12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет26/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Планшеттік сканерлер — әмбебап бұйым. Олар көшірім аппараттарының үстіңгі бөлігін еске түсіреді. Түпнұсқаны, қағаз түріндегі құжатты немесе жазық материалды астыңғы жағында оптикалы сандық өзгерткіші бар жылжымалы құрылғы қозғалып тұратын арнайы шынының үстіне орналастырады, алайда түпнұсқамен қоса шыны да қозғалып тұратын, ал оптикалы корпусы қозғалыссыз күйде қалатын, әлдеқайда сапалы сканерлейтін «планшеткалар» да бар. Әдетте, планшетті сканер түпнұсқа астынан сәуле түсіру арқылы жарықпен әсер етеді. Бейнені пленкадан немесе диапозитивтен анық көшіру үшін түпнұсқаларды сырт жағынан жарықтандыру керек. Бұл қызметті арнайы жарық көздері бар, синхронды қозғалатын және түстерді ажыратып жіктей алатын құрылғы атқарады.
Барабандық сканерлер — жарықсезгіштігі тұрғысынан планшетті құрылғыларды едәуір басып озады, фотосуреттердің көшірмелерін алуда қажет ететін полиграфияда ғана қолданылады. Барабанды сканерлерде түпнұсқалар барабан деп аталатын мөлдір цилиндрдің сырт және ішкі жақтарына (модельге байланысты) орналастырылады. Барабан неғұрлым үлкен болған сайын, оның сыртқы бетінің аумағы соғұрлым кең, оларға түпнұсқалар орналастырылады да, сканерлеу аумағы да арта түседі. Түпнұсқа орналастырып болғаннан соң, барабан қозғалады. Ол бір айналғанда пиксельдердің бір сызығы есептелінеді. Слайд аркылы өтетін немесе мөлдір емес түпнұсқадан шағылысқан жіңішке жарық сәулесі (қуатты лазерден пайда болатын) айналар жүйесінің көмегімен ФЭУ-ке (фотоэлектрондық көбейткішке) түсіп, онда санға айналдырылады. Бейнелерді өңдеу белгілі бағдарламаның нұсқаулары мен аспаптарының көмегімен іске асырылады. Бейнелерді басуға даярларда мониторды, принтерді және сканерді өлшем жүйесінің реттеуінің маңызы зор. «Калибрлеу» терминінің мағынасы кез-келген кұрылғының жеке элементтерін синхронизациялау мен өзара үйлестіруге келіп тіреледі.
Полиграфияда бұл термин сканерде, принтерде және мониторда бейненің, шамамен, біркелкі шығуын қамтамасыз етуші түстерді дәл таңдауды білдіреді. Өмірде түстердің нақты, өте жақсы сәйкестігіне қол жеткізу мүмкін емес, калибрлеу мұны барынша азайтуға көмектесуге тиіс және жеке құрылғылардың ақпараттық өзгешеліктеріне негізделінеді; қысқарта айтқанда, калибрлеу - бұл сканерді, мониторды және принтерді баптау, жұмыс істетуге даяр қалыпқа келтіру. Бейнелерді өңдеу бағдарламалары оларға түрліше арнайы эффектілерді қолдануға мүмкіндік береді. Түстік түзету мен түс жасау бейнелерді өңдеудің басты процестеріне жатады және адам көзінің жарықты көрінетін электромагниттік сәулеленудің үш аймағы - көк, қызыл және сары түрінде қабылдау ерекшелігіне негізделінген. Дененің түсі физикалық объективтік шама емес, ол үш факторға:
1) дененің өзінің қасиеттеріне;
2) денеге түсетін жарықтың спектрлік құрамына;
3) көздің өткізілген заттар шағылыстырған сәулелерге жауап әрекет жасауға қабілеттілігіне тәуелді.
Белгілі заттың түсін адам оған күндізгі жарық күн сәулесі түскенде ғана ажыратады. Көзге мөлдір емес зат шағылыстырған немесе мөлдір зат арқылы өткен сәулелер әсер етеді. Көрудің теориясыңың негізгі ережесі: кез-келген түс үш қырлы линзадан өткенде қызыл, көк және сары түстерге жіктеледі.
Түстерді алудың (синтездеудің) екі әдісі бар: субтрактивтік және аддитивтік.
Субтрактивтік синтез боялған мөлдір қабаттарды салғанда іске асады. Ол боялған қабаттар жұтатын монохроматиялық сәулелерден түсіп тұрған жарық сәулесінен «оқуға» негізделген негізгі түбірі: сары, қызыл күрең және көк.
Аддитивтік синтез - сәулелердің әр түрлі түстерін араластырудан алынады. Бұл синтездің негізгі сәулелері: қызыл, жасыл және көк.
Жаңа түс алудың субтрактивтік әдісінің негізінде сары, көгілдір және қызыл күрең бояуларды пайдаланып, кез келген түс алуға болады деп қорытындылаймыз.
Осыған сәйкес, осы бояулар үшін үш негатив даярлау керек. Мұндай негативтер түске бөлінген деп аталады.
Түске бөлінген негатив алу үшін түпнұсқаны қызыл, көк және жасыл түстердің жарық сүзгілері арқылы фотосуреттерді: жарықсүзгілер бөлінген бояу шағылыстыратын сәулелерді жұтуға тиіс.
Электрондық түс түзету электронда түс бөлуші машиналарда түс ажыратумен бір мезгілде автоматты режимде іске асырылады.
Бейнелерді оқудың сандық әдістері полиграфиялық өнім басуға даярланатын ақпараттың сапасын қамтамасыз ету жағынан ұқсас технологиялардан принциптік тұрғыдан кем емес, кейде олардан асып түсетін тиімді балама болып саналады. Сандық әдістердің артықшылықтары мен орасан зор пайдасы, техника мен адамның өзара әрекеттесуінің қауіпсіздігінен, қолданылуының автоматтандырылуы мен экологиялығынан, ақпараттың басқа да құралдарымен біріктірудің оңайлығы мен шектеулі жағдайларына тәуелсіздігінен көрініс табуда. Бейнелерді растрлау және олармен жасалатын жұмыстардың жаңа мүмкіндіктері де бұл арада едәуір роль атқарады. Мәтін мен бейнелердің электрондық интеграцияланушы басылымға дейінгі технологиялық процесті оңайлатады, өйткені оларды бірге өңдеуге мүмкіндік береді.
Бейнелерді өңдеудің ұқсама әдістерінен сандық әдістерге өту жедел түрде іске асуда. Бейнелерді өңдеудің ұқсама әдістерінің үлесі күннен-күнге төмендеуде. Сонда да болса да, бейнелерді ұқсама өңдеу олардың жақсы зерттелініп, меңгерілгендіктеріне байланысты, көптеген кәсіпорындарда осы уақытқа дейін қолданылып келеді. Оны мына салаларда қолданады:
- үлкен пішімді жұмыстарда егер сандық шығарушы жабдық қажетті пішімді бере алмаса;
- қолда бар фотоқалыптарды қолданғанда (әсіресе, тапсырыс беруші осыны талап етсе);
- бейнелерді сандық өңдеу жүйелері істемей қалғанда;
- ерекше тапсырыстарда (мыс, фотоқалыптарды қолдан көркемдеу).
Белгілі жағдайларда ұқсама ауыспалы техниканы пайдалану орынды. Мысалы, кітап беттерін жинақтау мен қалыпқа көшіру өздерінің фотоқалыптарын сандық шығарылымында қолданылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет