12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет117/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

14.2. Блоктарды жинақтау

Бүктемелеумен күрделі дәптерлерді даярлағаннан кейін басылымның басты бөлігі - блокты қалыптастыру, яғни дәптерлерді белгілі тәртіппен жинақтау іске асырылады.


Жинақтау деп бүктелінген дәптерлермен қосымша элементтерді блокқа біріктеуді айтады.
Блоктарды жинақтау бөлімінде дәптерлер басу цехынан ротациялық рулондық немесе бүктемелеу машиналарынан, қосымша элементтері бар дәптерлерді желімдеу бөлімінен, сонымен бірге бір немесе екі бүгілген жапсырма бейнелері бар дәптерлер де келіп түседі.
Блоктың барлық элементтері белгілі тәртіппен жинақталуы тиіс. Кітап-журнал өнімдерінің дәптерлерін блокқа жинақтаудың екі принциптік айрмашылықтағы тәсілі бар – ендірме салым және текшелеп жинақтау. Ендірме салымда жинақтау бір дәптер екіншісінің ішіне салынады (сурет-а), ал текшелеп жинақтауда дәптерлер бірінің үстіне бірі салынып текшеленіп жиыстырылады.


Қағаз жннақтаушы машиналардағы қағаз бергіштердің нұсқалары:
а) қысқыштарымен қарпитын қағаз бергіш;
б) қарпығышты цилиндрдегі қағаз бергіш.

Дәптерлерді блокқа жинақтау тәсілі тапсырысты орындау технологиясын жобалаудың басында, басылымның мәтіндік бөлігін басылым қалыптарын даярлау нұсқасын белгілегенге дейін белгіленуі тиіс, өйткені салымдау мен текшелеп жиыстыру тәсілдері әртүрлі технологиялық әдісті талап етеді.


Ендірме салымды жинақтау кезінде дәптерлерді бір-бірлерінің ішіне, содан соң тыстамаға салады, яғни бүкіл басылым жинақталады. Жинақтардың бұл тәсілі көлемі аз, құрылысы қарапайым, 1м2 қағаздың салмағына қарай 64-80 беттен аспайтын кітап-журнал басылымдарын даярлағанда қолданылады. Тәсіл басылымды аз операциялар және қарапайым жолмен шығаруды қамтамасыз етеді. Аз таралымды басылымдарды салмалы жинақтау көбінесе қозғалмалы транспортерді пайдалану арқылы іске асырылады, транспортерге алдын-ала ашылған дәптерлер мен тыстаманы қолмен салады. Орташа, үлкен және ірі таралымды басу үшін жинақтаудан басқа бекіту және 3 жағынан кесу жұмыстарын орындайтын механикаландырылған және автоматтандырылған жабдық қолданылады.
Мұндай жағдайларда салу-тігін машиналары мен салу-тігу-кесу агрегаттары қолданылады, бұл аз көлемді басылымдарды даярлаудың өндірістік циклін барынша қысқартуға және өнімнің сапасын aрттыруға мүмкіндік береді.
ВШ-1 типті салу-тігін машинасының алтыға дейін секциялары болады және 70-140 цикл/мин есептелінген, бірақ дәптерлерді ашу мен оларды транспортерге салу қолмен орындалатындықтан, ең көп деген жылдамдық әдетте 100-110 цикл/минуттан артпайды. Салма-тігу-кесу машинасы салумен жинақталынатын аз көлемді 180-200 дана/мин өнімділікпен шығарушы автоматтың ағынды желілері болып табылады. Әлемдік полиграфияда «Мюллер-Мартини», «Шеридан», «Полиграф» фирмаларының агрегаттары кеңінен қолданылуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет