12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет34/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   183
Қайталау үшін сұрақтар.

1. Фотоқалып деген не және оның қандай түрлері бар?


2. Фотоқалыптың кері негативтері қайда қолданылады?
3. Тікелей диапозитивтік фотоқалыптар кайда қолданылады?
4. Жинақтауды іске асырудың қандай тәсілдері бар?
5. Жинақтау столын пайдаланып, фотоқалыптарды жинақтау тәртібі туралы әңгімелеңдер.
III - тарау. Басу қалыптары туралы жалпы мәліметтер



    1. Басу қалыптарының түрлері, жіктелуі және көрсеткіштері



Басу, яғни қалыптастыру көшірмесін алудың өзі-ақ, басу қалыбын даярлау дегенді білдіреді.
Қазіргі полиграфиялық өндіріс әртүрлі типтегі басу қалыптары қолданыс табуда. Басу қалыбы қандай да болмасын типін сипаттау үшін мынадай негізгі белгілер:
- басылым түрі (офсеттік, шығыңқы, ойыңқы, флексографиялық және трафареттік басылым қалыптары);
- бейнелерді жазу әдісі (барлық бейнелеу нүктелері бірмезгілде және бірізділікті жазылатын кезде қалыптық немесе элементтер бойынша жазылумен алынған қалыптар);
- материалдың түрі (монополиметалл негізіндегі, кағаз немесе полимерлік негіздегі қатты және созылмалы қалыптары, қатты және сұйық фотополимерлеуші құрылымдардан т.б. жасалынған қалыптар);
- элементтері бойынша жазу, электронды-механикалық немесе лазерлік оймалау немесе басқа да жолдармен бейнені қалыпқа пішімдеу түрі;
- геометриялық қалып (ротациялық және жазық басылым машиналары үшін икемді, басылым қалыптары, ротациялық басылым машиналары үшін цилиндрлік қалыптар) көрсетілуі қажет.


Басу қалыптарының жіктелуі.


1. Басу түрі мен тәсілі бойынша:
- шығыңқы басылым қалыптары;
- жазық басылым қалыптары;
- ойыңқы басылым қалыптары;
- басылымның арнайы түрлерінің қалыптары.
2. Белгілерінің тегі бойынша:
- мәтіндік;
- көркемдеу, көркем-суретті;
- мәтіндік және бейнелік;
3. Бояуларына қарай:
- бірбояулы;
- көпбояулы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет