Ойыңқы басылым — тарихы сонау ХҮғ. басына келетін, алғашқы нақышталған, оймаланған пластиналардан баспа-таңбалар дайындала басталған кездегі басылымның байырғы тәсілі. Қазіргі кезде дамыған елдерде ойыңқы басылымның үлесіне баспа өнімдері, шамамен, 10-15% тиесілі. Азаю үрдісінің елеулігіне қарамастан, бұл көрсеткіш ұзақ жылдар бойына тұрақты сақталып келеді.
Ойыңқы басылым тәсілінің ерекшеліктері. Біріншіден, басылым қалыптарының босаралық элементтері бір жазықтықта жатады, ал баспа-таңба беретін әртүрлі деңгейде төмен орналасқан.
Екіншіден, ойыңқы басылым қалыптарына басу процесінде түгелдей (басылатын және бос элементтеріне) бояу жағылады. Баспа-таңба алу алдында болат пышақ (ракель) көмегімен бос орындар бояудан сыпырылып, ол өз салмағымен арнайы ыдысқа тамшылып жатады.
Үшіншіден, ракельге тіреуіш жасау үшін, бейнені басу процесінде арнайы растр қолданылады, яғни қазіргі ойыңқы басылым мәтін үшін де, барлық уақытта растрлық қалыппен іске асырылады.
Төртіншіден,көп жағдайларда басылым ротациялық машиналарда өнім өндіріледі және ойыңқы басылым қалыптары цехтарда, тікелей қалыптық цилиндрлерде оймалау, уңғылау тәсілімен дайындалады.
Бесіншіден,басу процесінде жақсы сіңіретін жылтыр арнайы қағаз бен сұйықтау бояулар қолданылады.
Ойыңқы басылымның қалыптары ережеге сай цилиндрлі болып келеді. Ойыңқы ракельді басылымның ерекшелігі, әр түске біріктірілген формалық цилиндр қолданылады. Бұл дегеніміз 4 бояулы машинада әр тапсырыс сайын 4 формалық цилмндр ауыстырылып отырады.
Ойыңқы басылым элементтері аумақтары жағынан өте кішкентай ойықтар растрлық ұяшықтар болып табылады. Олар бір-бірлерінен жұқа қоршаулармен — қалыптық материалдың бет жағынан бір деңгейде орналасқан босаралық элементтермен бөлінген. Растрлық ұяшықтардың аралықтары ракельге тіреу қызметін атқарады.