12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Корректура - басылып жатқан кітап, газеттің қателерін, түпнұсқамен салыстырып жіберілген қателерді түзету процесі. Корректуралық баспа-таңба (оттиск)



бет30/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   183
Корректура - басылып жатқан кітап, газеттің қателерін, түпнұсқамен салыстырып жіберілген қателерді түзету процесі.
Корректуралық баспа-таңба (оттиск) - терілген терімнің көшірмесі. Мұндай көшірме корректордың оқуына беріледі, жіберілген қателерге түзетулер енгізіледі.
Түпнұсқаны оқу - барлық грамматикалық, стилистикалық және мағыналық қателерді түзету. Қазіргі кезде жеке компьютерді қолданғанда корректураның бұл бөлігін ішінара спеллерлер орындайды.
Алғашқы корректура - газет, кітап беттері баспаханада теріліп, әлі беттелмеген түрін (граночный метод) оқу, терілген, басылатын беттерді беттеме жасауды (безграночный метод) оқу. Алғашқы корректураны оқу процесінде теріледі түпнұсқаға дәлме-дәл теру, терімнің барлық техникалық ережелерін сақтауға және басылымның біркелкі әрленуіне бақылау жасалынады. Егер терілген, басылатын беттердің беттемесі жасалған болса, онда техникалық редактордың жасаған ескертпелері қаріптер, терімнің пішімі және бейнелеудің барлық ережелерін сақтау жөніндегі нұсқалар бақыланады.
Қайта тексеру - алғашқы корректураға көп түзетулер енгізілген жағдайда, корректура қайта оқылады.
Рұқсат корректурасы - терілген мәтіндерді бет-бет етіп реттеп, баспаханаға дайындалған корректураға баспа «басуға» деп қол қойылуы.
Өтпелі тексеріп оқу - өнім баспаханада басылып жатқанда, баспа табақ қағазды машинадан алып оқу және түзету.
Баспа және баспаханада алынған корректуралар белгіленген стандартқа сәйкес, корректуралық белгілер арқылы түзетілуі кажет. Корректуралық белгілер өзінің қолданылуына байланысты, мынандай топтарға бөлінеді:
1. алмастыру, алып тастау және қосу белгілері;
2. басылатын элементтердің орындарын ауыстыру белгілері;
3. бөлектеу материалдарын өзгерту белгілері;
4. абзацтың шегініс, азат жолдан жазу, қаріптік ерекшелеу және өзгерту белгілері;
5. техникалық ақауларды түзету белгілері;
6. жасалынған нұсқауларды өзгерту белгілері.


Қайталау үшін сұрақтар

1. Корректура деп нені айтады?


2. Корректуралық процестердің міндеті неде?
3. Барлық корректураны қалайша жіктеу қабылданған?
4. Баспа корректурасы дегеніміз не?
5. Баспахана корректурасы деп нені айтады?
6. Корректуралық баспа-таңба дегеніміз не?
7. Қандай корректуралық белгілер қай топтарға жатады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет