Жергілікті жерде горизонтальдық бұрышты өлшеуде бұрышты үш нүктемен бекітеді (сурет 1) А нүктесі – бұрыштың шыңы, В және С нүктелері бұрыштың екі бағытын бекітеді (фиксациялайды). Геодезияда өлшеулерді горизонтальдық жазықтықта өңдейді, сондықтан ВАС бұрышын жазықтыққа проектілейді. Өлшенетін бұрыш – β, сурет бойынша бұрыш өлшейтін шеңберде с және b айырмашылығы бойынша анықталады. 38. Жергілікті жердің ситуациясын түсіру тәсілдері.
Жер бетінің планы ұшақтан түсірілген фотосуретке негізделіп жасалады. Осымен қатар шағын жердің планын тікелей жер бетінде өлшеулер арқылы да жасауға болады. Дайындық жұмыстары. Планға түсірумен айналысу үшін бастауыш сыныпта пайдаланған құралдар жеткілікті. Үлкендігі 40×30 см аржа тақтайға (планшетке) тығыз ақ қағаз жапсырылады. Оның сол жақтағы жоғарғы бұрышына сүргішпен «С» әрпін жоғары қаратып компас бекітіледі. Қағаздың сол шетіне солтүстік-оңтүстік бағытын көрсететін бағдарша, төменгі жағынан сызық масштаб сызылады. Оны алынған сандық масштабқа сәйкес белгілеп жазып қою керек. Кез келген нүктеде жер бетін түсіру жұмыстарын атқарарда алдымен планшет компас бойынша бағдарланады. Ол үшін магнит тілінің бағытын қағазға сызылған бағдаршаның бағытына сәйкес келгенге дейін бұру керек. Енді планшет түсіру жұмыстарына дайын. Планға түсіретін жердің мөлшеріне қарай әр түрлі әдістер қолданылады. Олардың неғұрлым оңай деп саналатын кейбіреуіне тоқталайық. 1) Айнала нысаналау әдісі 2) Көлденең сызықтар әдісі 3) Айналып шығу әдісі. 39. Теодолиттік түсіріс жұмастыры нәтижелерін камеральдық өңдеу.
Теодолит түсірісінің өлшеу нәтижелерін өңдеу клесі істен тұрады:1) Өлшенген бұрыштарды үйлестіру және қабырғалардың дирекциялық бұрыштары мен румбыларын есептеу.2) Координаталар өсімдерін есептеу және оларды үйлестіру.3) Теодолит жүрісінің төбелерінің координаталарын есептеу.4) Теодолит түсірісі жасалған жердің планын салу. Теодолит жүрісінің кез – келген горизонталь бұрышын өлшегенде кездейсоқ қателер кездеседі, сондықтан жүрістің бұрыштық қатесі өлшенген бұрыштардың қосындысы мен теориялық қосындысының айырымы айырымы арқылы анықталады.
40. ҚР мемлекеттік геодезиялық қызметінің тарихы, құрылымы, заңнамалық базасы.