12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет128/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Басылымдарды үш пышақты кесу машинасында кесу сұлбасы

Кесілуші өнімнің өлшемін өзгерткенде пышақтарды тиісінше реттейді. 1-2 мың буманы кескеннен кейін пышақтар мұқалады да (қағаздың түріне байланысты), оларды қайтарылған пышақтармен ауыстырады.


Кесілген басылымдар даяр басылымдардың көлемдерінің қажетті дәлдіктерін реттестіруші белгіленген техникалық талаптарды қанағаттандырулары, яғни тік бұрышты, таза кесілулері керек.
Даяр басылымдарды орамдау алдында онда бақылау жүргізеді -олардың белгілі бір әдебиет түріне бекітілген механикалық талаптарға сәйкестелігін анықтайды.
Бірақ мүмкін болатын барлық ақауларды жеделдетіп жеке-жеке даналары бойынша тексеріп шыққанда байқау мүмкін емес. Сол себепті, технологиялық процестерді, материалдар мен жартылай даяр өнімдердің сапасын басылым қалыптарын даярлаудан бастап өнімді шығарудың әртүрлі сатыларында бақылаудың маңызы ерекше.
Даяр басылымдарды орамдау оларды кітап саудасы және басқа да ұйымдарға тасымалдау кездерінде бүлінуден сақтау үшін қажет. Басылымның не нәрсеге арналғандығы мен полиграфиялық кәсіпорынның техникалық жабдықталуының деңгейіне байланысты орамдауды қолмен, станоктарды пайдаланып немесе орамдау және байлау машиналарымен орындайды. Басылымдардың көпшілігін нақтылы таралымның барлық бумаларындағы кітап даналарының сандарын бірдей етіп орындайды. Жинақталынған буманы орамдау қағазына орап, жабысқақ таспамен желімдейді немесе жіппен, полимер таспамен матап байлайды. Бумаларды қағазға орау және матап-байлау үшін автоматтандырылу дәрежелері әртүрлі бір операциялық агрегатталынған машиналарды пайдалану басталады. Оларды ағымды кітапшалау желілерінде пайдаланады, әрбір бумаға тапсырыс жөнінде негізгі мәліметтер, автордың аты-жөні мен басылымның атауы, таралымы бумадағы басылым даналарының саны т.б. басылған жапсырма қағаздар желімделеді.


14.5. Жұқа қаптамалардағы басылымдарды автоматтандырылған желіде шығару

Жұқа қаптамалардағы басылымдарды даярлау технологиясында механикаландыру мен автоматтандыру дәрежелері әртүрлі және құрал-жабдықтар мен өндірісті ұйымдастырудың түрліше пішіндері қолданылады. Көп мөлшерде шығарылып жатқан көпшілік полиграфиялық өнімдердің едәуір мөлшерін жұқа қаптамалардағы басылымдар құрайды.


Оларды даярлау технологиясында өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі пішіндері, құрылысы, механикаландыру мен автоматтандыру дәрежесінде түрліше жабдықтар пайдаланылады. Таралымы шағын басылымдарды шығарушы кәсіпорындар әдетте әрқайсысы белгілі бір жұмысты орындайтын сандары көп дербес машиналардан тұратын жеке операциялық жабдықтарды қолданады. Материалды өңдеуге және бір машинадан екіншісіне беру қолмен істелінеді.
Көп таралымды өнімді шығарғанда өндірісті ұйымдастырудың ең прогрессивтік түрін – жұмыстар мен процестерді барынша механизацияландырылған және автоматтандырылған ағынды желілер қолданылады.
Кез-келген ағынды өндіріс, оның ішінде кітапшалау - түптеу де, ең алдымен, процестің алдында үзілмейтіндігімен сипатталады, онда барлық жұмыстардың орындалуларының қатаң бірізділігі сақталынып, олардың араларындағы үзілістер барынша қысқартылады немесе толық жойылады.
Ағынды ұйымдастырғанда мынандай непзгі шарттар сақталынуы тиіс:
- барлық құрал-жабдықтар (немесе жұмыс орындары) жеке жұмыстардың орындалу кезектілігіне қарай, қатаң тәртіппен орналасып, ағынды желілер құраулары тиіс;
- бүкіл технологиялық процесс жеке жұмыстарға бөлінеді де, олардың әрқайсысы белгілі құрал-жабдыққа немесе жұмыс орнына технологиялық процестің жүру барысында бекітіледі;
- жартылай даяр өнімдер бір операциядан екіншісіне алдындағы операция біткеннен соң, кідірмей беріліп отырылады. Бұл үшін, әр түрлі транспорттық байланыстар қолданылады;
- ағынды желіге біріктіріліген құрал-жабдықтар өзара сәйкестене қимылдаулары, яғни бірдей өнімділікке реттестірілген болулары керек.
Алдындағы машинадан жартылай даяр өнімдердің түспей қалуына байланысты, кез-келген машинаның жұмысындағы кідіріс өндіріс процесінің қалыпты ырғағының бұзылуына әкеліп соғады. Сол себепті, ағынды желінің қалыпты жұмыс істеуі үшін операция аралық қор жасау қажет. Рас, мұны тек жартылай даяр өнімдерді қолмен жүктемелейтін қарапайым желілерге ғана қолдануға болады.
Механикаландырылу мен автоматтандырылу пішініне қарай, ағынды желілер үш түрлі болады:
- қарапайым (қол еңбегі көбірек қолданылатын), мұнда технологиялық операциялар қолмен орындалады және жартылай даяр өнімдер де бір жерден екіншісіне қолмен тасылады;
- механикаландырылған және кешенді-механикаландырылған, барлық негізгі технологиялық операциялар арнайы механизмдер мен машиналардың көмегімен орындалатын, ал жартылай даяр өнімдер транспортерлермен немесе басқа транспорт құралдарымен беріледі.
Автоматтық желілер өзара транспорттық байланыстармен жалғастырылған, технологиялық процестердің бүкіл операцияларын автоматты түрде (адамның қатысуынсыз) берілген бағдарлама бойынша орындайтын машина-автоматтардан құралады. Желіні белгілі бағдарламаға реттеу, оның жұмысын бақылау ауық-ауық бастапқы материалмен жүктеу және даяр өнімді түсіруді жұмысшылар орындайды. Мұндай желілер ең тиімді болып табылады және көптеген баспаханаларда қолданыс табуда. Бұл желілердің техникалық жетілдірілулерінің деңгейі даяр өнімнің сапасын бакылайтын автоматтық құрал-жабдықтармен жабдықталу дәрежесімен анықталынады. Автоматтық ағынды желілері бірнеше операциялар топтарын орындайтын құрылғыларды біріктірулері мүмкін, оларды агрегаттар деп атайды. Мысалы, салу-тігу-кесу агрегаттары.
Ағында желілер жинақтап салу тәсілімен жинақталынған шағын көлемді басылымдарды шығаруға қолайлы. Мұндай желілер кітапшалар, дәптерлер, буклеттерді, блоктарыньің қалыңдықтары 7 мм дейінгі, яғни көлемі 80 бетке дейінгі басылымдарды шығаруда қолданылады. Мұндай желілерде шағын, орташа және үлкен таралыммен ересек оқырмандарға арналған мәтіндік басылымдар, оқушылар үшін басылымдар, журналдар шығарылады. Шағын таралымды шығару үшін қарапайым механикаландырылған желі үш операцияны - блокты жинақтайды, блоктарды сыммен тігу және оны үш жағынан кесуді бір ағынға біріктіреді. Ол екі - жартылай автомат салу-тігу және кесу машиналарынан тұрады. Салу-тігу машинасы екі блоктан: жинақтаушы және сыммен тігушіден тұрады.
Салу-тігу машинасының жұмыс істеп тұрған кезінде дәптерлер мен қаптаманы ашылған күйінде қолмен шынжырлы транспортердің ұзына бойына орналастырылған қозғалмайтын ершіктеріне салады. Бірінші ершікке - ішкі дәптерді, соңғысына - қаптаманы. Транспортер қозғалған сайын оған бекітілген бергіштер дәптерлер мен қаптаманы ершіктерден алып, басылымды жинақтайды.
Жинақталынып, теңестірілген бұйым тігін машинасына (4) қарай жылжиды, мұнда ол екі кысқышпен тігіліп, қабылдау үстеліне (5) шығарылады. Үстелді жұмысшы жасайды да, оны үш жағынан кесу үшін машинаға бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет