17-Билет 1. Биоинформатика пәніне сипаттама 2. Веб-браузерде https://www.ncbi.nlm.nih.gov/search/ сілтемесімен жұмыс жасау жолдарына тоқтал 3.Гендер экспрессиясын талдау
1. Биоинформатика пәніне сипаттама Биоинформатика - бұл жас ғылым. Оның пәндік аймағы, оның мақсаттары мен объектілері үнемі дамуда. Сондықтан, бүгінгі күні биоинформатиканың жалпыға бірдей қабылданған анықтамасы жоқ. Төменде осы анықтамалардың кейбіреулері келтірілген. Биоинформатика - бұл жаратылыстану саласындағы ақпараттық мәселелерді шешу үшін компьютерді қолдану технологиясы; ол негізінен геном мен ақуыз тізбегінің кең электронды базасын құрумен айналысады. Екіншіден, биоинформатика әртүрлі техниканы дамытады, мысалы, биомолекулалар мен биологиялық жүйелерді кеңістіктік модельдеу. •Биоинформатика - бұл биологиялық ақпараттың барлық түрлерін, соның ішінде гендер мен олардың өнімдерін, тұтас организмдерді, тіпті экологиялық жүйелерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі. •Биоинформатика - бұл биологиялық, биохимиялық және биофизикалық деректерді талдауға арналған математикалық, статистикалық және есептеу әдістерін біріктіру. Бұған биологиялық мәліметтерді сақтау, алу және талдау әдістерін, мысалы, нуклеин қышқылы мен ақуыз тізбегін, сондай-ақ құрылымдарды, функцияларды, метаболизм жолдарын және гендердің өзара әрекеттесу моделін жасау кіреді. •Биоинформатика - бұл информатиканың биологиялық ақпаратты сақтауға және талдауға және деректерді басқаруға жауапты бөлімі. Биоинформатика - бұл барлық биологиялық зерттеулерге негізделген іргелі инфрақұрылым.
2. Веб-браузерде https://www.ncbi.nlm.nih.gov/search/ сілтемесімен жұмыс жасау жолдарына тоқтал GenBank мәліметтер базасы US National Centre for Biotechnological Information (NCBI) (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/ ) қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Бұл вебсервер оларды басқа мәліметтер базаларымен және ресурстарымен, соның ішінде Ұлттық медицина кітапханасымен (National Library of Medicinе) байланыстырады. Бұл сервер кәсіби түрде жасалынғандықтан ондағы қызмет көрсету де кәсіби түрде жүргізіледі. Сервердегі барлық мәліметтер толықтай тегін. Бұл ғаламтордағы биоинформатика туралы мәліметтерді іздеуді бастау үшін ең жақсы орын. а) Веб-браузерде https://www.ncbi.nlm.nih.gov/search/ сілтемесін ашыңыз. Сілтеме арқылы тек бір бөлімді қолданатындығымызға қарамастан, сервердің қандай кең ауқымды екенін түсіну қиын емес және оның бастапқы бетімен танысу үшін бірнеше минут қажет болады. б) Жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы сіз Entrez парағына өтесіз. Бұл бетте сіз бір уақытта бірнеше мәліметтер базасын іздей аласыз. Тексеріп көру үшін біз энергия өндіруде маңызды рөл атқаратын isocitrate dehydrogenase ферментіне іздейміз. Біз ішек бактериясында аталған ақуызды кодтайтын генді іздейтін боламыз. Содан соң бактериялардың ақуызын және соған сәйкес сүтқоректілердің ақуызын салыстырамыз. с) Іздеу өрісіне isocitrate dehydrogenase деп теріп, Go пернесін басыңыз. Нәтижесінде бірнеше мәліметтер базасындағы жазбалар шығады. Бізді Nucleotide (DNA и RNA), Genome (ағзалардың бүтін хромосомалары) және Structure (үш өлшемді ақуыз құрылымдары) дерекқорларындағы мәліметтер қызықтырады.