12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Блоктарды жиыстыру-тігу машинасының сұлбасы



бет129/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Блоктарды жиыстыру-тігу машинасының сұлбасы
1) қозғалмайтын ершік; 2) шынжырлы транспортер;
3) транспортерд дәптерлерді жылжыту; 4) тігін машинасы; 5) қабылдау үстелі.

Қол еңбегінің үлес салмағының көптігіне байланысты мұндай желінің өнімділігі аз және сағатына 4000 данадан артпайды.


Автоматты салу-тігу машинасының (агрегатының) тиімділігі бұдан әлдеқайда артық, өйткені жұмыс жылдамдығы өте жоғары. Мұндай желілер автоматты салу-тігу машинасынан тұрады, ол кағаз бергіштермен, автоматты кесу машинасымен, қабылдау құрылғысынан және әртүрлі тежегіш және бақылау құрылғыларынан тұрады. Мұндай желілердің өнімділіктері сағатына 12-13 мың дана, ондай желілерді Швейцария (Мюллер-Мартини), Жапония (Осака) және Германия (Гейдельберг) фирмалары жеткізіп береді.
«Гейдельберг» фирмасының қамқорлығымен бұрын «Шталь» фирмасы шығарып келген 81 100, 81 200, 81 250 және 81 300 салу-тігу-кесу ағынды желілері шығарылуда. «Гейдельберг» фирмасының бұл салу-тігу-кесу агрегаттары мықты ағын принципі бойынша құрастырылған және бірнеше модульден тұрады. Әрбір модуль (технологиялық машинаның) ерекше, тәуелсіз технологиялық қызметі, ортақ энергетикалық жабдықтауы және бірыңғай транспорттық байланысы бар. Ағынды салу- тігу-кесу агрегаттарының әртүрлі модификациялары орнатылған. Ағынға мынандай модульдер енеді (орындайтын операцияларының технологиялық кезектілігі бойынша аталып отыр): бүктелінген дәптерлерді бергіш-ашқыштар, бүктелінген қаптаманы бергіш, іріктелінген жинақтаманы бекітетін құрылғы, жинақтаманы үш жағынан кесетін машиналар, шығарушы құрылғы.
Іріктеумен жинақталған басылымдарды шығаруды түбінен тігілген кітапшалар жинақтап-тігу автоматтарында өңделеді. Іріктеумен жинақталған басылымдарды шығарушы автоматты кітапшалау желілерінде тек блоктарды блоктар бойынша желіммен немесе сирегірек аралас бекіту пайдаланылады. Блоктарды желіммен бекітуді пайдаланатын, дәптерлердің түбір бүгілімдерін кесуді және түбірді «сулық» желіммен, мысалы ПВАД (поливинилацетаттық дисперсияны) қолданатын автоматтық желілердің көпшілігінде «Ротор Биндер» (Швейцария), ал жылу желімін қолданатындарда - «Джет-Бендер» (Швейцария» пайдаланылады. ПВАД-қа қарағанда жылу желімін қолдану жабдықтар мен технологиялық процесті жеңілдетіп, процестің еңбек сыйымдылығын едәуір төмендетеді. Бірақ ПВАД-мен желімделінген блоктардың беріктігі мен шыдамдылығы жылу желіміне қарағанда әлдеқайда жоғары.
Тыстамалы басылымдарды көпсериямен шығарғанда мына төмендегі операцияларды орындайтын көп функциялы агрегаттар пайдаланады:
- блоктарды итеру;
- түпті терең оймалау;
- артық оймалау;
- түпті қағаз шаңынан тазарту;
- түпті алдын-ала желімдеу;
- аз уақыт кептіру;
- түпті екінші мәрте желімдеу;
- блокты қаптамамен жабындау.
Түп аумағын аз ғана уақыт жоғарғы сапалы қыздыру, басылымның жартылай даяр суыту және ақырына дейін кептіру оларды қосарларынан ажырататын және үш жақты кесуге жіберетін ұзын транспортерде орындалады.
Кітап-журнал өнімдерін шығаруда ең прогрессивтік және болашағы зор техника - автоматты басу-кітапшалау желілері қолданылады.
Басу-кітапшалау желісі - бұл әрбір жұмыс циклі ішінде басылымның барлық беттерін басуды және барлық кітапшалау операцияларын орындайтын желідегі технологиялық процесс.
Іріктеумен жинақталатын басылымдардың басу-кітапшалау желілері автоматты кітапшалау желісімен қосақталынған, блоктарды желіммен бекітуді пайдаланушы арнайы рулондық басу машинасынан тұрады. Бұл желілер автоматтық режимде басу, дәптерлерді жинақтау, блоктарды жинақтау және оларды желіммен бекіту, тыстамамен жабу, кітапты үш жағынан кесу және оларды бумаларға қалыптастыру операцияларын орындайды. Өнімді орамдау үшін желіге қосымша жабдықтар қосады.
Автоматтық ағынды желілерінің жеке операциялар бойынша жұмыс істейтін машиналардан құралған желілерге қарағанда бірсыпыра артықшылықтары бар: өндіріс циклінің ұзақтығы мен өнімді өңдеу уақыты қысқарады, жұмысшылардың еңбек өнімділігі артады, олардың саны қысқарады, қажетті өнідіріс алаңы азаяды, ауыр дене еңбегін қажет ететін және бірізді операциялар жойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет