1-сурет. Калориметриялық қондырғының жалпы сызбанұсқасы:
1 – калориметр; 2 – электр қыздырғыш; 3 – РНШ типті кернеуді реттегіш; 4 – айнымалы ток ваттметрі; 5 – отынға арналған ұяшық; 6 – отынды жағу құрылғысы; 7 – РНШ типті кернеуді реттегіші бар электр моторы; 8 – термометрлер; 9 – шыны реометр; 10 – бұрандалы қысқыш; 11 – су ағындық насос
Жұмысты жасау реті
Қажет аспаптар мен реактивтер:
1. Калориметр. 2. Секундомер. 3. Аналитикалық таразы. 4. Су ағындық насос. 5. Дистильденген су. 6. Зерттелетін сұйық отын (ацетон).
Сынаққа дайындық
Калориметрдің сыртқы қабықшасына 10,5 л дистильденген су құйылады.
Әрбір сынақ үшін калориметрдің ішкі қабықшасына 3,6 л бөлме температурасындағы дистильденген су құйылады.
Ішкі және сыртқы қабықшадағы суға термометрлер орнатылады.
Калориметрдің төменгі жағынан қақпағын жабады.
Калориметрдің от камерасына су ағындық насоспен ауа жіберіледі.
Сынақ алдында калориметрдің ішкі қабықшасындағы су температурасын өлшейді. Судың температурасы 5 мин бойы тұрақты болып сақталса, сынақты бастайды.
Калориметр коэффициентін анықтау үшін ондағы су температурасының түсу шамасы мен электр қыздырғыш бөлетін жылу мөлшері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Бұл үшін әртүрлі мөлшерде жылу бөлінетіндей электр қыздырғышын әртүрлі уақытқа (1, 2, 4, 6, 10 мин) қосып, тәжірибелер сериясын жүргізеді. Электр қыздырғыштың әсерінің максималды ұзақтығы – 10 минут. Тәжірибе кезінде ваттметр мен термометр көрсеткіштерін жазып алады. Термометр көрсеткіштерін әрбір минут сайын тіркеп, су температурасының максималды жоғарылауын анықтайды. Тәжірибе барысында реометр көрсеткішін бақылап отырады.
Нәтижелерді келесі кестеге енгізеді:
Мұндағы а – калориметр коэффициенті, кДж/град,
q – электр қыздырғыштың жылу шығыны, кДж,
t1 – судың ішкі қабықшадағы максималды температурасы.
t0 – электр қыздырғышты қосар алдындағы судың температурасы.
W – электр қыздырғыш қуаты, Вт.
– электр қыздырғыштың әсер ету уақыты, с.
Калориметр коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
a = q / (t1 – t0), мұндағы q = W.
Калориметр коэффицентін алты тәжірибе нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні ретінде есептейді.
Сынақты жүргізу реті
Калориметрдің төменгі қақпағында орналасқан ұяшыққа отынды құяды.
Калориметр түбін қақпақпен жабады.
Отынды жағып, бір мезгілде электр қыздырғышын, араластырғыш пен секундомерді қосады.
Бүкіл сынақ кезінде су ағындық насос іске қосылып тұрады.
Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізеді:
Мұндағы Q – отынның жылу беру қабілеті, кДж/кг,
q – электр қыздырғыштың жылу шығыны, кДж,
tк – судың ішкі қабықшадағы ең жоғары температурасы, С.
t0 – электр қыздырғышты қосар алдындағы судың температурасы, С.
W – электр қыздырғыш қуаты, Вт.
– электр қыздырғыштың әсер ету уақыты, с.
m – отын массаасы, кг.
Отынның жылу беру қабілетін келесі формуламен есептейді:
және үш тәжірибе нәтижелерінің орташа арифметикалық шамасын алады.
Әдебиеттер
Ксандопуло Г.И. и др. Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по практикуму “Методы исследования пламен”. – Алма-Ата: Издание КазГУ, 1985. – 23 с.
Вулис А.А. Тепловой режим горения. – М-Л., 1954.
Гейдон А.Г., Вольфгард Х.Г. Пламя, его структура, излучение и температура / пер. с англ. – М., 1959.
Кондратьев Г.М. Регулярный тепловой режим. – М., 1954.
Попов М.М. Термометрия и калориметрия. – М., 1954.
Достарыңызбен бөлісу: |