12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет24/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Терім деп нені айтады?


2. Түпнұсқаның түрлері.
3. Түпнұсқаны компьютерлік даярлау.
4. Мәтіннің сипатына қарай, терімнің қандай негізгі түрлерін ажыратады?
5. Қаріп дегеніміз не?
6. Қаріптер бір-бірлерінен қандай белгілері бойынша ажыратылады?
7. Гарнитура дегеніміз не?
8 Қаріптің кеглін не анықтайды?
9. Атқаратын кызметіне карай, қаріптерді қандай топтарға бөлуге болады?


2.3. Бейнелеу ақпаратты өңдеу

Адам ақпаратты сезім органдары (көру, есту т.б.) арқылы қабылдайды. Маңыздысы - ақпаратты көру арқылы қабылдау. Ақпаратты елестетудің бірнеше түрі бар:


1. Ақпаратты заттай елестету.
2. Ақпаратты шартты белгілерді елестету — ақпарат объектілері нышандарында белгілер кодталған.
3. Ақпаратты дерексіздендіріп елестету — екі деңгейде:
- заттарды елестету;
- зат еместерді елестету.
Ақпараттық материалдық жеткізушісі — ескерту белгі беру (сигнал), ал оның көзі — айналадағы дүние.
Бейнелеу ақпаратын ұқсастық бойынша елестету – бұл ақпаратты түпнұсқалармен тарату әдісі. Түпнұсқа - сызбалар, диаграммалар, сұлбалар, суреттер, фотосуреттер, полиграфиялық баспа-таңбалар, слайдтар түріндегі ақпараттар. Бейнелеу элементтерінің сипаттарына қарай, түпнұсқалар штрихтық, жартылай реңді және аралас болып бөлінеді.
Штрихтық түпнұсқаларда бейне қашықтығы бірдей нүкте және сызықтармен беріледі (сызбалар, тушпен салған суреттер).
Жартылай реңдік түпнұсқалар бейнереңді түрде береді (карындаш және акварельмен салынған суреттер).
Аралас түпнұсқалар штрихтардан және жартылай реңдік элементтерден тұрады. Түстеріне қарай түпнұсқалар біртүсті және көптүсті болады. Астарының түріне қарай, түпнұсқалар мөлдір (пленка) және қағаз түрінде болады.
Бейнелік түпнұсқалардың сипаттамасы:
1. Кеңістікте екі-өлшемді түпнұсқалар (жазық бейнелер).
2. Уақыты бойынша стационарлық түпнұсқалар.
3. Түстілігі:
-ақ-қара (2 түсті, түстің 2 координаты);
-түрлі-түсті ( түстің 2-4 координаты).
4) Градациялылығы :
- қосградациялы (штрихты);
- көпградациялы (реңді, жартылай реңді).
5) Даярлау әдістері:
- бояуының көптүрлілігі және бояу қабатының қалыңдығымен ерекшелінетін түпнұсқалар;
- фотосуреттеу жолымен алынған фотосуреттік түпнұсқалар, сандық фотоаппараттармен мөлдір негізге (диапозитивтер, негативтер) түсірілген түпнұсқалар;
- полиграфиялық түпнұсқалар.
Көркемсуреттерді өңдеу барысында:
- түпнұсқаның сипаты;
- баспа-таңбадағы ақпарат тасымалдаушының ерекшеліктері;
- түпнұсқа мен баспа-таңбадағы сәйкестілік деңгейі;
- басылым әдісі ескеріледі.
Бейнелеу ақпаратын өңдеудің мақсаты — ақпаратты полиграфиялық өндіріс кәсіпторындарында өңдеуді жарамды қалыпқа келтіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет