12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет29/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   183
Қайталау үшін сұрақтар

1. Беттеу деп нені айтады?


2. Басылымның түріне байланысты беттеуді қалай ажыратады?
3. Терімді көркемдеп өңдеу және беттеу үшін, АЖО құрамы неден тұрады?
4. Локальды-есептеу желісін не үшін пайдаланады?
5. Серверді не үшін қолданады және оған қандай талаптар қойылады?
6. Фотопленканы өңдеу және бақылау?
7. Беттерді орналастыру дегеніміз не?
8. Синька деген не және оны не үшін оқиды?


2.5. Корректуралық процестер


Корректуралық процесс - терілген терімнен алынған баспа-таңбаларды түпнұсқамен салыстырып, әртүрлі жағдайда жіберілген дәлсіздіктер мен кемшіліктерді түзетіп, толықтырып, оқуға ыңғайландырып және үйлестіріп ретке келтіру.
Полиграфия кәсіпорындары мен баспаларды атқарылатын жұмыстарға байланысты, корректура екі топқа бөлінеді: баспаханалық және баспалық корректура.
Баспаханалық корректура – кәсіпорындарында теріліп алынған алғашқы баспа-таңба. Оны баспахананың корректоры оқып, орфографиялық, пунктуациялық, ғылыми басылымдардағы терминдерді үйлестіре отырып, нақты айтқанда, ол - тілдік, сөздік, емілелік, тыныс белгілік қағидаларды қолдану жиынтығы.
Баспалық корректура - баспаханада теріліп баспаға тексеруге жіберілетін баспа-таңба (көшірме). Бұл көшірме авторға, жетекші редакторға және корректорға жіберіледі. Автор келген корректураның көшірмесін оқып, қателерін түзетіп, оқығанын растап, әр бетіне қолын қоюға тиісті. Егер мәтінге өзгерістер, толықтырулар жасағысы келсе, баспаның басшыларымен келісуі қажет. Баспаның корректоры баспаханадан келіп түскен корректураны түпнұсқамен салыстырып орфографиялық, пунктуалдық, терминдік, емілелік және тыныс белгілік кемшіліктерді түзетеді. Жетекші редактор корректураны оқу, мазмұнына шолу жасау, автордың, техникалық редактордың, корректордың пікірлерін тыңдап, түзеткендерін талдап, олардың дұрыс шешілуіне мән беріп, күрделі түзету қажеттілігі туса, баспаның және баспахананың басшыларымен шешеді.
Корретуралық процестерде пайдаланатын негізгі терминдерге тоқталып, анықтама беруді дұрыс көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет