12-Тақырып. Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары. Мақсаты


Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар



бет3/7
Дата05.12.2022
өлшемі112,74 Kb.
#54908
1   2   3   4   5   6   7
Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар – үкіметтің саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік ауытқуларын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетіктер жүйесі. Мұндай тұрақтандырғыштарға үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттік төлемдер, жұмыссыздықтан сақтандыру, пайданы бөлісу жүйелері жатады.

Экономиканың өрлеу кезеңдерінде автоматты тұрақтандырғыштар бюджетке түсетін салықтардың артуына және бюджет артықшылығының орын алуына мүмкіндік береді. Ал экономиканың құлдырау кезеңдерінде бұл үрдістер керісінше жүріп отырады. 12.1-суреттен үдемелі салық салу ретіндегі автоматты тұрақтандырғыштардың іске қосылу механизмін көруге болады.



12.1-сурет. Үдемелі салық салу және автоматты тұрақтандырғыштар


12.2. Бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторлары. Салық
мультипликаторы. Баланстанған бюджет мультипликаторы. Хаавельмо
теоремасы.

Үкімет дискрециялық бюджет-салық саясатын жүргізу кезінде жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да бірдей әсер етеді. Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторы, салық мультипликаторы және баланстанған бюджет мультипликаторы сияқт үш мультипликатордың іске қосылуы есепке алынады. Ал ұсыныс теориясы шеңберінде «Лаффер әсері» қарастырылады.




Бюджет мультипликаторы мемлекеттік шығындар динамикасының өзгеруі нәтижесінде ұлттық өндірісте орын алатын өзгерістерді сипаттайды. Ол мемлекеттік шығындардың бір бірлікке ұлғаюы кезіндегі ұлттық өндіріс көлемінің қанша есеге өсетінін көрсетеді және ол мына формула бойынша анықталады:


mg = ∆Y / ∆G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS,

мұнда, ∆Yөндііс көлемінің өсімі; ∆G – мемлекеттік шығындар өсімі; MPCтұтынуға шекті бейімділік; MPS – жинақтауға шекті бейімділік.


Салықтар мөлшерінің өзгеруі де табыстың тепе-теңдік деңгейіне мультипликативтік әсер береді, бірақ оның әсері аса жұмсақтау, яғни салық мультипликаторы өзінің шамасы бойынша мемлекеттік шығындар мультипликаторынан кіші болып келеді және ол мына формуламен
есептеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет