Резеңке клишелер - олар матрицалау жолымен шикі резіңкені пайдаланып, вулканизациялау арқылы даярланады.
Қалыңдығының біркелкілігі клишенің сырт жағын тегістеумен қамтамасыз етіледі. Резіңке, дәлірек айтсақ, эластомерлік, клишенің сапасы, егер олардың барлық бетіне эластомер жағып, одан соң оның бетінде лазерлік оймалармен басылым бедерін орналастырса жақсара түседі. Бұл клишенің таралым басу кезіндегі төзімділігін арттырады және осыған байланысты, растрлық нүктелердің тығызданып қалуын азайтады.
Лазермен ойылған клише аз таралған, олардың растрларының линиатурасы 40лин/см, бұл полимерлік басылым қалыптарындағыға қарағанда әлдеқайда төмен(60лин/см).
Фотополимерлік басылым қалыптары — бұлар басылушы, кей жағдайларда бос элементтері фотополимерден жасалынған қалыптар. Флексография үшін басу қалыптары ретінде қазір, негізінен, шайылатын фотополимерлеуші пластиналар қолданылады және әртүрлі негіздік материалдарға байланысты әртүрдегі шаю жүйелері мен әртүрлі шаю тереңдіктері ұсынылады. Қалыптың негізгі төсеніші ретінде болат, аллюмииий немесе лавсан қолданылады. Қалыптар пластиналардың түрлеріне қарай, олардың қалыңдықтары 0,8-ден 1,75мм, ал қалыптың қызметі мен түріне қарай, бедерінің биіктігі 0,2-ден 0,67мм дейін болады. Бедерлік қабат негізге нықтап бекітілген фотополимерленуші материалдан (УФ сәулелерге сезімтал толқындарының ұзындығы 360-370мм) жасалынады.
Флексографиялық басылым қалыптары даярланған фотополимерленуші материалдар сұйық ( Liquid жүйелерін) немесе қатты (Solid жүйесі) болулары мүмкін, қатты қалып жиірек қолданылады. Фотополимерленуші материалдар үшін шикізат қызметін эластомерлік байланыстырушы зат, қанықтырылмаған мономерлер және УФ- фотоинициаторлар атқарады. Олар суда және органикалық еріткіштерде ериді. УФ-сәулелерімен сәулелендіргенде полимерлеу реакциясының барысында құрылған полимерлер ерімейтін боладьі. Ішінара сәулелендіргенде фотополимерлердің сәуле әсер еткен, жарықсезгіш қабаттары қатайып, ал сәулеленбеген учаскілерді ерітуге болады, яғни олар шайылу қабілетін сақтап қалады. Бұл қасиет бедерлі басылым қалыптарын даярлауда қолданылады.
Бірқабатты пластиналар қорғағыш фольгамен жабылған бедерлі қабаттан тұрады. Ажыратушы қабат қорғаушы фольганың оңай ажыратылуын қамтамасыз етеді. Пластинаның қарсы бетіндегі лавсан негіз оны тұрақтандыруға қызмет етеді.
Бір қабатты қалыптық материалдарды өңдегенде, алдымен, көшірме түнұсқасыз қарсы беті біркелкі жарықтандырылады. Қарсы бетті жарықтандыру фотополимерлеуші қабаттың барлық аумаққа біркелкі бірігуін, сондай-ақ, жұқа құрылымдардарда аралық бедердің құрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Негізгі жарықтау пластинасының сыртқы бетінен қорғау пленкасын ажыратқаннан соң, пластинаның сыртқы бетіне негативті (көшірілуші түпнұсқаны) орналастырғаннан кейін вакуум астында іске асырылды. Бедер фотополимерлеу жолымен құрылады. Негізгі жарықтандырудан кейін, шаю іске асыралады. Еріткіштің көмегімен басылым қалыптарының полимерленген (жарықталмаған) учаскелері шайылады. Мұндайда щеткамен механикалық өңдеу іске асырылады. Шайылған басылым қалыбына бедерлік қабатқа енген еріткіш толық ұшып кетуі үшін барынша кептірілуі қажет. Одан соң, бедердің аумағы түгелдей полимерленуі үшін пластинаның барлық аумағы қалыпсыз біркелкі жарықтандырылуы тиіс.
Сапалы растрлық басылымға арналған көпқабатты пластиналар өз құрылымында салыстырмалы берік жұқақабатты жиырылымды негізде пластиналар принципін біріктіреді. Төсеніш бедерлі қабат үшін жиырылмаған негіз құрайды және басу кезінде өзіне сыртқы күштің әсерін қабылдайды. Тұрақтандырушы қабат қалыптың цилиндрге бекіту кезінде жазық басылым қалыбының сыртқы күштің әсерінен майыспауын (деформация) қамтамасыз етеді. Өнім сапасын арттыру, жиырылым қабатын басылым цилиндрін жапсырған жағдайда ғана қол жеткізіледі.