12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет119/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Жинақтаудың түрлерін атаңдар және оларға сипаттама беріңдер.


2. Блоктарды жинақтауға қойылатын талаптар.
3. Парақ жинаушы машинамен жұмыс істеудің технологиялық процесінің мәні неде?
4. Жиынтықтау сапасын тексеру үшін таңбалардың қызметі мен орналасуы туралы әңгімелеп беріңдер.
5. Блоктарды жинақтағаннан кейін сығымдау мен қысудың қажеттіліктері неде?


14.3. Блоктарды жиыстырып, дәптерлерді бір-біріне бекіту

Кітап-журнал типті басылымдар мен бұйымдар өндірісінде кітап, журнал және кітапша блоктарын бекітудің 30-дан аса нұсқаулары бар, оларды 14 түрге және 5 тәсілге бөлуге болады: жіппен тігу, желіммен тігусіз бекіту (ЖТБ), тігіп-желімдеп бекіту (ТЖБ) және механикалық бекіту. Әрбір тәсілдің өз жетістіктері мен кемшіліктері бар, оларды кітап өнімдері мен ақтық өнім түрлерін басып шығаруда осыларды ескере отырып, таңдайды. Әрбір тәсілдің сипаттамасында өнімнің бірлігіне жұмсалынатын қаржы және еңбек шығындары, сонымен бірге блоктарды бекіту операциясының дайын өнімнің сапасына әсері атап көрсетіледі.


XXғ соңына қарай Қазақстанда және шет елдерде дәптерлер бойынша дәкесіз жіппен тігу, сыммен желбегей тігу және түбін оймалап желіммен тігусіз бекіту кеңінен таралуда.
Жіппен дәптер бойынша дәкесіз тігу кітап өнімінің ұзақ пайдаланылуын және жақсы ашылуын қамтамасыз етеді. Ол кітаптар мен жазусыз тауарларды шағын, орташа және ірі сериалы өндіруде табысты түрде қолданылып келеді, өйткені жетекші машина жасаушы фирмалар кітапшалау-түптеу жұмыстарының басым бөлігін механикаландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік беретін станоктарды, автоматтар мен агрегаттарды көптеп шығаруда.
Сыммен желбегей тігу - қарапайымдылығына, еңбек және материалдық шығындарының аздығына байланысты көлемдері кішірек кітап басылымдарын, кітапшаларды, мектеп дәптерлері мен басқа да құжаттарды шығаруда кеңінен қолданылып келеді. Сыммен бүйірден тігу мен дәптерлер бойынша оймалап тігу бекітудің желімдеу және механикалық тәсілдерінің кеңінен дамуларына байланысты шектеулі көлемде қолданылады.
Желіммен тігусіз бекіту тәсілдері ХХғ екінші жартысында жұмыстар санының аздығына, сондай-ақ, кеңінен механикаландырылуы мен автоматтандырылуына, дайын өнімдердің жақсы ашылатындықтарына байланысты, тігу тәсілдерін едәуір ығыстырып шығара алды, бірақ олардың кемшіліктері - материалдарды таңдауға қатаң талаптар қою (желім мен қағазға), техникалық процестер режимін қатаң сақтау - желім мен жапсырудың беріктігі мен сенімділігін, яғни кітап өнімінің ұзақ қызмет етуіне елеулі әсер ететін тігу-желімдеу және желімдеп бекітулерінің артықшылықтарын (еңбекті аз жұмсау, жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді, аса беріктігі және жақсы ашылымдығы) біріктіреді, бірақ Қазақстан мен ТМД елдерінде, өкінішке орай, кең қолданыс таппады.
Блоктарды бекітудің механикалық тәсілдері дәптерсіз деп аталатын технологияда, шағын және орта сериялы аз тауарларды шығаруда қолданылады, өйткені жеке парақтарды оңай ажыратуға, блокты қосымша басылымдармен толтыруға мүмкіндік береді. Олардың араларында көбірек тарағандары тарақпен және спиральдермен бекіту басылымның немесе бұйымның толық ашылуын қамтамасыз етеді. Құрылысының қарапайымдылығы мен бағасының онша қымбат еместігіне байланысты шығарылатын жабдықтарды шағын кәсіпорындар кеңінен қолдануда және құлыппен бекіту әр түрлі мұрағаттық құжаттарды сақтау үшін пластмассадан және қатырмадан папкалар жасау өндірісінде шектеулі көлемде қолданылады. Берік, әрі органикалық қолданылуына қарай бекітудің екі түрі бар – бұрандамен және тойтармамен: олар негізгі өндірісте фотосуретті альбомдарға қолданылады.
Жіппен тігу - жеке дәптерлерден жинақталған блоктарды бекітудің ежелден келе жатқан сенімді және ұзақ мерзімдік тәсілі. Ол кейінірек механикаландырылды және автоматтандырылды. Осы уақытқа дейін кітап басылымдарын бекітудің негізгі тәсілі болып отыр. Бірсыпыра полиграфиялық өнімдерді тек жіппен тігу қарастырылған, бекітудің басқа түрлерін қолдануға рұқсат етілмейді. Бұл жіппен тігу басылымдардың жақсы ашылуы мен барлық дәптерлердің блокта берік бекітілуін қамтамасыз етіп, тігілген блоктарды сығымдауға, оларды блок өңдеуші агрегатттарда өңдеуге, осылардың нәтижесінде жоғарғы сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.
Блоктарды жіппен бекітудің түрлері көп. Жіппен тігу түптің бүгілмесі бойынша да, дәптердің түптеу жиегі бойынша да іске асырылады, ал дәптерлер бойынша тігу немесе блоктар бойынша тігу түрлерінде орындалады. Бірінші тәсіл іріктеу жолымен жинақталған блоктар үшін, екіншісі - салмалы жолмен жинақталған блоктар үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет