3.2. Басу пластиналарын даярлау
Қазіргі өндірісте жазық (офсеттік) басылымның басу қалыптарын даярлау үшін, алдын-ала сезгіштендірілген қалыптық пластиналарды пайдаланады. Пластиналарды даярлау өте күрделі физика-химиялық процесс, ол бірнеше сатыда іске асырылады.
1. Астардың (төсеніш) үстіңгі бетіне көшірме қабатын жазуға даярлау (майсыздандыру, тазалау, түйіршіктеу, анодтық пленка жасау және оны толтыру).
2. Көшірім ерітіндісін даярлау.
3. Көшірім ерітіндісін астарға (төсенішке) жағу.
4. Көшірім қабатын құрғату.
Металл астар көбінесе алюминийден жасалынады. Астарларда қоспалар (марганец, магний т.т.) қолданылады.
Қалыптық пластинкалардьң астарларының беті әртүрлі сипатты:
- толкындылығының;
- кедір-бұдырларының;
- қалып пластинкаларының ақаулылығы сияқты кедір-бұдырлардың қосындысы болып табылады.
Кедір-бұдыр – ұзындығы базалық ұзындыққа (0,08-25мм) тең, ара-қашықтықтары өте қысқа, беттің бедерін құрайтын біркелкі тегіс еместіктердің жиыны. Алдын-ала әсерлендірілген монометалл офсеттік басылым пластиналарының бетінің кедір-бұдыры маңызды технологиялық көрсеткіш болып табылады. Офсеттік басылым қалыптарын даярлауға қажетті алюминий пластиналар арнайы өңделеді, түйіршіктелінеді, нәтижесінде босаралық элементтерінің беттері кедір-бұдырланып, ылғалды жақсы сіңіретін болады.
Алюминий табақтарын майсыздандыру олардың бетінен жағылған май іздерін, кірді кетіру жұмысымен жүзеге асырылады.
Түйіршіктеу — пластинаның бетін майда кристалдық құрылымды бірқалыпты шағын бедерлі қалыпқа келтіру.
Механикалық түйіршіктеу щеткалардың көмегімен жасалады.
«Fuj»-дің «Мультигрейн»-і (механикалық, химиялық және электронды-химиялық) — кешенді түйіршіктеу. Ірі түйіршік - суды қабылдау мен жартылай реңді реттеуге, орта түйіршік таралымның төзімділігін сақтауға, ал майда түйіршіктер бояу су арақатынасын қамтамасыз етіп, пайдалануға төзімдлікті арттырады.
Оңтайлы түйіршіктеу — бұл электрохимиялық тәсіл (тұз қышқылы ойыңқы деңгей, ал азот деңгейлі саяз түйіршіктер береді).
Кедір-бұдыр бетті анодты қышқылдау белгілі бір қалыңдықтағы ұсақ түйіршікті құрылымды, күшті сіңіргіш болып табылатын мықты және кеуек оксидтік пленка алу мақсатымен жүргізіледі. Анодтық қышқылды пленкалар алюминийді тотығудан сақтайды және үйкеліс пен қолданысқа төзімді. Алюминийді қышқылдау күкірт қышқылды немесе хромқышқылды электролиттерде жүргізіледі. Оксидті пленкалардың қалыңдығы қышқылдау уақытына барабар өсіп отырды, бірақ пленка бұрынғыдан да гөрі кеуектеу болады. Шектен тыс кеуектілік қажетсіз, өйткені қалыптау процесінде жарамсыз болуына себеп болады (көшірмені шығарғанда көшірім қабатының толық кетірілмеуі, көлеңкеленуі). Оксидтік пленканы толтыру оның кеуектілігін азайтуды және бетінің ылғалды қабылдау қасиеттерін жақсартуды қарастырады. Шетелдік пластиналар осының арқасында суландыруды қажет етпейді.
Оксидтік пленканың қалыңдығы - 1,0-1,5мкм. Барлық даярлық жұмыстары біткеннен кейін, пластиналар жақсылап жуылып, көшірме қабат жағылып пластина толық дайын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |