12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Басу қалыптарын даярлаудың сандық (цифровая) технологиясы



бет48/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Басу қалыптарын даярлаудың сандық (цифровая) технологиясы

«Компьютер - басу қалыбы»

Қалыптарды шығару үшін ВАSҒ фирмасының қара қабаты — маскасы бар арнайы пластиналары қолданылады. Қорғағыш фольганы кептіргенде «қара» қабат ашылып, лазер әсер ету арқылы сәулемен жазуға болады.


Лазер сәулесі көмегімен сақтандырғыш фольга бұзылып, «қара» қабат босап шығады. Осы кезде қалыптық пластинада нүктеден соң, нүктені жазу жүргізіледі. Қара қабат көшірілуші материалдың (негатив) міндетін атқарады. Жазу аяқталғаннан соң пластинаның бүкіл аумағы жарықсыздандырылады және одан әрі қарай бедер түзу үшін пайдаланылатын бірқабатты қалыптың пластинасы сияқты өңделеді.
Артықшылықтары:
• даярлау уақытының қысқарылуы;
• • даярлау уақытының қысқарылуы
• даярлау уақытының қысқарылуы
Басылым қалыптарын жинақтау. Жазық клише цилиндрге екі жақты жабысқақ лентамен бекітіледі. Басылым элементтерінің көлемі ұлғайып кетпеуі үшін, басу процесіне дейінгі сатыда ұзына бойы қысу әдісі арқылы өңдейміз.
Шексіз қалыпты (гильза) алу технологиясы. Бұл технологияның принципі жұқақабырғалы металл қабық - гильзаға (Sleeve) қалыптық материал жағылады. Гильзаның ішкі диаметрі арнайы дайындалған, егер қысылған ауаны берген кезде гильза қалыптық цилиндрге жеңіл кигізілінеді, ал ауаны беруді тоқтатқан соң, гильза қалыптық цилиндрге бекітіледі. Гильзаны қалыптық цилиндрге кигізер кезде оның бүкіл беті қалыптық материалмен жабылады. Бұдан кейін, қалыптың бетіндегі материал лазер сәулелерімен әсер етіп бекітіледі. Мұндайда жинақтау кезінде клишеге жапсырылған материалдарда кедір-бұдыр болмайды.


Қайталау үшін сұрақтар

1. Шығыңқы басылым қалыптарының ерекшеліктері қандай?


2. Шығыңқы басылым қалыптары қандай басылым нүктелерінде қолданылады?
3. Қалыптық пластиналар қандай негізден тұрады, олардың қалыңдығы қандай?
4. Флексографиялық басылым дегеніміз не?
5. Электрографиялық басылым үшін қандай басу қалыптары қолданылады?
6. Флексографиялық басылымды қандай материалдарға басуға болады?
7. Фотополимерлік басылым қалыптары дегеніміз не?
8. Көпқабатты полимерлік пластиналардың бірқабаттылардан айырмасы не?
9. ВАSҒ фирмасының пластиналарындағы қара қабат қандай рөл атқарады?
10. Шексіз форманы (гильзаны) қалай алуға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет