12-Тақырып. Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары. Мақсаты


Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше мақсаттары бар



бет2/7
Дата05.12.2022
өлшемі112,74 Kb.
#54908
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 Тақырып Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары

Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше мақсаттары бар:
1. Экономикалық циклдің ауытқуларын қалпына келтіріп отыру.
2. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
3. Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу.


Қалыптасып отырған экономикалық жағдаятқа (коньюнктура) байланысты бюджет-салық саясатын жүргізудің екі түрі бар:
1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты.
2. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты.


Дискрециялық бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің арнайы шешімдері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюджет сальдосын және мемлекеттік шығындар көлемін мақсатты бағытта өзгерту шараларынан тұратын іс-қимылдар. Саясаттың бұл түрін жүргізу барысында үкімет арнайы заңдар қабылдап, инфляция қарқынын, жұмысбастылық деңгейін, өнім көлемі мен төлем балансы жағдайын мақсатты түрде өзгертіп отырады. Дискрециялық бюджет-салық саясатының өзі екіге бөлінеді:
1. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (экспансиялық саясат немесе қазыналық экспансия) – бұл қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық салуды төмендету немесе осылар арқылы біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Басқаша, бұл белсенді фискалдық саясат деп аталады.
2. Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) – бұл экономиканың циклдік дамуын тежеу мақсатында мемлекеттік шығындарды төмендету, салық салуды арттыру немесе біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Демек, бұл енжар фискалдық саясат болып саналады.
Дискрециялық бюджет-салық саясатының құралдары:
 салық мөлшерлемесін өзгерту;
 қоғамдық жұмыс жобалары;
 халықты жұмыспен қамту.


Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің арнайы шешім қабылдауын талап етпей, автоматты тұрақтандырғыштар арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өздігінен реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс-шаралар кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет