12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет21/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   183
Екінші нұсқа - кітап бетінің жиектері – ғылыми, өндірістік басылымдарға, оқулықтар, әдеби-көркем шығармаларға арналған.
Үшінші нұсқа - терім жолдарының көлемі кіші, жиектері үлкен; ол көлемді шығармалар жинақтары, монографиялар, ерекше көркем-суретті басылымдар, көркем-өнер әдебиеттері, балалар үшін және ұзақ мерзімге пайдалану үшін шығарылымдарына арналған.
Редакция бөлімі баспаға келіп түскен түпнұсқалардың мазмұнын, құндылығын, сапасын анықтағаннан кейін, көркемдеу, безендіру бөлімі өз ұсыныстарын айтады. Содан кейін, қолжазба өндіріс бөліміне келіп түседі. Бұл бөлімде болашақ шығармаға, автордың аты-жөнінен басқа, жасап шығаруға қажетті материалдардың сипаттамасы және шығу мерзімі көрсетілген құжат толтырылып, баспаханалармен келісім-шарт жасалады.
Көптеген баспалар терімді өздері іске асырады және қазіргі кезде, көбінесе, түпнұсқалар баспаханаға дискеттерге және лазерлік дискілерге баспа ерекшеліктерімен бірге жазылып әкелінеді. Электрондық түрдегі мәтіндік түпнұсқа грамматикалық және стилистикалық қателерсіз терілулері керек.
Басылымды жеке компьютерлерді қолданып әзірлеудің технологиялық процесінен тбұрын мәтіндік және графикалық файлдар қалыптастырылады. Мәтіндік файлдарды арнайы бағдарламалар — мәтіндік редакторлар көмегімен даярлау тиімді.
Мұндайда, әдетте, іске асырылатын шаралар мыналар:
- ақпаратты әдеттегі алты мағыналық кодта енгізу;
- бейнелі дисплейде байқалған кателерді алғашқы түзету;
- бағдарламаларды пайдаланып, орфографияны автоматты тексеру,
- пішімдеу, яғни принтерлерге енгізуді даярлау (егер, үлгі бойынша дайындау мен беттеу жүйелері одан әрі пайдаланбайтын болса);
- принтерге, фототерім құрылғысына, ризографқа немесе файлға басуға енгізу.
Графикалық редакторларда жұмыс істегенде графикалық ақпаратты енгізуден басқа бейнелеу қалыбын редакциялау, масштабтау және шығару шаралары орындалады (егер, үлгі бойынша дайындау мен беттеу жүйелері одан әрі қарай пайдаланылмайтын болса).
Үлгі бойынша және беттеу жүйелерін пайдаланғанда принтердің алдын-ала белгілеу маңызды шара болып табылады, өйткені пайдаланылатын қаріп осыған қарай таңдалынып алынады. Әдетте, үлгі бойынша дайындау мен беттеудің бұл жүйесін қандай сүзгілер енгізілгендігіне (қажет болған жағдайларда оларды алып тастауға немесе көбейтуге болады) назар аударады. Сүзгілер үлгі бойынша дайындау және беттеу жүйесіне тиісті мәтіндік және графикалық редакторларда дайындалынған тасылушы мәтіндік және графикалық файлдарды «тануға» көмектеседі. Үлгі бойынша дайындау мен беттеу жүйелері (Раgе Макеr, Quark X-Ргеss) техникалық және көркемдеуші редакторларға бейне-монитордың экранында үлгінің эскизін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Мұндайда басылымның нақты беттерінде мәтіндік, графикалық блоктардың т.б. орналасуларын, олардың көлемдерінің өзгеруін нақтылау үшін әртүрлі штрихтағы бейнелер (тікбұрыштар, ойықтар) пайдаланылады. Мұндай алдын-ала үлгі бойынша дайындаудың нәтижесін басылымға енгізілмейтін, бірақ басылымның нақты беттерінде қайталанатын басылым және басылмайтын фрагменттері бар базалық беттерде «бекітуге» болады. Жеке беттердегі безендірілудің қажетсіз фрагменттерін өшіріп, жаңаларын қосуға мүмкіншілік бар. Үлгі бойынша және беттеу жүйелерінде алдын-ала белгілі бір тәсілмен алынған файлдарды пайдаланған жөн. Мысалы, мәтінді енгізгенде пернетақтадан басқа оқитын құрылғыны пайдалануға болады. Графикалық ақпаратты енгізгенде графикалық редактордан басқа суретшінің салған бейнелерін әдеттегі әдістен (компьютерді қолданбай) дайындаған графикалық фрагменттерді санға айналдыратын сканерлерді пайдаланады. Сонымен бірге, кейде басылым жолдарының кейбір фрагменттерін (мысалы, кейбір тақырыпшаларды, сілтемелер мен колонтитулдардың материалдары, қарапайым геометриялық фигуралар мен сызықтарды) компьютерге бейнелеу жүйесі барысында тікелей пернетақтадан енгізген ыңғайлы. Басылымдар беттеріне базалық беттердің кемегімен берілетін арнайы ұйымдастырылатын терезелерге немесе шектеулерге алдын-ала даярланған файлдар әкелінеді. Ventura Publisher типтес автоматты беттеу бағдарламарында, әдетте, әртүрлі басылымдар түрлері үшін (кітаптар, брошюралар, буклеттер т.б.) даярланған тарауды рәсімдеудің алдын-ала жасалынған стильдерінің бірін қолдануға болады. Шаблондық беттер түріндегі мұндай дайындамалар Раgе Макеr типті бағдарламаларда қолданылады.
Даярланған кітап беттерін шығаруды, әдетте, репродукцияланушы түпнұсқа үлгіні алу бір дюймге 600 немесе 1200 нүктеден келетін лазерлік принтерлерді қолдану арқылы іске асырылады.
Қазіргі бағдарламалар мынадай:
- реңдердің үдеме (бірден-бір сатыланушылық) қабілетін реттеуге;
- басу қарқынын өзгертуге;
- көшірілімдердің қажетті санын тапсыруға;
- кесетін, қиылатын жерін белгілеп шығаруға;
- түстерді жіктеп көшірме алуды орындауға;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет