12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет22/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

- беттерді оң және кері нұсқаларын шығаруға;
- масштабты өзгертуге;
- кері беттегі бейнелерді шығаруға:
- жиыстырып құрастырылған беттерді орналастыруға;
- кейбір фрагменттерді шығаруды тоқтатуға және т.б. мүмкіндіктерді береді.
Қағаз орнына арнайы мөлдір төсегіш пластмассаларды қолдану кеңінен таралған. Мұндайда түпнұсқа-макетті репродукциялаудың қажеттілігі болмай қалады да, принтерде диапозитив дайындалады. Жоғарғы сызықты кері беттегі фрагменттерді (дюйміне 2400 және одан да көп нүкте салуға мүмкіндік беретін) өңдеу қажет болған жағдайда шығарушы құрылғылар ретінде фототерім қондырғылары пайдаланылады. Ең ақырында, қолданылған бағдарламаға сәйкес, файл беттері мазмұндарын пішімдеуге болатындай ақпаратты магниттік тасымалдаушыға жазуды қамтамасыз ететіндей мүмкіндігі болады. Файлды басарда шығарушы құрылғының түрі белгіленеді, ал шығарудың өзін белгілі бір құрылғыда пайдаланылатын қолданбалы бағдарлама болмағанның өзінде де, іске асыруға болады.
Соңғы кездерде ақпаратты шығару кезеңінде аттас технологияға негізделген ризографтардың баспа полиграфиялық сериясы енгізілуде. Ротациялық басылымның трафареттік қалыптарын даярлау, орнату және пайдаланғаннан кейін алу автоматты түрде орындалады.
Басылымның өндірістен өту әдісі полиграфиялық кәсіпорынның өндірістік бөлімімен бірлесіп белгіленеді. Үш негізгі әдіс бар:
-бағаналы (газет, кітап беттері теріліп, әлі беттелмеген түрі);
-бағанасыз (өте сирек пайдаланатын тәсіл);
- баспахана мен баспа арасында корректуралық алмасусыз түпнұсқа үлгі бойынша басу, өйткені түпнұсқа үлгіге (дәлірек айтсақ, болашақ басылымның көшірмесі) бір мезгілде «терімге-басуға» қол қойылады.
Әдісті тандауға мына факторлар ықпал жасайды:
- терімнің күрделілік тобы;
- түпнұсқаның түрі;
- пайдаланылатын құрал-жабдық және машиналардың түрлері;
- қолданылатын технология;
-өнімнің түрлері.
Өндіріс кәсіпорындарында технологиялық процестерді реттестіру әдістері, ең алдымен, алғашқы корректураларды алғаннан кейін, олар беттелмей тұрып, терілген, басылатын беттер жиыстырылып құрастырылады. Мұнда ең күрделі жиыстыру түпнұсқалардағы (күрделілігі 4 топтағы) теру мен беттеу болып табылады. Осыдан кейін баспаға алғашқы корректуралық баспа-таңба терілген мәтіндік терім түрінде түседі. Келесі кезеңінде баспаға екінші міндетті корректура ретінде беттеме жасалып, терілген мәтіндер бет-бет етіп реттелген баспа-таңбалар жіберіледі. Корректураны түзетіп, басуға қол қойылғаннан кейін, олар қол қойылған корректураға айналады.
Қол койылған корректура басылымның басуға қол қойғаннан бастап, оны жарыққа шығарғанға дейінгі барлық корректуралық оқып танысу құжаты болып табылады.
Бағанасыз әдіс 1-3 топтағы күрделіліктегі басылымдардың көпшілігін теру мен беттеуде қолданылады. Мұндайда баспаға алғашқы корректураға беттеліп құрастырылған баспа-таңбалары түседі.
Бағаналардың жоқтығынан басылымдар осы әдісі бойынша теру бөлімдерінде ұзақ кідірмейді. Бірақ беттеу сұлбасы күрделі, формулалар, кестелер, көркемсуреттер көп болса, бұл әдіс қателерді түзетіп болғанша, беттеуді едәуір қиындатады. Репродукцияланушы түпнұсқа - үлгіні даярлау үшін соңғы кезде «жұмыс ағыны» (WorkFlow) деген термин жиірек қолданылып жүр, ол мәліметтермен жүргізілетін белгілі бір жұмыстарды, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің өзін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің бірізділіктерінің жиынтығын білдіреді. Қазір Heidelberg фирмасы өзінің серіктестеріне бейнелерді енгізу, өңдеу және шығару жүйелерінің бірнеше тәсілін және оны пайдалану технологиясына, қаржылай және техникалық мүмкіндіктеріне қарай жұмыс ағынын ұйымдастырудың бірнеше әдісін ұсынуда. Heidelberg Prepress ұсынған басуға дейінгі даярлық және жұмыс ағынын ұйымдастыру жүйесін қарастырып көрейік. Қарастыру ыңғайлы болу үшін, басуға дейінгі даярлықтың бүкіл технологиялық процесін шартты түрде төрт негізгі кезеңге бөлеміз:
- сандық бейнелер мен мәтіндік ақпаратты компьютерге енгізу;
- бейнелерді компьютерлік өңдеу, беттеу, шығаруға даярлау;
- бейнелерді растрлау және шығару;
- басу қалыптерын даярлау.
Бейнелерді тікелей офсеттік басылу пластинасына (Computer to Plate) шығару технологиясын пайдаланған жағдайда, соңғы екі кезең бір технологиялық жұмысқа біріктіріледі. Heidelberg басылымға дейінгі кезеңдердің әрқайсысы үшін қалыптар дайындаудан басқа, құрал-жабдықтардың, технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің кең аумағын шығарады. Мысалы, бейнелерді енгізу үшін, әлемде ең көп тараған кәсіби планшеттік сканер Тораz, барабандық сканер Таn немесе Heidelberg Рrерress сканерлер тобының кез-келгенін қолдануға болады. Бейнелер мен терілген терімдерді өңдеу үшін қуатты графикалық станция Da Vinsi және жолақтарды даярлау мен орналастыру станциясы Sidnastation-ды тиімді пайдалануға болады. Бөлек компьютер желісінде ақпарат сақтау, бейнелердің мәлімет базасын кұру және жұмыс ұйымдастыру үшін, Heidelberg Рrерress Lino-Server (UNIX жүйесі негізіндегі қуатты серверлер жүйесін) немесе Delta Server (Delte Technology негізіндегі қуатты серверлер жүйесін) пайдалануға болады.
Бейнелерді шығару үшін, Computer-to-Film-де фототерім автоматы көмегімен үш жұмыс ағынының біреуін пайдаланылады (Quaser АЗ форматында, Herkules Basic, Herkules Elite — А2 форматында, Sidnasetter Рrо —А1 форматында).
Computer-to-Plate Trendsetter тобының жарықтау жүйелерінің көмегімен Heidelberg Рrерress және Канаданың Сгео фирмасы шығарған офсеттік басылым пластинасына шығарады. Computer-to-Press-ті бейне машинада (Quickmaster D-146-4 Speedmaster D-174) офсеттік пластинаға тікелей басып шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет