлімнің мақсаты: ұлттық өндіріс туралы ақпарат бере отырып, оқушылардың ана тілінде және сауатты сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша ана тілінде дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу мен қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.
Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттары:
10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау.
10. 2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
10. 2.3.1 - көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.
10. 3.2.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.6.1- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.
10.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет