11. Мүктәрізділер бөлімінің ерекшелігі, құрылысы, көбеюі, классификациясы


Аскомицеттер класына және өкіліне сипаттама



бет10/10
Дата14.09.2023
өлшемі49,79 Kb.
#107584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
20. Аскомицеттер класына және өкіліне сипаттама.
Аскомицеттер саңырауқұлақтардың ішіндегі ірі кластың бірі, бұған құрылысы және тіршілік етуі жағынан алуан түрлі болып келетін 25 мыңдай түр жатады. Бұлардың басты ерекшелігі – көп жасушалы (клеткалы) мицелийінің және жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталардың (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге кондиялар арқылы жыныссыз көбею де көп тараған. Мұнда конидия споралары экзогенді жағдайда конидия сағағының үстінде түзіледі. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі тәсілі болып есептеледі. Оның себебі жынысты қалта құру процессі даму циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады.
Жыныс процесі әр түрлі топтарда, тіпті бір топтың өз ішінде де әр түрлі жағдайда өтеді. Қарапайым қалталы саңырауқұлақтарда жыныс процесі зигомицеттерге ұқсас болады. Мұнда мицелийдің екі жасушасы (клеткасы) қосылады. Сөйтіп ядролары бірігіп зигота түзіледі. Ол зигомицеттердегідей тыныштық дәуіріне көшпей-ақ қосылған ядро редукциялы жолмен 3 рет бөлініп, гаплоидты 8 ядро түзеді. Ядроның айналасында протоплазмалардың бір бөлімі қатайып спора қабығына, ал зигота қабығы қалтаға айналады. Сөйтіп, гаплоидты ядродан қалталы 8 аскоспора түзіледі. Бұл жағдайда зиготадан бір ғана қалта дамиды. Көпшілік күрделі құрылысты аскомицеттерде қалталар жемісті денелерде топталып орналасады және зиготадан көптеген қалталар түзіледі. Мұнда гаметаларға бөлінбеген екі жыныс мүшелердіңжасуша (клетка) ішіндегі заттары бір-біріне құйылады. Бұл процеспен толық танысу үшін пиронеманы (Pyronema omphalodes) алуға болады. Пиронема мицелийінде топталып келген көптеген жыныс органдары болады. Әрбір топ бір-біріне тақалған аталық және аналық жыныс мүшелері тұрады. Аналық жыныс мүше – архегонииекі жасушадан (клеткадан) құралады. Оның төменгі кеңейген шар тәрізді бөлімін – аскоген, жоғары цилиндр сияқтысын – трихоген дейді.
Аталық жыныс мүшесі – антеридий цилиндр тәрізді жасушадан (клеткадан) тұрады. Ол аналық жыныс мүшелеріне тақап өседі. Барлығының жасушалары (клеткалары) көп ядролы, бірақ гаметалары бөлінбеген. Антеридий трихогина ұшы арқылы өзінің клетка ішіндегі затын аскогенге құяды. Аталық және аналық жыныс органдарының ядролары жұп-жұбымен бір-біріне жақындасады, бірақ қосылмайды, сөйтіп дикариондар түзіледі. Олар синхронды бөліну арқылы көбейеді. Аскогеннен жан-жаққа тарамдалған гифалар өседі. Дикарионды ядролар аскогендік гифаларға өтеді де бір-бірімен қосылып диплоидты ядро түзеді. Ол редукциялы жолмен бөлініп 8 аскоспораға айналады, ал аскогендік гифалардан қалталар түзіледі. Сонымен ұрықтанған бір аскогеннен көптеген қалталар құрылады. Аскомицеттерде даму циклында гаплоидты кезең басым болады, ұзақ гаплоидты кезең мен диплоидты зиготаның арасында уақытша дикарионды кезең болады.
Аскомицеттердің жемісті денесі мицелийдің үстінде немесе строма деп аталатын тығыздалып өрімделген гифалардың ішінде дамиды. Оларды жеміс денесінің құрылысына қарай 3-ке бөледі.
Клейстотокарпий немесе клейстотеции – тұйықталған жемісті дене, оның ішінде қалта ретсіз орналасады. Қалта жемісті дененің қабығы жыртылуы арқылы сыртқа босап шығады.
Перитеций – құмыра тәрізді жоғары жағында тар тесігі бар жартылай тұйықталған жемісті дене. Қалта шоқтанып жеміс денесінің түбіне орналасады.
Апотеций– ашық жемісті дене, көбінесе табақша тәрізді. Қалта оның үстінде, гимений деп аталатын қабатта жеміссіз жіпше парафиздермен кезектесіп орналасады.
Аскомицеттер вегетативті түрде бүршіктену (почкование) арқылы көбейеді. (Ашытқы саңырауқұлақтар). Аскомицеттердің көбі өсімдік қалдықтарында, топырақта, тағамдарда сапрофитті тіршілік етеді.
Аскомицеттерді жеміс денелерінің болуына және құрылысына қарай 3 класс тармағына бөледі.
1) Жалаңаш қалталылар немесе гемиаскомицеттер (Hemiascomycetidae);
2) Нағыз қалталылар немесе эуаскомицеттер (Euoscomycetidae)
3) Локулоаскомицеттер (Loculoascomycetidae)
Жалаңашқалталылар класс тармағына қалталары жеміс денесісіз құрылатын өкілдері жатады. Жеміс денесі жоқ және аскогенді гифасы да жоқ. Бұл класс тармағы 2 қатарға бөлінеді.
1 – Алғашқы қалталылар қатары (Protascales). Бұл қатардың ішінде ең көп және үлкен практикалық маңызы бар өкілі – ол ашытқы саңырауқұлағы (Sacchozomyces). Мұның мицелийі жоқ, дөңгелек, сопақ, таяқша және басқа пішінді бір жасушалы (клеткалы) саңырауқұлақтар. Жасушасы (клеткасы) қабықшадан, протоплазмадан, ядродан, ядрошықтан, ірі вакуольядан тұрады. Жасушасы (клеткасы) бүршіктену, кейбір түрлерінде жай екіге бөліну арқылы көбейеді. Кейбір уақытша пайда болған жасушалалар (клеткалар) үзіліп түсуге үлгере алмай, тізбектеліп тұрады. Қоректік заттар жетіспеген жағдайда және оттегі көп болса, жынысты көбейе бастайды.
Ашытқы саңырауқұлағы қантты ортада спиртті ашу процесін туғызады. Соның нәтижесінде қант этил спиртіне және СО2 ыдырайды. С6Н12О6 → 2С2Н5ОН+2СО2.
Спирттік ашу анаэробты ортада түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді де, бұл кезде одан энергия бөлініп шығады, оны ашытқы саңырауқұлағы өзінің тіршілік процесіне пайдаланады. Олардың ішінде ең маңыздысы – сыра дайындауда, нан пісіруде қолданылатын сыра немесе нан (Sacchazamyces cerevisiae) және шарап ашытқылары (S.vini) кездеседі.

Жеміс қалталылар эуаскомицеттер класс тармағы


Бұл класс тармағына жыныс процесі мен жемісті денелері пішіні әр түрлі және мицелийлерінің құрылысында айырмашылығы бар көпшілік аскомицеттер жатады. Бұл класс тармағының басты ерекшелігі қалталары жемісті денелерінің ішінде не ашық бетінде дамиды. Жыныс процессінің қандай түрлері болмасын, барлық жағдайларда аспогендік гифалар дикариондар түзеді және қалтада карногамия процесі жүреді.
Аскомицеттердің кейбір систематикалық топтарында және көптеген басқа түрлерінде сперматизациялық деп аталатын ерекше жынысты көбею процессі байқалады. Бұл процесте аскоген конидия сияқты, ұсақ споралар мен (спермациялар) ұрықтанады. Оны трихогинияға ауа немесе насекомдар әкеледі. Спермацияның ішіндегі заты трихогина арқылы аскогонға өтеді. Әрі қарай даму қалыпты жағдайдағыдай аскоген гифаларының түзілуі мен қалталарда карногамия процессінің жүруі арқылы болады.
Бұл класс тармағы жеміс денесінің құрылысына қарай бірнеше қатарға бөлінеді. Плектаскалылар (Plectascales) немесе Аспергилалылар (Aspergilloles) қатары. Бұлардың жемісті денесі – тұйықталған дөңгелек пішінді клейстотеций. Аскоспоралар жемісті дененің ішінде жатады, қабығы шіріген соң аскоспоралар босайды. Бұл қатарға жататын саңырауқұлақтар 6-7 тұқымдасқа бөлінеді. Олардың ішінде аспергилл тұқымдасының маңызы ерекше. Бұл тұқымдасқа сапрофитті тіршілік етіп, топырақта және әр түрлі тағамдарда көп кездесетін зең (плесневые) саңырауқұлақтары жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет