12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Бетттерді жиыстырып құрастыру (спуск полос



бет33/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   183
Бетттерді жиыстырып құрастыру (спуск полос) — өнім басылып, бүктеліп және жинақталғаннан кейін, оның реттік беттерінің дұрыс орналасуының қамтамасыз етілуі, жасалған сұлбалар арқылы жасалынады, яғни басылымның пішімі, дәптерлердің бүктеу нұсқалары, басылымды жинақтау түріне және басқа да жағдайларда сәйкес алдын ала белгіленеді.
Беттерді шеттеу (раскладка) — басылым құрылымының ерекшелігіне байланысты белгіленген безендіру амалына сәйкесті орын-орнына орналастырылған беттерде қалдыруға тиісті ашық шеттердің мөлшерлерін айқындау. Диапозитивтерді жинақтау әдетте, офсеттік басылым қалыптарын даярлау үшін, ал негативтерді жинақтау, шығыңқы басылым даярлау үшін қолданылады. Офсеттік басылымда бірнеше бояулық жұмыстарды жинақтауды даярлау процесінің шығыңқы басылыммен салыстырғанда бірсыпыра мынадай ерекшеліктері бар:
- жинақтауда бейненің кері бетті болуы керек;
- көпбояулы жұмыстарда даярланатын жинақтаулардың саны пайдаланушы баспа бояуларының санына сәйкес болуы керек.
Көпбояулы басылыста бірнеше жинақтау (әрбір бояу үшін) жасайды. Бірінші болып, бейнелеу элементтері көпбояу мен контурлық бояу үшін жинақтау жасалынады. Дайындалынған жинақтарда пішімдік таңбалар - бүгу үшін белгілер мен қалыптау және бояу процестерін бақылау үшін - межелік өлшеу аспаптары орнатылады. Алынған жинақтаудың сапасы қатаң тексеріледі. Ол үшін жинақтаудан сәулелі көшірме алып, оны түзетуге береді.
Қажет болса, жинаққа түзету енгізіледі. Таралымды басу барысында бояуларды сәйкестендіру үшін, ұзына бойына қаріпті реттеу жүйесін қолданылады. Ол арнайы станокта жинақтау негізінде қалыптық пластинада және фотопленкада саңлаулар жасау процесіне келіп тіреледі,. Газеттік басылымдар үшін фотоқалыптар даярлау кезінде жинақтау негізінің бір табағында газеттің пішімі мен басылым қалыбына қарай, 2 немесе 4 терілген, беттелген беттер орналастырылады. Мұндайда, көбінесе жинақтау жұмыстары терілген терімдерді беттеумен қоса аткарады. Қолмен жинақтаудың қиындығына байланысты, қазіргі кезде электрондық жинақтау жиірек қолданыла бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет