6.4. Ойыңқы басылым қалыптарын электронды механикалық
оймалау тәсілімен (гравирование) даярлау
Ойыңқы басылым қалыптары, әдетте, электронды-механикалық нақыштамалау түпнұсқалары – электронды-механикалық автоматтарында (ЭМГА), мысалы, Хелл фирмасының (Германия) «Гелиоклишографында» даярланады. Оларда мынандай процестер орындалады:
- бейнелік және мәтіндік ақпаратты өңдеу;
- енгізілген бейнені сканерлеу;
- бейнені қалыптық цилиндрде ретке келтіру;
- үлкен пішімдерді реттеу;
Оймалау кезінде растрдың сызықтарының биіктігі, реңдік және растрлық бейнелердің бірмезгілде өңделуі іске асырылады. Оймалау процесінде қалыптық цилиндрлерде жонғыш (резец) деңгейімен (ұңғыланған) өзгермелі ұяшықтар түрінде бедер жасалынады. Мұндайда басылушы элементтердің қалыбы кері бетті төртқырлы пирамидаға ұқсайды. Түпнұсқаны сканерлеу қызметін мөлдір емес фотоматериалдың галогенді күміс қабатты синтетикалық майыспайтын астар (төсеніш) толтырғыштардан жасайды. Оларды негативтер мен позитивтерді үлгі бойынша құрастырып, ұштастыру тәсілімен алады.
Сканерлеу барысында алынған электр сигналдары электрондық блоктарға енгізіліп, оларда басылым қалыбындағы бейненің сипаттамаларымен қамтамасыз етеді. Өзгерткіштердің шығар жерінде алынған электр сигналдары нақыштама құрылғысына беріледі, нақыш салу алмас жонғышпен орындалады. Қалыптық цилиндрге мынандай:
- көлемдеріне, мысталған бетінің өңделуінің тазалығы;
- мыстың құрылымы мен қаттылық талаптары қойылады.
Мыстың микроқаттылығы 160 кг/мм шамасында болуы керек. Жұмсақ мыс нақыштаудың сапасын төмендетеді, жаңқаларды кетіруді қиындатады. Ұнғыланған деңгейлердің арақашықтығы 5-40мкм болады. Қалыптарды «Гелиоклишографта» даярлағанда көпбояулы басылым үшін реңдік немесе растрлық түске ажыратылған диапозитивтерден алады.
Растрлық фотоқалыптарды пайдалану мүмкіншілі үлкен және технологиялық тұрғыда мынадай артықшылықтары бар:
1. Түске бөлінген фотоқалыптарды тексеруге болады. Ол үшін алғашқы сынама офсеттік басылым қалыптарын жасайды да, олардан сынама баспа-таңбаларын алады.
2. Растрлық фотоқалыптарды қазіргі жарық ажыратқыштарда электрондық растрлаумен алу реңдік, жарық ажыратқыштарда алудан гөрі тиімдірек, процесс офсеттік басылым үшін фотоқалыптарды алғаннан кейін бірыңғайландырылады. Электромеханикалық нақыштау процесі басылым қалыптарын пигменттік тәсілмен алудан түбегейлі өзгеше.
Қазіргі өндірісте процесті басқарып басуға дейінгі процестердің мәліметтерінің жүйелі түрде іске асырылу, сканерленуші түпнұсқаның нақыштауда цилиндрмен синхронды айналушы барабанда жинақтауын қажет етпейді.
Қалыптық цилиндр нақыштау кезінде тұрақты айналым жылдамдығымен қозғалады (шамамен 1м/су).
Цилиндр жылдамдығының тұрақтылығымен үздіксіз айналуы, сонымен бірге, тұрақты жиілік басылушы элементтердің бір-бірлерімен цилиндрдің радиусы бойынша бірдей қашықтығын қамтамасыз етеді.
Алғашқы баспа-таңба алар алдында цилиндрді жылтыратады, одан соң, сынама басылыстың нәтижесіне қарай шмалап қолмен түзетеді.
Аяқтаушы кезең ретінде хром қабатын жағады, бұл басылым қалыбының таралым төзімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Ойыңкы басылымда қалыптарды нақыштау үшін, түпнұсқалар ретінде растрлық фотоқалыптарды қолдану технологиясы арнайы тетіктер арқылы іске асырылады. Фотоқалыптар растрының, әдетте, 54лин/см кем болмауы керек. «Гелиоклишографтардың» кейбір модельдері процесті «компьютер-басу қалыбы» сұлбасы бойынша орындауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |