Гидрогендену реакциясы. Қанықпаған май қышқылының қалдығына сутек атомдарын қосады. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.
Күрделі липидтерге – фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер жатады.
Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1,2-диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген.
Табиғи фосфолипидтерде С16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Бірақта көбінесе С16-С18 май қышқылдары кездеседі.
Сфинголипидтердің төрт тобы бар:
1) сфингомиелиндер,
2) цереброзидтер,
3) ганглиозидтер, сфигозин
4) сульфолипидтер.
Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған аминоспирт.
Цереброзидтер - сфинголипидтер ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде сүтқоректі жануарлардың миында және жүйке ұлпасында кездеседі.
Фосфоглицеролипидтер
Фосфоглицерофосфолипидтер жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі ұлпаларында көп таралған. Ең көп таралған фосфолипидтер глицериннің жоғарғы майлы қышқылдардың және фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі эфирлер болып саналады. Ең қажетті үш фосфолипид:
фосфатидилэтаноламин,
фосфатидилхолин,
Фосфатидилсерин .
Фосфатидилэтаноламиннің құрамына аминді спирті этаноламин (коламин) кіреді.