6.5. Басылым қалыбын лазермен оймалау (гравирование)
Электронды-механикалық әдіске балама ретінде басу қалыптарын лазерлік және электрондық оймалау әдістері ойлап шығарылады. Басу қалыптарын лазерлік нақыштау кейбір кәсіпорындарда қолданылып келеді. 1995ж Мах. Datwyler АG компаниясы қатты денелі лазер пайдаланушы, басылым элементтің қалыптық цилиндрінің цинктік қабатында алуға қалыптарды тікелей оймалауды іске асыруға мүмкіндік беретін лазерлік құрылғының өндірістік нұсқасын шығаруға болатын (ол La-serstar деген атұа ие болды). Оймалаудың бұл тәсіліндегі басылушы элементтердің қалыбы күйдіру тәсілімен алынатын (күйдіру жиілігі 70кг/ц құрайды) элементтердің қалыбына ұқсас.
Оймалау жасалынғаннан кейін, цилиндр жылтыратылады, тазаланады және ақырында, оны хром қабатымен қаптайды. Цилиндрлерді басылыстан соң, нақыштау даярлау процесі ұқсас механикалық, химиялық және электрохимиялық жұмыстарды қолдануды талап етеді. Қалыптық қабат ретінде мысты біртіндеп мырышпен алмастыру үрдісі соңғы кездерде кеңінен қолданыс тауып келеді.
Лазерлік технологияның дамуына байланысты, ойыңқы басылым технологиясы жаңа мүмкіндіктер алды, дәстүрлі ойыңқы басылымға тән олқылықтар - штрихтың детальдарымен қоса, оқуы қиын ұсақ мәтін барынша қысқартылып, жиілікті-модульденген растрларды қолдану мүмкіндігі пайда болды.
Тікелей емес (жанама) оймалау технологиясының мәні - қалыптық цилмндрдің мыс жағылған қара жарықсезгіш қабатты пайдалануға мүмкіндік беруі.
Өндірістік басу машиналарына жұмыстарын азайту үшін, кәсіпорындарда алғашқы басылымды арнайы сынама даналар алу үшін құрылғылар орнатылады. Ол қағаз жаймасын (әдетте, әртүрлі ендіктегі рулондарды пайдалануға есептелінген) тарататын қарапайым механизмнен тұрады (үш басылым секциясынан және парақ қабылдағыштан). Басылым секцияларының аралықтарындағы кептіргіш басудың жылдамдығының баяулығынан (таралым басудың өңдірістік жылдамдығының 15% шамасында) басу машиналарына қарағанда анағұрлым қысқа. Кептіру құрылғысы, көбінесе, біржақты орындалады.
Басылым цилиндрін алмастыру механизмі әртүрлі ендіктегі басылым цилиндрлерін орнату үшін қолданылатын үш немесе төрт магазинді құрылғысымен жабдықталған. Бұдан басқа да, сынама басатын ойыңқы басылым станоктары бар, оларда үлкен барабанға бекітілген қағаз парағына төрт қалыптық цилиндрдің бірінен соң, бірін басу бояулары жағылады, бұл арнайы құрылғыны қолдану жолымен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |