10. Зертханалық ЖҰмыстар



бет6/14
Дата16.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#115901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2-сурет. Терможұптарды доғада дәнекерлеу қондырғысының сызбанұсқасы:
1 – кернеуді реттегіш; 2 – қосқыш; 3 – көмір электродтар;
4 – доғалық разрядтағы терможұп сымдары; 5 – бурасы бар ыдыс

Жіңішке сымдарды ұштарын ораған соң спирт немесе басқа сұйықтық ортасында дәнекерлеуге болады. Сымдарға қысқыштардың көмегімен ток беріледі, осы сымдарға спиртке батырылған көмір электродтармен жанастыру арқылы тізбек тұйықталады (4-сурет).









3-сурет. Терможұптарды нүктелік әдіспен дәнекерлеу сызбанұсқасы:
1 – терможұп сымдары; 2 – нүктелік дәнекерлеу қондырғысының электродтары



4-сурет. Терможұптарды спирт ортада дәнекерлеу сызбанұсқасы:
1 – кернеуді реттегіш; 2 – көмір электрод; 3 – сұйық орта; 4 – терможұп сымдарын ұстағыш



Диаметрі бірнеше ондық микрометр өте жіңішке сымдарды микроскоп астында дәнекерлейді. Микрометрлік құрылғылар көмегімен сымдардың ұштарын біріктіреді де, дәнекерлейтін орынды тотықпау үшін аргон немесе басқа инертті газбен үрлейді. Сонан соң сымдар арқылы конденсатор разряды нәтижесінде ток жіберіледі. Разряд энергиясы тәжірибелік жолмен анықталады (5-сурет).


5-сурет. Микротерможұптарды дәнекерлеу қондырғысының сызбанұсқасы:
а) электрлік қосу сызбанұсқасы; ә) разряд алдындағы сымдардың орны
(дәнекерлеуден кейін – үзік сызықтармен)

1 – микроскоп; 2 – жарықтандыру шамы; 3 – ұстағышы бар сол микроманипулятор; 4 – терможұп сымдары; 5 – инертті газды беру; 6 – терможұпты бекіткіш; 7 – ұстағышы бар оң микроманипулятор. Стрелкамен микроманипулятор түйіндерінің дөрекі немесе баяу орын ауыстыру бағыттары көрсетілген


Терможұпты дайындаған соң вакуумда немесе кремнийлі сұйықтықтардың жану өнімдерінің тогында сыртынан кремний диоксидінің қабатымен қаптап, балқытады. Қаптама терможұпты жалынға енгізгенде катализдік процестерді азайту және сымдардың тотығуын болдырмау үшін қажет.


Егер терможұп стандартты терможұп сымдарынан дайындалса, онда оны калибрлеусіз пайдалана беруге болады. Сымдардың материалының құрамы белгісіз болса, онда терможұпты калибрлейді. Бұл мақсатта 1-суреттегідей тізбек құрастырады. Температураның жоғары емес шектері үшін (200-300С-қа дейін) термотұрақты сұйықтық немесе газды ортаға орналастырылған терможұптың термо-э.қ.к. мәнін термометр немесе эталонды терможұп көмегімен өлшенген орта температурасымен салыстырады.
Жоғары температуралар үшін терможұпты тұрақты термометрлік нүктелер бойынша калибрлеуге болады. 6-суретте калибрлеу тәсілдері көрсетілген. Қарапайымдырақ болу үшін тек жұмысшы терможұп бейнеленген.
Алынған нәтижелер бойынша термо-э.қ.к. – температура графигін тұрғызады да, жалын температурасын анықтайды.



а ә б в




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет