120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісімді талдап қорытыңыз



бет65/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
1-40 тарих

116. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісімді талдап қорытыңыз
Еліміздің тәуелсіздік алған 31 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен маңызды
Жетістіктеріміздің бірі – елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни
Еркіндіктің толық бекуі, оның ішінде дінаралық татулықтың өркендеуі, барша
Халықтың 70 жылдық атеистік өмірден кейін өз діндерімен қайта еркін қауышуы десек, артық айтқандық болмас. Иә, бұл тәуелсіздіктің бізге берген бақыты, үлкен сыйы. Қазақстан – келісімді діни қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізген ел. Біз конфессиялық сан алуандығымен ерекшеленетін әлемдегі азын-аулақ елдердің қатарына кіреміз. Біздің республикамыздың конфессияаралық келісімдегі құнды тәжірибесі әлемге танымал болып отыр. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде діннің игілікті рөлі артып, оның имандылық, рухани және әлеуметтік функциялары күшейе түсуде, дінге сенушілер мен діни нанымдағылар көбейіп, діни бірлестіктер қызмет атқаруда. Олардың қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық,
Дінаралық келісімді нығайтуға, қоғам мен мемлекеттің дамуына өз үлестерін барынша қосып отырғандары бәрімізді қуантады.
117. (1991ж. – біздің уақыт) Қазіргі Қазақстан мәдениетін сипаттаңыз
1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Жұмыссыздық өсті. Отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік проблемалар көбейді. 1993-1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттік жүк тасымалдау үштен екі есе қысқарды.Халықтың кіріс денгейі күрт төмендеді. Инфляция денгейі 3000% және одан да жоғары болды. Нарықтық экономикаға көшуде 15000-дей өнеркәсіп орындарды жекешеліндіруде біраз қателіктер жіберілді. Мүлік талан-таражға түсіп, берекесіздік тудырып, ақыры экономикалық терең дағдарысқа ұшырауына басты себебіне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-экономикалық шаралар қажет болды. Сондықтан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет басшылығы таңдаған «алдымен – экономика, содан соң – саясат» деген айқын жолмен ілгерілеп келе жатырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет