12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Кітап блогінің қырындағы белгілер



бет118/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Кітап блогінің қырындағы белгілер
1 - тапсырыс белгі; 2 – дәптерлік белгі.

Текшелеп қаттау тәсілімен жинақтау парақ жинайтын машиналарда орындалады, жеке және кішігірім баспаханаларда ғана қол еңбегі қолданылады. Іріктеу үшін құрылыстары әртүрлі парақ жинайтын машиналар шығарылған, олар принципінде үзік-үзік қозғалушы транспортерден және дәптерлер бумалары тиелген бірнеше бөлімдерден тұрады.


Транспортер станцияға сәл уақыт аялдаған кезде қысқыштар буманың төменгі жағынан бір дәптерді қыстырып алып, оны таспаға жайғастырады. Келесі бөлімде жатқан дәптердің үстіне екіншісі, келесісі қабылдау столына қажетті тәртіппен орналастырылған дәптерлердің толық жиынтығы шыққанша, осылайша кете береді. Машиналардағы бөлімдер сандары әртүрлі (12, 18, 24, 30 және 36), блоктардың көлемдері салыстырмалы түрде кішілеу болғанда, бір мезгілде бір емес, екі-үш жиынтық дәптер алуға мүмкіндік береді. Керісінше, баслымның көлемі өте үлкен (мысалы, томдары 50-60 дәптерлерден тұратын энциклопедияларда) іріктеуді келешек блоктың бір блогы шығарылатын қосымша транспортермен байланыстырылған қосарланған қағаз жинаушы машиналарда іске асырады.
Қанша бөлімді машина керек екендігін көбірек қездесетін басылым көлемдеріне қарай кәсіпорынның өзі таңдайды. Кітапшаларды (брошураларды) даярлау кезінде парақ жинақтаушы машинаның жалпы түрі іріктеу мен жинақтау жиірек келесі жұмыспен қосарланады (жинақтау-тігу агрегаттары, кітапшаларды тігусіз даярлау ағынды желілері т.т.). Дәптерлерді жинақтау кітап-журнал басылымдарын қалыптастырудың жалпы процесінде үлкен орын алады, өйткені нақ осы жұмыс барысында кітап немесе кітапша блогының жеке бөліктері біріктіріледі. Барлық келесі жұмыстар дәптерлер жиынтықтарда дұрыс тәртіппен орналасқан және ешқандай орын ауыстырудың қажеті жоқ деген жорамалға негізделінеді.


Жіппен блокті тігу сұлбасы. 1 - блок; 2 – капрон жіп.

Жинақтауды көзбен бақылау дәптердің қатар санын және оның белгілі бір тапсырысқа жататындығын көрсететін арнайы таңбалар бойынша іске асырылады.


Дәптерлердің түп бүгілмелерінде орналастырылған бақылау таңбаларының басқа да жүйесі қолданылады, оларды түптеу таңбалары деп атайды. Өздерінің қызметтеріне қарай олар тапсырыстар бойынша - 1 және дәптерлер бойынша - 2 деп аталады. Барлық дәптерлердің тапсырыстық таңбалары шеттен бірдей қашықтықтарда орналасқан және блокгың түбінде екі тұрақты жолақ құрайды. Тапсырыстық таңбалардан айырмашылығы дәптерлер бойынша таңбалар бір-бірлерінен белгілі көлемге қашықтатылып орналастырылған. Егер жинақтау дұрыс жасалынса, дәптер таңбалары ерекше өрнек «баспалдақ» түзеді, оның бұзылуы қателіктер кеткендігін көрсетеді. Көлемді дәптерлер саны көп басылымдарда дәптерлік таңбалар екі тіпті үш қатар орналасады, әрбір қатардағы таңбалар әртүрлі. Қате жіберіп қоймау үшін, әр түрлі тапсырыстардың дәптерлеріндегі түптік таңбалар әр түрлі болулары және бүгілімдерге әр түрлі орналасулары тиіс. Жинақтаудың дұрыстығын тексерудің автоблоктік құрылғылардың жұмысын дәптерлер мен даяр жиынтықтарды көзбен тексеруді біріктіретін бақылау бәрін бірдей қамти алмайды. Парақ жинақтайтын машиналардан аз да болса да, ақаулы жиынтықтар шығып жатады, оларды машина да, іріктеме бақылау да дер кезінде табуға дәрменсіз. Бұл блоктарды тігу сатысында жүргізілетін қосымша бақылау ұйымдастыруға мәжбүр етеді.
Жиынтықталған блоктар мына талаптарға сәйкес болулары керек:
1. Жиынтықта осы басылымның барлық дәптерлерінің болуы.
2. Дәптерлерді орналастырудың дұрыс тәртібінің сақталуы.
З. «Бөтен» және айналдырылған дәптерлердің болмауы.
4. Дәптерлерде кір мен ақаулардың болмауы.
5. Блоктың түп жағының қалыңдығының барынша аз болуы.
6. Блоктардың түптерінде таңбалардың болуы.
Технологиялық процестің әртүрлі сатыларында орындалатын жартылай өнімдерді сығымдау дәрежесі көп дәрежеде дайын өнім сапасына әсер етеді.
Блоктың түбі мен алдыңғы жағының қалыңдықтарының әр түрлілігі дәптерлердің сапалы бекітілулеріне, сонымен бірге блокты одан әрі өңдеуге кедергі болады. Дәптерлердің жоғарғы және төмен бүгілімдерінің өнімінің сапасына елеулі әсер етпейтіндігін есте ұстау керек, өйткені блокты үш жақтан кескенде олар қырқылып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет