2.Орта ғасыр кезіндегі діни наным-сенімдер мен ұстанымдары Ертедегі түрік дінінің негізі Көкке (Тәңір және Жер-суға ) табыну. Құдырет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Көктен кейінгі желеп-жебеуші әйел тәңірісі-Ұмай ана. Ол отбасы мен бала-шағаны қорғаушы. Ұмай анаға табыну Алтай халықтарының түркі тілдес халықтарында ХІХ ғ. соңына дейін сақталған. Сонымен қатар Ұмай ана түріктердің жоғарғы күштерінің үштігіне кіреді.Көне түріктер арасында әртүрлі заттарға табынушылық кеңінен таралды. Олардың ішінде отқа, жануарлар мен өсімдіктерге табынушылық атақты болды. Көне тілдік діни-нанымдар мен табынушылармен қатар қала мен далада әлемдік діндер таралды. Бұл үрдісте Ұлы Жібек жолы маңызды рөл атқарды.VІ ғ-дан бастап түріктер Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда кеңінен таралған буддизм дінінің ықпалына түсті. Ол туралы кейіннен табылған буддизм шіркеулері мен монастырлар оның куәсі болды.Буддизммен қатар Жібек жолы арқылы христианның несториандық бағыты тарайды. VІІ-VІІІ ғғ. несториандық ағым Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Жетісу қалаларында орын алды. ІХ-Х ғғ. ерекше қарлұқ митрополиясы құрылып, Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істеді.Жібек жолы арқылы ІІІ ғ. Иранда қалыптасқан манихейлік діні таралды. Ол дін зароастризм дінінің және христиан дінінің жиынтығынан тұрды. Ол дінді жақтаушылар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның тұрақты халық арасынан болды.Орта ғасырлардағы қалалар тұрғындарының арасында тағы бір зароастризм діні б.з.д. VІІ-VІ ғғ. Иранда әлемдік діндерінің өкілі болды. Ол зароастризм ескерткіштерін Орта Азия, Сырдария өңірлері мен Жетісуда байқауға болады. Ежелгі түрік тайпаларының келуіне байланысты.