Ойыңқы басылымның дәстүрлі тәсілінде бейнені қалыптық цилиндрде аралық жарық көшірме материалдың - пигментті қағаздың көмегімен құрылған сәуленің әсер етуінің нәтижесінде жарықсезгіш қабатының беті арқылы мысты күйдірмелеу жолымен алады. Мәтіндер мен суреттік көркемдеулердің диапозитивтерінің біріктірмелерін әзірлеу цилиндрдің өзін дайындаумен қатар жүргізіледі. Және оның офсет біріктірмелерін әзірлеуден еш айырмашылығы жоқ.
Сонымен, қабаттас қызыл-қоңыр түске боялған желатин қабатты қағаз немесе өзгеріске төзімді полимерлік төсемелі болып келетін пигменттік қағазда әзірленіп, сәулелендіріп жатады. Пигменттік қағаз дайындау деген — қажетті көлемді қағаз шиыршықтамадан кесіп алып, хром ерітіндісі бар астауға салынады. Ерітінді бойына сіңген соң дымқыл пигментті қағазды қабатымен шыныға төсейді де, сол қалпында кептіреді. Осы күйде қағаз жарық сезгіштенеді.
Диапозитивтік біріктірме мен пигментті қағаз көшірмелеу тиісті ыдысқа салынады да, одан әрі кескіндеме жүргізіледі. Алынған пигментті көшірме дымқылдандырып желатин қабатымен цилиндр бетіне жапсырылады. Айналып тұрған цилиндр жылы суға батырылып айқындалынады. Әуелі қағаз төсеніш алып тасталынып, желатин қабатының сәуле әсер етпеген жерлері жуылып кетеді де, сәуле түскен жері қалып қояды. Пайда болған бейнелерді кептіріп, цилиндрдің өңделмейтін тұстары жылтыр сырмен боялып, содан кейін кескіндер хлорлы темірдің әртүрлі қоспаларының ерітінділерімен (желатин бедерлері арқылы) күйдірмелене бастайды. Ерітінді әлсіз болған сайын, қышқыл желатиннен соғұрлым тез өтеді де, мысты да қышқылдандырады. Бұл жұмысты орындау мол тәжірибені және жоғары кәсіпкерлікті талап етеді. Соңғы жылдары бұл жұмыстарды автоматты түрде машиналар атқарады.
Қалың учаскелерге қарағанда желатин қабатының жұқа учаскелерінде күйдірмелеу ертерек басталады, демек, мыс қабатында алынған басылушы элементтердің деңгейі үлкенірек болады. Нәтижесінде, процесс аяқталғаннан кейін, цилиндрдің бетінде басылушы элементтердің аумағы тұрақты, деңгейі өзгермелі басу қалыбы алынады.