55
1)
Прима латынша – бірінші деген ұғымды білдіреді. Бұл
интервалдың шыңы мен негізі бір биіктікте орналасқан (уни-
сон), (мұнда біз сандық қасиеті тұрғысынан ғана қарап отырмыз,
ал сапалық қасиеті сəл кейінірек сөз болады); “1” цифрымен
белгіленеді:
2)
Секунда – екінші. Мұнда екі дыбыс қамтылған; “2” цифры-
мен белгіленеді:
3)
Терция – үшінші. Мұнда үш дыбыс қамтылған; “3” цифры-
мен белгіленеді:
4)
Кварта – төртінші. Мұнда төрт дыбыс қамтылған; “4” циф-
рымен белгіленеді:
5)
Квинта – бесінші. Мұнда бес дыбыс қамтылған; “5” циф-
рымен белгіленеді:
6)
Секста – алтыншы. Мұнда алты дыбыс қамтылған; “6”
цифрымен белгіленеді:
56
7)
Септима – жетінші. Мұнда жеті дыбыс қамтылған; “7”
цифрымен белгіленеді:
8)
Октава – сегізінші. Мұнда сегіз қамтылған; “8” цифрымен
белгіленеді:
Жоғарыда көрсетілгендей, кез келген дыбыстан (немесе бас қыш-
тан) қарапайым интервалды жоғары немесе төмен құруға болады. Ол
үшін берілген интервалдың “негізінен” жоғары қарай немесе берілген
интервалдың “шыңынан” төмен қарай тиісті интервалдың сан дық
қасиеттері бойынша қамтылатын дыбыстардың санын есептеп алу
керек. Мысалы, фа дыбысынан жоғары секста (6) интервалын құру
керек болса, фа дыбысынан жоғары қарай 6 дыбыс тізуіміз керек:
Содан кейін біз сандық қасиеті бойынша фа дыбысы мен ре
дыбысының арасын алты дыбыспен қамтып, секста болатынына
көз жеткіземіз. Төменге қарай да интервалды дəл осындай жолмен
құруға болады. Сонымен, интервалды осылайша құрып алдық
делік. Алайда оның екі қасиетін бірдей білгенде ғана белгілі бір
интервалды құрып, анықтадық деуге болады.
Сондықтан енді екінші қасиетін қарастырайық. Оның, екін-
шісі, сапалық (тондық) қасиет екендігі жоғарыда айтылды.
Дыбыс қатарының аралықтары жарты тонға да, бүтін тонға да
тең болуы мүмкін. Мысалы: ми-фа = 1/2 Т, фа- соль =1т. Сондай-
ақ біртектес басқа интервалдардың да аралы əртүрлі тондардан
тұратындығын байқаймыз: до-ми=2 Т; ре-фа= 1
1
/2 т.т. с.с. Демек
біртектес интервалдар өзара сапалық қасиеті жағынан əртүрлі бо-
лады деген сөз. Олардың бір-бірінен тон жағынан айырмашылығы
болғандықтан, үндестік жағынан да ерекшеліктері болады. Бір-
тектес интервалдардың сапалық қасиеттері; кіші (к), үлкен (ү), таза
57
(т), азайтылған (аз), ұлғайтылған (ұл) – деген сөздермен белгіленеді.
Дыбыс қатарының негізгі басқыштық аралықтары мынадай
интервалдардан тұрады:
1. Таза прима – қысқаша таңбалануы: т.1=0т.
2. Кіші секунда – қысқаша таңбалануы: к.2 =
1
/2 т.
3. Үлкен секунда – қысқаша таңбалануы: ү.2=1т.
4. Кіші терция – қысқаша таңбалануы: к.3=1
1
/2 т.
5. Үлкен терция – қысқаша таңбалануы: ү.3=2т.
6. Таза кварта – қысқаша таңбалануы: т.4=2
1
/2 т.
7. Ұлғайтылған кварта – қысқаша таңбалануы: ұл 4=3т.
8. Азайтылған квинта – қысқаша таңбалануы: аз 5=3т.
9. Таза квинта – қысқаша таңбалануы: т.5=3
1
/2 т.
10. Кіші секста – қысқаша таңбалануы: к.6=4т.
11. Үлкен секста – қысқаша таңбалануы: ү.6=4
1
/2 т.
12. Кіші септима – қысқаша таңбалануы: к.7=5т.
13. Үлкен септима – қысқаша таңбалануы: ү.7=5
1
/2 т.
14. Таза октава – қысқаша таңбалануы: т. 8=6т.
Мысалы:
Таза прималар мен таза октавалар барлық басқыштарда
құрылып, бəрі де таза болып келеді.
Жоғарыда көрсетілген интервалдар – ең негізгілері болып
есептелінеді. Бұл интервалдард классикалық теорияда диато-
никалық интервалдар деп атайды (яғни, қарапайым түрлері деген
58
сөз). Өйткені олар натуралдық мажор мен натуралдық минордың
басқыштық аралықтарында құрылады. Диатоникалық интервал-
дарды дыбыс қатарындағы негізгі жəне (көмекші) дыбыстардың
қай-қайсысынан болса да жоғары-төмен құрауға болады.
Мысалы:
Диатониалық интервалдар əуенді саз құрудың негізі болып
келеді. Олардың неше түрлі логикалық байланыстарынан əралуан
мəнерлі əуендер пайда болады.
Мысалы:
Тапсырма:
1) Қарапайым интервалдарды (диатоникалық) дыбыс қатары-
ның əртүрлі басқыштарынан құрып жəне сол құрылған интер-
валдарды фортепианода (жəне басқа да аспаптарда ойнайтын
оқушылардың білімін толықтыра түсу керек.
2) Қарапайым интервалдарды көркем шығармалардан іздес-
тіріп, олардың қай түрге жататынын анықтаған жөн.
Ұлғайтылған жəне азайтылған интервалдар.
Интервалдардың энгармонизмдік теңдіктері
Сапалық қасиеті жағынан тондық көлемі жоқ таза прима-
дан (т. 1) басқа əрбір диатоникалық интервалды ұлғайтуға да,
азайтуға да болады. Ол үшін берілген қарапайым интервалдың
құрамына кіретін бір басқышты (дыбысты) хроматикалық жар-
ты тонға не жоғарылату, не төмендету керек. Ұлғайтылған ин-
тервалдарды таза немесе үлкен интервалдардан, ал азайтылған
интервалдарды таза немесе кіші интервалдардан құруға бола-
59
ды. Ұлғайтылған жəне азайтылған интервалдарды құру үшін,
негізгі интервалдардың бір дыбысын немесе екі дыбысын бірдей
не ұлғайту жағына, не болмаса азайту жағына хроматикалық
өзгеруден пайда болған интервалдарды хроматикалық интервал-
дар дейміз. Хроматикалық интервалдардың тондары өзгергенмен,
дыбыстарының саны өзгермейді.
Ұлғайтылған кварта мен азайтылған квинтаны (екеуінде де үш
тоннан, сондықтан кейде бұл екеуін үш тондық интервалдар деп те
атайды), хроматикалық интервалдармен шатыстыруға болмайды;
олар диатоникалық интервалдарға жатады. Сондай-ақ характерлік
интервалдар да диатоникалық интервалдарға жатады. Енді хро-
мати калық интервалдарды жеке-жеке қарастырып көрейік.
Ұлғайтылған интервалдар:
а) Үстіңгі дыбысын (шыңын) жоғарылату арқылы құралғаны:
ə) Астыңғы дыбысын (негізін) төмендету арқылы
:
Азайтылған интервалдар:
а) Үстіңгі дыбысын (шыңын) төмендету арқылы жасағаны:
ə) Астыңғы дыбысын (негізін) жоғарылату арқылы:
Жоғарыда аттары аталған интервалдардың əрқайсысының
тондық сандары қайсыбір негізгі интервалдардың тондық санда-
рымен тең келуі мүмкін.
60
Сандық қасиеттері əртүрлі, сапалық қасиеттері бірдей
боп үндескен интервалдарды энгармонизмдік тең интервал-
дар дейміз. Кейде энгармонизмдік тең интервалдардың сан
дық
қасиеттері де теңбе-тең болуы мүмкін, ол үшін салыстырылатын
интервалдардың екі дыбыстары да энгорманизмдік ауыстыру
жағдайында болуы шарт.
Жоғарыда аталған интервалдардан басқа музыкада екі есе
(қысқаша -
ее) ұлғайтылған жəне екі есе (ее) азайтылған интер-
валдар кездеседі. Оларды интервалдардың екі дыбысында əртүрлі
(қарама-қарсы) жаққа қарай альтерациялау (өзгерту) арқылы
құруға болады. Оның ішінде көбірек қолданылатыны – екі есе
(ее) ұлғайтылған кварта мен екі есе (ее) азайтылған квинта:
Тапсырма:
Жоғарыдағы өткен интервалдың барлық түрлерін жазбаша
құрғызып, оларды фортепианода ойнатып, меңгерту керек. Соль-
феджио сабағында айтқызып үйрету керек.
Құрамды интервалдар
Құрамды интервал деп қосынды көлемі бір октавадан асатын
кең интервалды айтамыз. Екі октаваға дейінгі (екіншісін қоса
есеп тегенде) құрамды интервалдың өз аттары бар. Олардың атта-
ры қарапайым интервалдардың аттары тəрізді италияның реттік
санауларынан құралған жəне өздері қамтыған дыбыс санының
көлеміне сəйкес белгіленеді. Олар, октава мен қандай да бір
қарапайым интервалдың қосылуы нəтижесінде пайда болады:
нона 9, октава +секунда
децима 10, октава+ терция
ундецима 11, октава+кварта
61
дуодецима 12, октава+ квинта
терцдецима 13, октава+секста
квартдецима 14, октава+септима
квиндецима 15, октава+октава (2октава)
Сапалық қасиеттеріне байланысты құрамды интервалдардың
негізгі түрлері оның құрамына кіретін қарапайым интервал-
дардың негізгі түрлеріне сəйкес: таза, кіші, үлкен, ұлғайтылған,
азайтылған деп белгіленеді:
1) Кіші нона =6
1
/
2
т. – қысқаша таңбалануы –к.9
2) Үлкен нона=7т. – қысқаша таңбалануы – ү. 9
3) Кіші децима =7
1
/
2
т. – қысқаша таңбалануы –к.10
4) Үлкен децима=8т. – қысқаша таңбалануы – ү. 10
5) Таза ундецима =8
1
/
2
т. – қысқаша таңбалануы –т.11
6) Ұлғайтылған ундецима=9т. – қысқаша таңбалануы – ұл. 11
7) Азайтылған дуодецима =9хт. – қысқаша таңбалануы – аз. 12
8) Таза дуодецима =9
1
/
2
– қысқаша таңбалануы –т.12
9) Кіші терпдецима =10т. – қысқаша таңбалануы –к.13
10) Үлкен терцдецима = 10
1
/
2
– қысқаша таңбалануы – ү. 13
11) Кіші квартдецима =11т. – қысқаша таңбалануы –к.14
12) Үлкен квартдецима =11
1
/
2
т. – қысқаша таңбалануы –ү.14
13) Таза квиндецима =12т. – қысқаша таңбалануы –т.15
Құрамды интервал да жай интервалдар сияқты азайтылған
жəне ұлғайтылған болып келеді. Бұл жағдайда:
а) барлық азайтылған құрамды интервалдар – таза октаваға +
жай азайтылған интервалдарды қосқанға тең;
б) барлық ұлғайтылған құрамды интервалдар – таза октаваға
+ жай ұлғайтылған интервалдарды қосқанға тең.
Қарапайым интервалдар сияқты, құрамды интервалдарды да
дыбыс қатарындағы негізгі жəне туынды (көмекші) дыбыстардың
қай-қайсысынан болса да жоғары, төмен биіктікте құруға болады.
62
1-тапсырма:
Келесі шығармадағы интервалдарды анықтап, аспапта ойна-
ңыздар:
2-тапсырма:
1) Құрамды интервалдарды (қарапайым интервалдар сияқты)
дыбыс қатарының əртүрлі дыбыстарынан құрғызып жəне сол
құрылған интервалдарды фортепианода (жəне басқа да аспаптар-
да) ойнатып, оқушылардың білімін ұштау керек.
2) Құрамды интервалдарды музыкалық шығармалардан
іздетіп, олардың қай түрге жататынын анықтау қажет.
Музыкада квинттедецианың (яғни, екі октаваның) диапозоны-
нан да кең интервалдар кездесе береді. Бірақ олардың нақтылы
аттары жоқ. Олардың атаулары өздерінің құрамдарына кіретін
қарапайым интервалдар бойынша, қанша октавадан кейін келуіне
байланысты анықталады. Мысалы: екі октавадан кейінгі үлкен
секста, үш октавадан кейінгі кіші терция, үш октавадан кейінгі
таза кварта, төрт октавадан кейінгі.., т.с.с.
63
Диатоникалық жəне хроматикалық интервалдар
Музыкада барлық интервалдар диатоникалық жəне хромати-
калық интервалдар болып екі түрге бөлінеді.
Диатоникалық интервалдар дегеніміз - диатоникалық дыбыс
қатарының негізгі басқыштарының аралықтарындағы интервал-
дар. Яғни, таза, кіші, үлкен интервалдар жəне үштондық, оның
құрамында хроматикалық өзгеріске ұшыраған дыбыстар бар ма,
жоқ па, бұл жайт оған байланысты болмайды.
Хроматикалық интервалдар дегеніміз – негізгісі болып санал-
майтын, яғни барлық ұлғайтылған жəне азайтылған (үштондықты
есептемегенде), екі есе ұлғайтылған жəне екі есеазайтылған, т.с.с.
диатоникалық дыбыс қатарының өзгеріске ұшырауы арқылы пай-
да болатын процесс, демек жеті басқышты диатоникалық жүйеде
кездеспейтін интервалдар.
Консонанстық жəне диссонанстық интервалдар
Кез келген қос дыбыстылықтың өзінің дыбыстық қасиет-
терінен басқа тек сол интервалдың түріне ғана тəн белгілі бір
акустикалық қасиеттері болады жəне ол дыбысталу сипатына
ықпал ететін музыкалық интервалды туғызады. Дыбысталу си-
паты жағынан гармониялық интервалдар неғұрлым айшықты да
айқын көрініп, музыкалық құбылыс ретінде консонанстар жəне
диссонанстар болып екі түрге бөлінеді.
Консонанстық интервалдар деп дыбыстардың бір-бірімен
үйлесімді қосылып, құлаққа жағымды естілуін айтамыз. Ал
акус
тикалық жағынан алғанда ол екі интервалдың арақатысы,
дыбыстардың шығу тазалығы, тұрақты үн шығаратын, дыбыс
шешілуін іздемейтін интервал.
Диссонанстық интервалдар деп дыбыс үндестіктері бір -біріне
қарама-қайшы келетін, құлаққа жағымсыз естілетін, яғни дыбыс-
тары өзара үндеспейтін, бір-біріне қосылмайтын интервалдарды
айтамыз. Диссонанстық интервалдар өздерінің акустикалық сипат-
тары жағынан тұрақты бола алмайды, сондықтан да консонансқа
ауысуға, үндестік тұрақты шешіліміздеуге бейім тұрады.
Консонанстық интервалдардың салыстырмалы үш түрі бо-
лады:
1) өте жетілген консонанстар: таза прима жəне таза октава
(т.1,т.8);
64
2) жетілген консонанстар: таза кварта жəне таза квинта(т.4,т.5);
3) жетілмеген консонанстар: кіші терция, үлкен терция, кіші
секста жəне үлкен секста (к.3, ү.3, к.6, ү.6).
Диссонанстық интервалдарға жататындар: кіші секунда
(к.2), үлкен секунда (ү.2), ұлғайтылған кварта (ұл.4), азайтылған
квинта (аз.5), кіші септима (к.7), үлкен септима (ү.7) жəне бас-
қа да ұлғайтылған немесе азайтылған интервалдар. Іс жүз
ін-
де азайтылған интервалдар мен ұлғайтылған интервалдарды
диссонанстық интервалдарға жатқызғанымен, олардың кей
бі-
реулері аккустикалық дыбысталуы жағынан консонанстық интер-
валдар сияқты құлаққа жағымды болып келеді, яғни тондық қасиеті
жағынан (үндеуі жағынан) консананстық интервалдарға жатады.
Құрманғазының төменде берілген «Қызыл қайың (ІІ түрі)»
атты күйінен берілген үзінділерді қарап, интервалдарын анықтап,
аспапта ойнаңыздар:
Интервалдардың тепе-теңдік-энгармонизмдік
мүмкіндіктері
Энгармонизмдік немесе тепе-теңдік интервалдар деп – бірдей
үндестікте естіліп дыбысталатын, бірақ түрліше жазылатын ин-
тервалдарды айтамыз. Олардың дыбыстарды қамту сандары
əртүрлі болып келеді, кейде ішінара біркелкі болуы да мүмкін.
Энгармонизмдік тепе-тең интервалдардың тондық көлемі үнемі
бірдей болады. Олар екі тəсілдің біреуі арқылы жүзеге асады:
65
1) Интервалды құратын дыбыстардың біреуінің энгармо низм-
дік алмасу дəнекерлігі арқылы. Бұл жағдайда интервалдың ды-
быстық көлемі өзгереді, демек оның атауы да өзгереді деген сөз.
Мысалы:
2) Интервалдағы екі дыбыстың да энгармонизмдік алма-
су дəнекерлігі арқылы. Бұл жағдайда интервалдың дыбыстық
көлемі (демек оның атауы да) өзгеріске ұшырауы да, ұшырамауы
да ықтимал. Бірақ оларды құратын дыбыстардың атауы міндетті
түрде өзгереді.
Мысалы:
Сөйтіп, кез келген диатоникалық интервал энгар
монизмдік
тепе-тең диатоникалық немесе хроматикалық интервалға алма-
суы мүмкін. Немесе керісінше, кез келген хроматикалық интер-
вал энгармонизмдік тепе-тең хроматикалық немесе диатоникалық
интервалға алмаса алады.
Энгармонизм құбылысының (интервалға қатысы тұрғысы нан
алғанда) гармония курсында оқылатын оқыс, кенеттік (энгар-
мо
низмдік тондық алмасуларды) модуляцияны жетілдіруде
маңызды орны бар.
Жай-қарапайым интервалдардың айналу тəсілдері
Интервалдың айналуы дегеніміз – құрамындағы дыбыстардың
орын алмасуы нəтижесінде интервалдағы негіздің – шыңға, ал
шыңның – негізге айналуы. Айналу кезінде бастапқымен міндетті
түрде октава құратын жаңа интервал пайда болады. Алайда екі
интервалдың (өзін жəне оны айналушы) сандық көрсеткіші үнемі
9-ға тең болып отырады (8-ге емес), өйткені дара байланысты
интервал дыбыстарының біреуі екі реттен саналады. Себебі ол
5–937
66
бірінші интервалға қалай кірсе, екіншісіне де солай кіреді. Со-
нымен:
прима октаваға айналады (1+8=9)
секунда септимаға айналады (2+7=9)
терция секстаға айналады (3+6=9)
кварта квинтаға айналады (4+5=9)
квинта квартаға айналады (5+4=9)
секста терцияға айналады (6+3=9)
септима терцияға айналады (7+2=9)
октава примаға айналады (8+1=9)
Келтірілген кестеде көрсетілгендей, шағын, тар интервалдар
(примадан квартаға дейін) кең интервалдарға айналады (квинта-
дан октаваға дейін) жəне керісінше: кең интервалдар шағын, тар
интервалдарға айналады.
Жай интервалдардың айналым процесі мынадай түсінікке
жетелейді: берілген интервал дыбыстарының біреуін – өзінің
тұрған орнынан қарама-қарсы жаққа қарай октаваға көшіріп ал-
мастырды (негізінен жоғарыға қарай немесе шыңынан төменге
қарай), ал бір дыбысы бұл жағдайда орнында қалады. Соның
нəтижесінде интервалдың құрамындағы дыбыстардың атқаратын
қызметінің рөлдері ауысып, жаңа интервал пайда болады.
Сөйтіп, негізі – шыңына, ал шыңы – негізіне айналады. Егер
октаваға ауысқан дыбыстың альтерациясы болса, онда ол өзінің
альтерациялық белгісін сақтайды:
Тондық көлемі арқылы анықталатын интервалдың түріне
келетін болсақ, айналым кезінде барлық интервалдар (таза
түрлерін есептемегенде) қарама-қарсы түрлерге айналады, яғни
үлкен интервалдар – кішіге, ұлғайтылғандары – азайтылғандарға
немесе, керісінше, кішілері – үлкендерге; азайтылғандары – ұл-
ғай тылғандарға. Тек таза интервалдар – таза интервалдарға айна-
лады. Бір-біріне айналатын қос интервал тондарының саны үнемі
6 тонға тең, демек таза октаваның тондық көлеміне тең деген сөз.
67
Осындай немесе бұдан басқа интервалдарды сипаттайтын тағы
басқа түрлері айналымда өзгермейді. Осылайша, диатоникалық ин-
тервалдар – диатоникалық интервалдарға айналады; хроматикалық
интервалдар – хроматикалық интервалдарға; консонанстар – кон-
сонанстарға; диссонанстар – диссонанстарға айналады; сондай-ақ
жай интервалдар – жай интервалдарға айналады.
Құрамды интервалдың айналу тəсілдері
Құрамды интервалдардың айналымы төмендегі екі тəсілдің
біреуі арқылы жүзеге асуы ықтимал:
1) Құрамды интервал дыбыстарының біреуін – өзінің тұрған
орнынан қарама-қарсы жаққа қарай екі октаваға көшіріп алмас-
тырады (негізінен жоғарыға қарай, немесе шыңынан төменге
қарай), ал бір дыбысы бұл жағдайда орнында қалады.
2) Құрамды интервалдың екі дыбысын да бір-біріне қарама-
қарсы бір октаваға көшіріп алмастыру керек.
Мысалы:
Екі жағдайда да құрамды интервалдардың айналымы нəти-
жесінде жай интервалдар пайда болады. Екінші тəсіл, əсіресе,
қолайлы саналады, өйткені ноталық станда басы артық қосымша
сызықтардың орын алуына жол берілмейді жəне ноталарды жа-
зып оқуды жеңілдетеді.
Қалған жағдайлар жоғарыдағы жай интервалдардың айна-
лымындағыдай. Алайда, іс жүзінде интервалдардың айналым
тə сіл дері музыка теориясының оқу-жазу грамматикасынан гө-
рі кең де еркін қолданылады. Мысалы, музыкада екі ок
та-
ваның аралығындағы интервалдарға ғана атаулар беріліп, оқы-
тылады. Ал, іс жүзінде екі октавадан кең интервалдар кеңінен
қол данылады. Бірақ олардың нақтылы атаулары жоқ екенін біз
жоғарыда айтқанбыз. Міне, сондықтан жай интервалдар немесе
құрамды интервалдар – екі октавадан кең интервалдармен ай-
налым жасағанда, жоғарыда айтылғандай: екі октавадан кейінгі
68
секунда; үш октавадан кейінгі кварта, төрт октавадан кейінгі сек-
ста... т.с.с. терминдерді қолдануымызға болады.
Тапсырма:
а) Жай интервалдарды жəне құрамды интервалдарды
берілген дыбыстардан жоғары-төмен құру керек (дыбыстарды
оқытушылар белгілейді);
ə) Енді осы құрылған интервалдарға (əрқайсысына өз
тəсілдерін қолданып), жоғары-төмен айналым жасау керек;
б) Жоғарыдағы жазбаша жұмыстарды фортепианода (немесе
басқа аспаптарда) ойнатып, оқушылардың білімдерін пысықтай
түсу шарт;
в) Берілген дыбыстардан ауызша интервалдар құруды үйрету
керек;
г) Ең негізгісі – көркем шығармалардан интервалдарды тауып,
анықтай білу.
69
ІV т а р а у
ЛАД ЖҮЙЕСІ ЖƏНЕ ТОНАЛДЫҚ
ЛАД ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
Əр халықтың көп ғасырлық тəжірибесінде екі-үш немесе
бірнеше дыбыстардан тұратын əртүрлі ырғақты əуендер, саз-
тізбектері қалыптасқан. Бұл əуен-саздарды жасайтын му зыкалық
дыбыстар келе-келе бір-бірімен байланыстарын күшей тіп, негізгі
бір дыбыстың (тониканың) айналасына топтасып, белгілі бір
жүйеге (системаға) айнала бастаған. Осындай бір жүйеге түскен
дыбыстық арақатынастар мен өзара үйлесімділікті музыка тілінде
лад дейміз. «Лад» сөзінің түп-төркіні славян халықтарынан
шыққан. Оның түбірі «ладить», яғни келісімін тауып, жатық айту,
үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне
енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталады. Лад
жүйесін құрайтын дыбыстардың құрылымы мен саны əртүрлі.
Бұл жүйені музыканың қалыптасуындағы ең бір орталық –
негізгі күш деп білу керек. Сондықтан музыканың ладтан тыс да-
муы мүмкін емес. Қандай музыкалық шығарма болмасын, оның
негізінде ладтың белгілі бір түбірі жатады.
Музыка өнері мыңдаған жылдар бойы лад негізінде дамы-
ды. Сонау көне Грецияда дүниеге келіп, танылған ладтар бү-
гінде халықтық жəне профессионалдық музыкада кеңінен пай-
даланылып, дəстүрлі жалғасын тауып отыр. Көптеген шығыс
халықтарының музыка мəдениетіне тəн саз, ладпентатоника деп
аталады. Əрине, көне жəне орта ғасырлық ладтардың классикалық
мажор мен минордан айтарлықтай өзгешеліктері болады. Атап
айтқанда, олардың алуантүрлілігі мажорлық пен минорлықты
нақты сезінуге мүмкіндік бермеді: іс жүзінде ладтың қай басқышы
болмасын, біртіндеп басқаларынан бөліне келе күштірек болып
табылып, өзіне ерекше көңіл аудартты, сөйтіп тұрақтылыққа
ие болды. Мұның нəтижесінде, бір лад екінші ладқа еркін де
елеусіз түрде ауысып кете беретін еді. Ал бұл икемділік əуеннің
ішкі құрылысының келелі бағытта қалыптасып, еркін дамуына
мүмкіндік береді. Мұндай ладты музыка теориясында ауыспалы
лад деп атайды. Бұл – халық музыкасында көп кездесетін лад түрі.
70
Мысалы:
Ладтың жəне оның дыбыстарының өзара функционалдық қа-
рым-қатынасын танып-білу бірте-бірте қалыптаса бастады. Жай
ға
на ескі əуендердің кейбір дыбыстарын түсініп қабылдауда
(тұрақты, тұрақсыз) біздіңше олардың өлшемдік (метрикалық) ор-
наласуы да үлкен рөл атқарады: күшті екпіндерге келетін дыбыс-
тар тұрақты қабылданылған. Сондай
-ақ, тұрақтылықты қандай
да бір əуенді аяқтаушы дыбыстар да білдіретін. Өте көне халық
əуендері екі-үш қана дыбыстардан тұрады. Кейіннен, əуен дыбыс-
тары құрамының бірте-бірте көбейе түсуі төрт, бес, алты, тіпті
жеті дыбысты ладтан тұратын əуеннің қалыптасуына мүмкіндік
ту
ғызды. Ұзақ дамудың нəтижесінде пайда болған еуропалық
дыбыстық музыка жүйесі бүкіл əлемге таралған. Ол хроматикалық
дыбыс қатары деп аталатын, биіктігі жағынан əртүрлі болып кел-
ген 12 дыбысты қамтиды. Бірақ бұл дыбыстардың тек жетеуі
ғана негізгі (диатоникалық) дыбыстар болып саналады жəне тек
солардың ғана жеке-жеке өз атаулары бар:
до-ре-ми-фа-соль-ля-си.
Бұлар өзара тек дыбыс биіктігі жағынан ғана бөлектеніп қой-
майды, сонымен бірге обертондық
1
дыбыстық қатар негізінен де
ерекшеленіп, өзара дəлме-дəл акустикалық қатынаста бола ды. Ал -
айда, нақты бір дыбыс биіктігінің арақатынасын дəл ор нық тыратын
бұл акустикалық, еуропалық он екі дыбысты музыка жүйе
сін
қандай да бір нақты ладтық жүйемен шатастыруға болмайды.
Ладтық жүйе жағдайында əуен дыбыстарының арасын-
да нақты функционалдық байланыстар байқалады. Бұл кейбір
лад дыбыстарына (басқыштарына) тəн сияқты, құлаққа айқын
сезілетін жəне қайсыбір дыбыстардың тұрақты, тұрақсыздығын
білдіретін байланыс.
|