Таза салықтар – жиынтық салықтар мен трансферттік шығындардың арасындағы айырма:
Т = Tx – Tr. 2. Мемлекеттік секторда игіліктерді өндіріп сатуынан түскен мемлекеттің факторлық табыстары (YG). 3. Мемлекеттік қарызды жасау және одан түскен табыстар (DG).
Вагнер заңы – бұл әлемдік экономиканың дамуымен байланысты ЖҰӨ-гі мемлекеттік шығындар үлесінің тұрақты түрде өсіп отыру құбылысы.
Біз білетініміздей, мемлекеттік бюджеттің үш күйі қарастырылады: 1. Егер мемлекеттік бюджеттің шығыстары оның кірістеріне тең болса, онда баланстанған мемлекеттік бюджет орын алады.
2. Егер мемлекеттік бюджеттің шығыстары оның кірістерінен асып кетсе, онда бюджет тапшылығы орын алады.
3. Егер мемлекеттік бюджеттің кірістері оның шығыстарынан асып кетсе, онда сәйкесінше, бюджет артықшылығы орын алады.
Толық жұмысбастылық кезіндегі бюджеттің негізінде бюджет тапшылығының мынадай түрлері ажыратылады: 1) Құрылымдық бюджет тапшылығы – толық жұмысбастылық пен нақты жұмысбастылық кезіндегі бюджет тапшылықтарының арасындағы айырмашылық, яғни ол толық жұмысбастылық пен нақты салық салу жағдайындағы мемлекеттік юджеттің кірістері мен шығыстары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
2) циклдік бюджет тапшылығы – нақты бюджет тапшылығы мен құрылымдық бюджет тапшылығы арасында айырмашылық ретіндегі бюджет тапшылығының бір түрі. Циклдік тапшылық экономикалық белсенділіктің ауытқу себептерімен түсіндіріледі.
Мемлекеттің алдында бюджет тапшылығын жабу мәселесі тұрады.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың бірнеше әдістері бар. Солардың
ішінде ең негізгілері мыналар:
Ақша эмиссиясы; Орталық банктен қарыз алу; Жеке сектордан және сыртқы көздерден қарыз алу.
12.4. Мемлекеттік қарыз мәселесі және оны жабу жолдары.
Мемлекеттік қарыз – бұл мемлекеттің алдында тұрған физикалық және заңды тұлғаларға, шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдар мен субъектілерге деген қарыздық міндеттемелері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздары болады.