12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет23/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Болашақ басылымды безендірерде нелерді анықтайды? .


2. Мәтіндік өнімді безендірерде қандай параметрлер беріледі?
3. Басылым қалыбын таңдауда қандай принциптерді басшылыққа алады?
4. Терім жолдарының пішімін таңдауда безендірудің қандай негізгі
параметрлерін анықтайды?
5. Кітап өнімін безендірудің қандай нұсқалары бар?
6. Безендірудің бірінші нұсқасы дегеніміз не және ол қандай басылымдарға
арналған?
7. Безендірудің екінші нұсқасы дегеніміз не және ол қандай басылымдарға
арналған?
8. Безендірудің үшінші нұсқасы дегеніміз не және ол қандай басылымдарға
арналған?
9. Баспахана жұмысы үшін ең басты құжат не?
10. Басылымды басуға дейінгі даярлаудың негізгі кезеңдері қандай?
11. Үлгі бойынша және беттеу жүйелері дегеніміз не?
12. Графикалық фрагменттерді санға айналдыру сканерлері дегеніміз не?
13. Лазерлік принтерлер дегеніміз не?
14. Басылымдарды басуға дейінгі даярлау жүйелері дегеніміз не?
15. Сандық (цифровая) басылым қандай басылымдарды басу үшін
қолданылады?


2.2. Мәтіндік ақпаратты теріп жиыстыру

Басуға дейінгі процестің алғашқы кезеңі терім, яғни мәтінді дайындау, оны пішімдеу болып табылады. Терім – фотоқалыпты дайындау үшін, түпнұсқаны (қолжазбаны) оқи отырып, компьютер арқылы (әріптер, тыныс белгілер, сандар, формулалар мен кестелер т.с.с.) теріп, жиыстыру. Басылымға дейінгі процестегі фотоқалыпты дайындау кезінде мынандай жұмыстар атқарылады:


- мәтінді теру және көркемсуреттерді сканерлеу;
- мәтінді корректуралау және көркем суретті өңдеу;
- терілген мәтін мен өңделген бейнелерді беттеу;
- фотоқалыптарды даярлау;
- басылым қалыбын даярлау.
Терім үшін ақпарат көзі авторлық қолжазба болып табылады, ең басты талап – мәтінде қатенің болмауы.
Мәтінді енгізу – терімді дайындау процесінің бастапқы кезеңі. Бұл жұмысты автор жылдамырақ орындап, терімді электрондық немесе принтерге басылған күйде өндіріске береді. Мәтін енгізілгеннен соң, ол өңделеді, мұның барысында қаріп пен оның кеглін, жол ұзындығын кейінірек бейнелерін қосу үшін арнайы безендіру тәсіл ерекшеліктері іске асырылады.
Мәтіндік ақпаратты өндеу мен фотоқалыптарды алудың тарихи қалыптасқан дәстүрлі әдістері мына төмендегі ретпен қалыптасқан:
1. Металдық терім.
2. Линотип.
3. Монотип.
4. Фототерім.
а) «Каскад» кешені; б) «Квант».
5. Компьютер фотошығарушы құрылғылар.
6. Компьютер - басу қалыбы технологиясы.
7. Компьютер - басу машинасы технологиясы.
Мәтінді енгізгеннен соң, яғни мәтіндік мәліметтерді компьютерде өңделгеннен кейін бейнелі және графикалық түпнұсқаларды өңдеуге, көпбояулы басылым үшін түстерге бөлінген бейнелерді жасауға кірісеміз.
Иллюстрация (лат. illustration – жарықтандыру, бейне) қосымша бейне (репродукция, тущпен және қарындашпен салынған сурет, фотосурет, сұлба, сызу, акварельді, гуашты және майлы суреттер; полиграфиялық баспа-таңалар, құжаттар және т.б.).
Түпнұсқаларды түрліше белгілеріне қарай жіктеуге болады.
1. Орындалуы мен тағайындалуына байланысты:
- құрал-жабдықтардың белгілі технологиялық процесін таңдауға (форзацтар, фронтиспистер, мұқабалар, парақ іштеріндегі бейнелеулер т.б.) арналған түпнұсқалар,
- кескіндеме шығармалары, фотосуреттер, слайдтар сияқты полиграфиялық ұдайы өндіріссіз орындалған түпнұсқалар .
2. Бейнелеу элементтерінің түріне карай түпнұсқалар штрихтық, реңдік және аралас болулары мүмкін. Штрихтық түпнұсқаларда бүкіл бейне оптикалық қалыңдықтары жағынан біркелкі штрихтық элементтерден (штрихтар, сызықтар, нүктелер, тұтас кұйылымдар) құралады, қауырсынмен салынған суреттер, сызбалар, фотосуреттер және полиграфиялық баспа-таңбалардың болуларына байланысты, олардың көлемдері мен геометриялық формалары да алуан түрлі болып келеді.Реңдік немесе жартылай реңдік түпнұсқалар әртүрлі оптикалық қалыңдықтағы түрліше бөлімшелерден тұратын градациялары көп жағдайларда ашық жерлерінде біртіндеп қараларына ауысатын (мысалы, еріген тушьпен салынған сурет, фотопортрет) бейнеден құралады. Аралас түпнұсқалар штрихтық және реңдік элементтерден құралады (мысалы, журналдың қаптамасы салынған мәтін мен фотопортреттен тұрады).
3. Бейнелеу түсіне қарай, барлық түпнұсқалар екі топқа бөлінеді: бір түспен, көбінесе қарамен, орындалған біртүсті немесе ақ-қара түсті түпнұсқалар: суреттер, сызбалар, фотосуреттер т.б., көптүсті немесе түсті, бірнеше түсте (маймен, акварельмен, түрлі-түсті қарандаштармен) орындалған немесе фотосуреттеу жолымен алынған: фотоқағаздағы немесе фотопленкадағы түрлі-түсті фотосуреттер, түсті диапозитивтер немесе слайдтар. Кейінгілері әртүрлі түсті өнімдерді (сурет репродукциялары, көркем бейнелеу, ашықхаттар шығаруда кеңінен қолданыс тапты.
4. Түпнұсқалар мөлдір емес (қағаз, картон т.б.) және мөлдір (фотопленка, калька т.б.) астарларға орындалулары мүмкін полиграфиялық баспа-таңбалардың қажетті сапасын алу үшін бейнелік түпнұсқаларға белгілі техникалық талаптар қойылып, олар түпнұсқаларды полиграфиялық өнімді жиыстыру құрастыру даярлау кезінде ескеріледі.
Жеке компьютердің пайда болуына байланысты, терім технологиясы іс жүзінде толығымен металдық терімнен компьютерлік терімге ауыстырылды. Әртүрлі нұсқалардағы бағдарламалар полиграфиядағы компьютерлік терімнің негізгі бағдарламалық құралы болды.
Кейде өндірістік кәсіпорындарында мынандай жағдайларға тап боламыз: мәтіндік редакторындағы мәтінді арнайы сәйкес бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын бейнелеу, суреттер мен көркем-суреттерді реттеп өңдеу сияқты жұмыстардың барлығын бір бетте орындау қажет болады. Үстелдік электрондық баспа жүйелерінің енді шыға бастаған кезінде бұл өзінен-өзі революция деп бағаланатын еді. Түстерді реттеу бағдарламасы жұмыс істеуге едәуір қиыншылық туғызады. Quark Express пен Page Maker көп уақыт бойына полиграфия индустриясында негізгі дұрыс көрсеткіш (шама) болып келді. Мәтін редакторларының көпшілігінің бейнені тасымалдай алатындығына қарамастан, оларды жиыстырып құрастыруда бейнелеу бағдарламалары кеңірек мүмкіндіктер ашады. Олар безендірумен де жақсы жұмыс істейді. Беттеудің қазіргі бағдарламаларының кейбіреулері технологиясындағы жаңалық ерекшелейтін қаріптердің көбін қабылдайды, олар бір гарнитурада екі және одан да көп функцияға (мысалы, қалың, жіңішке, енді) кеңейтеді. Егер құжат принтерде жасалынатын болса, бағдарлама CMYK моделін қолдауы қажет. Егер құжат Интернетке пайдаланылу үшін дайындалған болса, RGB бағдарламалық моделін қолдануға тиіс. Мұндай жағдайларда бағдарлама түстерді іріктеу және сәйкестендіру жүйесі Dantone Matching System (DMS)-ті қолдауы керек. Теріліп басылатын беттеулер бағдарламалары полиграфия кәсіпорындарында кеңінен қолданылатындықтан, бағдарламадан талап етілетін басты міндеттердің бірі түс ажырату мүмкіндігі болып табылады.
Әртүрлі бағдарламаларда жасалынатын бейне мен мәтін белгілі бір түстермен келеді.
Бұл түстер ақыр сонында төрт түрлі, оның ішінде, комплект үштік (қызыл, көк, сары) бояуға (СМYК) түске бөліну процесінен өтуге міндетті және қажет болған жағдайда, арнайы қосымша бояулар үшін арнайы қалыптар дайындаулары керек. Теру бағдарламаларының түстерге бөлінген түсті фотосуретер мен диапозитивтер жасау мүмкіндігі туып, оған жағдайлар жасалынады.
Quark Press полиграфия саласында ең үлкен табысқа қол жеткізді, себебі ол бірінші болып түсті файлдарда түске бөлуді асыра бастады. Мұндай мүмкіндіктің беттеу бағдарламасында бар екендігіне қарамастан, түс ажыратуды Рһоtosһор-та жасаған және түске бөлінген бейнелерді Quark XPress-ке орналастырған жақсы. Бұл уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді, ал мұның өндірісте маңызы өте зор.
Мәтіннің сипатына сәйкес, терім мынандай негізгі түрлерге бөлінеді:
- мәтіндік терім (тұтас мәтін, бөлінген мәтін, арнайы белгілер, аралас мәтін, өлең мәтін, драмалық шығармалардың мәтіні, шетел тілдеріндегі мәтін, дыбыстандырылған мәтін, ерекшеленген мәтін);
- кестелерді теру (кітап - журнал кестелері, кеңсе кестелері);
- формулалық терім (математикалық және химиялық формулаларды теру);
- акциденттік терім (қаптамалар, титулдық беттер, хабарландырулар, проспектілер, жапсырмалар, ордерлер, квитанциялар, шақыру билеттері, афишалар, плакаттар, ұрандар).
Қаріп — бұл кез-келген алфавит әріптерінің, оған тиісті белгі және сандарымен қоса, графикалық бейнесі. Ол орысша, грекше, немісше, латынша, қазақша т.б. болуы мүмкін. Қаріптің кеглі, сызу стилі мен суретінің нақты мағыналарының жиынтығы болып табылады.
Кегль — бұл қаріптің пунктпен алынған мөлшері (бас және жай әріптердің биіктігі) мен бос орындар (төменгі және жоғарғы). Әріп белгілерінің элементтері:
- негізгі штрих;
- жалғастырушы штрих;
- кертпе;
- тік кертпе;
- әріп ішіндегі саңылау: төмендегі шығарым элементі, жоғарғы шығарым элементі;
- жол үсті жол асты белгілері;
- терім жолдардың базалық сызықтарының ара-қашықтығы (интерлиньяж);
- қаріптің базалық сызығы;
- жай әріптердің биіктігі 12 пункттен артық кегль бар қаріптер титулдық немесе тақырыптық деп аталады. Барлық қаріптер өзінің белгілеріне байланысты, үш негізгі топқа: суреті, сызылуы және кеглі бойынша жіктеледі, әрбір топтың ішінде қаріптер гарнитураларға бөлінеді. Гарнитура - бұл бір суреттегі қаріптердің барлық сызулары мен кегльдерінің жиынтығы. Бір қаріп бірнеше түрлі сызылуы мүмкін. Қарсы бейнесін орналастыруға қарай тік (әдеттегі) және курсивтік, ал бояу жұғу қабілеттілігіне қарай — ашық (әдеттегі), жартылай қалың және қалың сызбалар болып ажыратылады. Компьютерлік қаріптердің негізі – копьютерлік шартты белгілер сипаттамаларының жиынтығы. Қазіргі кезде компьютерлік шартты белгілер мына төмендегідей жолдармен сипатталынады:
- растрлық (матрицалық принтерлер, мониторлар);
- векторлық (плоттерге шығару үшін);
- контурлық (КИС-те кеңінен таралған).
Қазіргі кезде компьютерлік қаріптер пайдаланылады. Олар өте көп, терімде компьютерлік қаріптердің тұтас кітапханалары бар. Бұл қаріптердің бір бөлігін негізгі алты топтың біріне жатқызуға болады, ал бір бөлігін тіпті қосымша топқа да жатқызуға болмайды. Негізгі классикалық гарнитураға - Мектептік, Лазурлық, Журналдық, Рубленая (Rubli), (курьер (Courier), Әдеби Таймс және т.с.с. Тіпті қосымша топқа да жатпайтындарына жапон және корей иероглифтерін, компьютерлік Animal (жануарлардың символдары), Kids (балалардың символдарымен) шартты қаріптік белгілілер гарнитураларын атауға болады. Кz, Ru, Еn ауыстырғыштары қолданылады. Ағылшын тілінде терген кезде барлық қаріптермен жұмыс істеуге болады. Қаріптердің көпшілігінің кириллицаға аударылғандығына қарамастан, орыс тілінде тергенде проблемалар пайда болады. Біраз қаріптер қазақ тіліне бейімдендірілген, бірақ қазір мүлдем жаңа қаріптер кеңейткішімен ASYLBER шрифті пайда болды. Декоративтік қаріптер де баршылық, олар көбінесе кішігірім мәтіндермен (атаулар, тақырыптар т.б.) жұмыс істейтін графикалық бағдарламаларда қолданылады.
Қаріптерге қойылатын өндірістік талаптар:
-көркемдік құндылығы;
-оқуға қолайлылығы;
-технологиялылығы;
- үнемділігі.
Компьютерлік терімнің ерекшеліктері:
1. Абзацтық шегініс қойылмайды.
2. Грамматикалық ережелер бойынша бас әріптермен жазылатын сөздердің барлығы жай әріптермен теріледі.
3. Мәтін сол жақ шетке ажыратылады.
4. Қашықтату қойылмайды.
5. Мәтінде ерекшелеу болмайды.
6. Көшіру қойылмайды.
7. «ЕNTER» тек абзацтың соңына қойылады.
Пайдалану мақсаттарына қарай, барлық қаріптерді топтарға бөлуге болады:
- негізінен кітап, журнал, газет сияқты мәтіндерге қолданылатын мәтіндік қаріптер. Бұл топқа тік және ашық сызықты кеглі 6 дан 12 дейінгі қаріптер жатады;
- ерекшелінетін қаріп кеглі 6 дан 12 дейінгі көлбеу, курсив, сонымен бірге жартылай қалың және қалың сызылғандар;
- афиша — плакаттық қаріптер кеглі - 48 п артық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет