Геодезиядақолданылатын өлшем бірліктері Геодезияда әртүрлі шамалар өлшенеді (шамада физикалық дененің, құбылыстың немесе процестің сандық сипаттамасы түсініледі). Өлшеулер дегеніміз – кез келген шаманы бірлік ретінде қабылданған басқа біртекті шамамен салыстыру процесі. Шаманы өлшеу дегеніміз - қабылданған өлшем бірліктерінде (метр, шаршы метр, градус және т.б.) оның сандық мәнін анықтау. -арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық кашыктык өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т.б; -бұрыштарды өлшеуге арналған теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б; -вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар, барометр-анероид, т.б. жатады. Геодезиялык жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарга жазылады да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (арбис) деп атайды. 34 Топографиялық карта мен планның негізгі қасиеттері
Жергілікті жердің шағын аумағындағы табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық нысандардың орналасу ерекшеліктері мен негізгі қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретін ірі жəне орта мас штабты жалпы географиялық карталар топографиялық кар та лар деп аталады.
Топографиялық карталарда үлкен аумақ ірі масштабты көп бетті карталарда кескінделеді. Картаның əр беті шағын аумақты қамтитындықтан жер элипсоиды бұрмаланбай немесе шамалы ғана ауытқып түсіріледі. Картографиялық жинақтау жеке нысан дардың бұрмалануынан сақтайды. Масштабы кішірейген сайын картада қамтылған нысандар кескінінің дəлдігі кеми бас тай ды. Топографиялық карта мазмұнының негізгі құрамдас бөліктеріне жер бедері, өсімдіктер жамылғысы, су торлары сияқты табиғи нысандар; өндіріс орындары, елдімекендер, қатынас жолдары, электр жəне байланыс желілері тəрізді