10.3. Жалын температурасын терможұптық әдіспен өлшеу,
терможұптарды дайындау және калибрлеу
Көптеген физика-химиялық процестердің, атап айтқанда, жалындардың негізгі көрсеткіштерінің бірі – температура. Жану кезінде өтетін процестер көп сатылы және өте күрделі болғандықтан, бұл жағдайда жалынның локальды температурасы туралы айтылады. Отындардың көп түрлілігіне, олардың жану шарттарына байланысты температураны өлшеудің ең оңтайлы әдісін пайдалану қажет, бұл әдіс көптеген факторларды: температураны өлшеу облысы, процесс динамикасы, сезімталдығы, өлшеулер дәлдігі және т.б. қанағаттандыратындай болу керек.
Температураны өлшеудің белгілі әдістеріне қысқаша шолу жасалады. Оларды жанасатын және жанаспайтын әдістер деп екі топқа бөлуге болады.
Температураны өлшеудің жанасатын әдістері
Бұл бөлімде қарастырылатын әдістер зерттелетін нысанмен тікелей жанасуды немесе термоқабылдағышты зерттелетін ортаға енгізуді талап етеді.
Термокедергі әдісі
Әдістің жұмыс істеу принципі заттардың температураны өлшегенде электр кедергісін өзгерту қасиетіне негізделген. Сезімтал элемент диаметрі миллиметрдің үлесін құрайды. Бірақ, элементтің үлкен өлшемдеріне байланысты бұл әдіспен жеке нүктедегі температураны өлшеуге болмайды. Сондай-ақ кейбір ашық сезімтал элементтер (көбіне платиналы) процесс катализаторының қызметін атқаруы мүмкін, нәтижесінде мәліметтердің қателігі байқалады. Олар қандай да бір көлемнің орташа температурасын өлшеуге ыңғайлы.
Термоэлектрлік әдіс
Терможұптар көмегімен температураны өлшеу термоэлектрлік құбылыстардың заңдарын пайдалануға негізделген. Негізгі заңдарының бірі – Зеебек құбылысы бойынша әртүрлі материалдан тұратын тұйық электр тізбегінде, егер жанасу орны әртүрлі температурада болса, онда термоэлектрқозғаушы күш (термо – э.қ.к.) пайда болады.
Терможұп екі әртекті өткізгіштен – термоэлектродтардан тұрады. Әрбір электродтың бір ұшы екінші электродтың ұшымен дәнекерленген және зерттелетін ортаға енгізілетін “жұмысшы” ұшты түзеді. Қалған екі бос ұштарына термо-э.қ.к. өлшейтін аспап сымдары қосылады (1-сурет). Термо-э.қ.к. жұмысшы мен бос ұштардың температурасына және терможұп сымдарының материалының табиғатына ғана тәуелді. Жұмысшы ұштың температурасы өскен сайын термо-э.қ.к. өседі. Термо-э.қ.к. мәнінің температураға тәуелділігі терможұпты калибрлеуден соң температураны өлшеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Төлшенетін Еөлшенетін
Тбос ұштар
ә)
а)
Тбос ұштар
Достарыңызбен бөлісу: |