12-Тақырып. Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары. Мақсаты


Ішкі қарыз – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін ел ішіндегі резиденттерден алған қарыз сомалары. Сыртқы қарыз



бет7/7
Дата05.12.2022
өлшемі112,74 Kb.
#54908
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 Тақырып Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары

Ішкі қарыз – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін ел ішіндегі резиденттерден алған қарыз сомалары.
Сыртқы қарыз – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін шетелдердегі резидент емес тұлғалардан (үкіметтен, ұйымдардан, азаматтардан) алған қарыз сомалары.

Мемлекеттік қарызды бағалау келесідей көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады:


1. Мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің ЖІӨ көлеміне қатынасы.
Қарыз / ЖІӨ.
Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 80%-дан аспауы тиіс.
2. Қарызға нақты қызмет көрсету коэффициенті – қарызды жабуға бағытталған қаржы көлемінің (қарызды және сол бойынша пайыздарды біртіндеп жабу) бюджет шығындарына қатынасы. Егер бұл көрсеткіштің мәні 20 % -дан асса, онда қарыздың ауыртпашылығы өте жоғары және тым ауыр деп саналады.
3. Сыртқы қарызға қызмет көрсету коэффициенті – сыртқы қарызды жабу бойынша шығындардың экспорт көлеміне қатынасы.
Мемлекеттік қарызды төмендетудің келесідей механизмдері бар:
қарыздарды қайта құрылымдау;
 қарыздарды конверсиялау.


Қарыздарды қайта құрылымдау деп біз «ескі» қарыздық міндеттемелерді қарызды жабудың аса жақсы әрі «жеңіл» шарттарымен (аса төмен пайыздық мөлшерлемелер, төлем мерзімдерін ұзарту және т.б.) ауыстыруды айтамыз. Көрсетілген бұл шара кедей және жағдайлары аса төмен елдерге тән құбылыс болып табылады.
Мемлекеттік қарызды конверсиялау дегеніміз – қарыз міндеттемелерін тауарлық жеткізілімдерге немесе кәсіпорын акцияларына (своп) айырбастау. Алайда, біздің елдің шетелдіктерге қарыздық міндеттемелер үшін бергісі келетін акциялары әрқашанда әлемдік нарықтарда сұранысқа ие бола бермейді.


Қорытынды
Бюджет-салық саясаты – макроэкономикалық саясаттың негізгі бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық проблемаларды реттеу үшін мемлекеттің шығындар мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне саналы түрде әсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне және бағаның жалпы деңгейіне әсер ете отырып, жұмыссыздық пен инфляция сияқты макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағытталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет