10. Зертханалық ЖҰмыстар



бет7/14
Дата16.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#115901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
6-сурет. Терможұптарды калибрлеу тәсілдері:
а) газда; ә) сұйықтықта; б) термометрлік балқу нүктелері бойынша;
в) төмен температурада қайнайтын сұйықтықтардың қайнауы бойынша

Эксперименттік бөлім


Қажетті қондырғы (7-сурет):





  • Бекітілген терможұп пен жанарғысы бар қондырғы

  • Потенциометр (КСП-4 немесе соған ұқсас)

  • Катетометр

  • Жанғыш жүйе, оны дайындау

  • Нөл-термостат (немесе еритін мұзы бар су)

  • Коммутациялық блок.

Жұмысты орындау реті:





  • Көзбен қондырғыдағы терможұптың бүтіндігін және оның жанарғының ішінде кесінді жазықтығынан төмен (ішкі зондтауда) немесе жанарғыдан тыс (сыртқы зондтауда) орналасқанын тексереді.

  • Нөл-термостаттың сумен суытуын жалғап, оны электр желісіне қосады. Ол жоқ жағдайда терможұптың суық дәнекері еритін мұзы бар суға салуға болады.

  • Ауаны беру компрессорын қосып, реттеуші бұрандамен ауаның қажет шығынын (калибрлеу графигі бойынша) орнатады.

Терможұпты жанарғының Терможұпты жалынның
ішкі жағына енгізу сыртқы жағына енгізу


7-сурет. Жалын температурасын өлшеу қондырғысының сызбанұсқасы



  • Жанғыш газды беру бұрандасын ашып, газдың қажет шығынын орнатады. Отынның концентрациясы калибрлеу графигі бойынша есептеледі. Қоспадағы отын концентрациясын оқытушы береді.

  • Газды қоспа жағылады.

  • Жалын шырағы тұрақтанған соң, терможұп дәнекері жанарғы кесіндісінен (жалынның көгілдір конусының ½ биіктігінің шамасында) 5-6 мм жоғары, ал терможұп сымдары жанарғы саңылауының ортасында болатындай етіп, жанарғыны ақырындап төмен түсіреді.

  • Потенциометр мен диаграмма қозғалысының қозғалтқышын электр тогына қосады.

  • Коммутациялық блокта “өлшеу-нөл” тумблерін “өлшеу” жағдайына қосып, потенциометр кареткасының қозғалыс бағытын тексереді. Егер каретка э.қ.к. азаю жағына қарай бағытталса, онда терможұп “+” “-“ тумблерін басқа жағдайға ауыстырады.

  • Катетометр шкаласының жарықтану шамын қосады, көзбен катетометр окулярындағы көлденең сызықтың жалынның жарқырау аумағының шекарасымен бірігуін тексереді. Жалын аумағының шекарасы көлденең сызықтан ауытқығанда қажет жаққа айналы жүйені бұрып, олардың бірігуіне қол жеткізеді (қысатын бұранданы босату арқылы). Сонан соң қысқыш бұранданы қайтадан бекітеді.

  • Көрсетілген дайындық операцияларынан соң температураны өлшейді. Бұл үшін катетометрмен жалынның жарқырау аумағының ішкі шекарасын 0 санақ басы деп алып, терможұп ұшының ортасына дейінгі қашықтықты өлшейді. Терможұп ұшының орталық бөлігі мен жарқырау аумағының ішкі шекарасының бастапқы арақашықтығы 2 мм-ден аз болмау керек. Қашықтықты өлшеу кем дегенде 3 рет жүргізіледі және нәтижелердің орташа мәні есептеледі. Тәжірибе нөмірін диаграммаға жазады.

  • Сонан соң тумблерді “нөл” жағдайына ауыстырып, бөліктері бар барабан көмегімен терможұпты жарқырау аумағына қарай жылжытады. Сондай-ақ тумблерді қайтадан “өлшеу” жағдайына ауыстырып, жаңа орындағы қашықтықты өлшейді.

  • Бұл операцияларды жарқырау аумағына жеткенше немесе жарқырау аумағына терможұп жақындағанда аэродинамикалық ұйытқулар пайда болғанша қайталайды. Өлшеулер аяқталған соң терможұпты қайтадан суық аумаққа ауыстырады, бұл үшін барабанды кері қарай айналдырады. Сонан соң оны жанарғы ішіне түсіреді. Тек содан кейін ғана жалынды сөндіруге болады. Сыртқы аумақты зондтауда терможұпты жалыннан шығарады.

  • Потенциометрдің “диаграмма” тумблерін және потенциометрдің өзін ток көзінен ағытады.

  • Катетометрдің жарықтан шамын сөндіреді.

  • Нөл-термостатты және сумен салқындатуды ағытады.

  • Газ бен ауа бұрандаларын жабады.

Жалынның сырт жағынан температураны өлшеу осыған ұқсас түрде жүргізіледі. Айырмашылығы жанарғыны қозғалту қажет емес. Терможұпты бірден суық аумаққа жалын шебінің ұйытқуы байқалмағанша енгізіп, барабан көмегімен жоғары температуралық облысқа жылжытады. Өлшеулер аяқталған соң оны жалыннан сыртқа шығарады.

Тәжірибе нәтижелерін өрнектеу


Жұмыс журналда келесі кесте бойынша өрнектеледі:







Z1

Z2

Z

Zорташа, мм

Eорташа, мВ

Т, С

Т, К

























Бірінші бағанаға терможұптың бір орын үшін тәжірибе нөмірі жазылады. 2- және 3-бағаналарға терможұптың ұшының ортасы мен жарқырау аумағының ішкі шекарасының орнын әрбір өлшеуге сәйкес биіктік мәндері (0,01 мм дәлдікпен) жазылады. 4-бағанаға алынған айырымдар есептеледі. 5-ке бір тәжірибе үшін қашықтықтың орташа мәні анықталады. Диаграммалық лентадағы потенциометр шкаласы бойынша (немесе орташаланған сигнал биіктігін өлшеу арқылы) берілген тәжірибе үшін э.қ.к. мәні анықталып, 6-бағанаға жазылады. Сонан соң 2-5-кестелерді немесе көрсетілген терможұп үшін калибрлеу графиктерін пайдаланып, өлшенген температура шамасын С бойынша тауып, оны кельвинге айналдырып, соңғы бағанаға жазады.


Z және Т мәндері бойынша Z (мм) – Т (К) координаталарында қорытынды график тұрғызылады.


1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет