13-дәріс. Қазақ тіліндегі есімше және көсемше категориялары. Көмекші етістік‚ оның аналитикалық форма жасаудағы қызметі туралы



бет2/6
Дата22.04.2023
өлшемі64,83 Kb.
#85766
1   2   3   4   5   6
Көсемше
Көсемшені тануы, қолданған терминдері, көсемше жасауға қатысатын қосымшаларды көрсетуі жағынан П.М.Мелиоранский мен И.Лаптев топтастырулары ұқсас:



Н.Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия», 1860

М.Терентьев «Грам. турецкая, персидская киргизская, узбекская», 1875

П.Мелиоранский «Краткая грамматика каз-кирг. языка», 1894, 1897

И.Лаптев «Грам.
очерк каз-кирг. языка», 1900

Н.Созонтов «Запис-ки грам. кирг.языка», 1912

-ып совершенное деепричастие

-ып
прошедшее

-ып совершенное

-ып совершенное

-ып прош. вр.

-а/-е/-й

-а/-е/-й
наст.

-а/-е/-й несоверш.

-а/-е/-й несоверш.

-а/-е/-й наст. врем.

-ғалы

-ғалы

-ғалы
достигат.

-ғалы достиг. (супин)





-инкраб.
(-ыңқырап)






Осы тұрғыдан қарағанда, ғалым П.М.Мелиоранский мен И.Лаптевтің көсемше туралы тұжырымдарымен таныс болған, оларды қоштап, басшылыққа алған деп ойлаймыз. Қ.Кемеңгерұлының көсемше көрсеткіштері ретінде таныған көсемше жұрнақтары А.Байтұрсынұлы топтастыруымен де ұқсас. Бірақ А.Байтұрсынұлы -ып/-іп тұлғалы көсемшені — үнемсіз, -а/-е/-й тұлғалы көсемшені — үнемді‚ -ғалы/-гелі тұлғалы көсемшені — ниетті көсемше деп атаған.


А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы еңбектеріндегі -ғалы/-гелі қосымшасы Т.Шонанов пен Қ.Жұбановта көсемше көрсеткіші ретінде берілмеген:



А.Байтұрсынұлы «Тіл құрал» 1915

Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы», 1928, 1929

Т.Шонанов «Самоучитель казахского языка», 1930

Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің програмы», 1936

-ып/-іп
үнемсіз көсемше

-ып/-іп соверш.деепричаст.

-ып/-іп
өткен шақ көсемше

-ып/-іп
өткен шақ көсемше

-а/-е/-й
үнемді көсемше

-а/-е/-й несовер.деепричаст.

-а/-е/-й
келер шақ көсемше

-а/-е/-й
дағдылы көсемше

-ғалы/-гелі
ниетті көсемше

-ғалы/-гелі
мұратты көсемше











-са, -се
шарт көсемше

Қ.Жұбановтың шарт көсемше көрсеткіштері ретінде келтірген -са/-се жұрнақтарын А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы шартты рай көрсеткіші ретінде таниды.


Қ.Кемеңгерұлының көсемшені тануы А.Байтұрсынұлы тұжырымдарымен ұқсас. Кейінгі зерттеушілер де, негізінен‚ осы ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алғаны байқалады. Яғни І.Кеңесбаев‚ С.Аманжолов‚ Н.Сауранбаев еңбектерінде -ып/-іп‚ -а/-е/-й‚ -ғалы/-гелі қосымшалары көсемше көрсеткіштерінің қатарында танылған:



І.Кеңесбаев «Қазақ тілі», 1939

С.Аманжолов «Қазақ тілі грамматикасы», 1939

Н.Сауранбаев «Семантика и функции деепричастии в казахском языке», 1944

-ып/-іп деепр.прош.врем.

-ып/-іп

-ып/-іп деепр.законченного вида

-а/-е/-й деепр.настоящ.вр.

-а/-е/-й

-а/-е/-й деепр.продолжит. вида

-ғалы/-гелі деепр.будущ.вр.

-ғалы/-гелі

-ғалы/-гелі деепр.неопределен.вида

Бүгінгі таңдағы зерттеу еңбектерінде де осы көрсеткіштер көсемше тұлғалары ретінде танылып келеді:





«Современ-ный казахский язык», 1962

Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі. (Етістік)», 1966

«Қазақ тілі грамматикасы» (Ж.Болатов)

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», 1974

Қ.Есенов «Қазақ тіліндегі көсемше оралым-ды сөйлем-дер», 1973

-ып/-іп

-ып/-іп өт.шақ.көс.

-ып/-іп үнемді көс.

-ып/-іп өт.шақ көс.

-ып/-іп

-а/-е/-й

-а/-е/-й келер шақ көсемше

-а/-е/-й үнемсіз көсемше

-а/-е/-й ауыспалы осы шақ көс.

-а/-е/-й

-ғалы/-гелі

-ғалы/-гелі мақсат көс.

-ғалы/-гелі мақсат көс.

-ғалы/-гелі келер шақ көсемше

-ғалы/-гелі





-ғанша

-ғанша кел.шақ көс.

-ғанша





-мастан











-майынша











-ғандай

Ғалымдар арасында -а/-е/-й‚ -ып/-іп, -ғалы/-гелі қосымшаларын көсемше көрсеткіштері ретінде тануда бірізділік байқалады. Сонымен қатар кейінгі зерттеушілер көсемше көрсеткіштерінің санын біршама көбейткенін байқаймыз. «Грамматикада» -ғанша‚ -ғанда‚ -ғаннан т.б. көрсеткіштер құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарындағы баяндауыштардың мағынасы мен қызметтері көрсетіле отырып, егжей-тегжейлі баяндалған. Ғалым орыстың который, какой, кто, что сияқты сөйлемдерді байланыстыратын есімдіктерінің қызметін есімше атқаратынын мысалдар келтіре отырып түсіндіреді.
Көсемшенің етістік алдында тұрып, оның түрлі амал-сыпатын білдіретіні сияқты, есімшелер де -ша/-ше жұрнағын‚ жатыс, шығыс септік жалғауларын қабылдап, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып, өзінен кейінгі сөйлемнің түрлі реңктерін (мезгіл, мекен, себеп, шарт т.б.) білдіретінін көрсеткен. Қ.Кемеңгерұлының бұл тұжырымдары Қ.Есеновтың «Синтаксис осложненного предложения», «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі», «Қазақ тіліндегі көсемше оралымды сөйлемдер» деген еңбектеріндегі ойлармен сабақтас. Бұдан Қ.Кемеңгерұлының жоғарыда келтірілген тұлғаларды көсемше көрсеткіштерінің қатарына қоспағанымен, олардың атқаратын қызметін, мәнін толық түсінген білгір ғалым болғанын көреміз.
Б.Қапалбеков «Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері» деген кандидаттық жүмысында -а/-е/-й‚ -ып/-іп‚ -ғалы/-гелі жұрнақтары мен -ғанша/-генше‚ -мастан/-местен, -ысымен/-ісімен, -майынша/-мейінше қосымшаларының жұмсалымдық өрісі бірдей еместігін атап айтқанда, -а/-е/-й‚ -ып/-іп‚ -ғалы/-гелі жұрнақтары күрделі етістік жасай алатынын, пысықтауыш болатынын, бірыңғай баяндауыш бола алатынын, күрделенген сөйлем жасай алатынын, құрмалас сөйлем жасауға қатысатынын, ал -ғанша‚ -мастан‚ -ысымен‚ -майынша тұлғалы көсемшелер күрделі етістік жасай алмайтынын, бірыңғай баяндауыш бола алмайтынын, жіктелмейтінін айтады. Яғни‚ Қ.Кемеңгерұлының аталған тұлғаларды көсемше қатарына енгізбеуінің негізі бар деп ойлаймыз.
Сол сияқты А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» деген оқулығында -мастан/-местен қосымшаларын көсемшеге телу жайында пікір туып жүргенін айта келіп: «Егер бұл форманы көсемшеге телу керек болса, айтқандай, біткендей, айтардай, бітердей, айтқандықтан, біткендіктен, айтатындай, бітетіндей, айтарлықтай, бітерліктей дегендердегі -қандай, -ардай, -қандықтан, -атындай, -арлықтай формаларын да көсемшеге телу қажет болады. Ендеше, бұл формаларды арнайы тексермейінше, осы категорияға жатқыза қою орынсыз сияқты», - дейді [А.Ысқақов, 321]. Біз де ғалымның ойын толық қуаттай отырып, бұл мәселе әлі де көлемді зерттеулерді қажет етеді деп ойлаймыз.

Түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде де ұзақ уақыт бойы зерттеліп, көптеген талас тудырып жүрген мәселенің бірі көмекші етістікке байланысты. Көмекші етістіктердің өзіндік ерекшелігін түсіндіре келіп, Н.Ильминский, П.Мелиоранский сияқты зерттеушілер е- етістігі арқылы жасалған көмекші етістіктерді (еді, екен, емей т.б.) бір бөлек, басқа етістіктерді қимылдың түрлі реңктерін білдіру мүмкіндігіне байланысты суреттемелі (описательные) етістіктер деп атап, оның ішінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін осы шақтың көне түрі деп бөлек жіктейді. И.Лаптевтің де көмекші етістікті жіктеуі осыған ұқсас.


Н.Созонтов е-, бол көмекші етістіктерін үнемі көмекшілік қызметте жұмсалуына байланысты бір бөлек топтастырып, тұр, жатыр, жүр, отыр, бар, кел, кет, қал, ал т.с.с. етістіктерді бір бөлек топтастырса, М.Терентьев жатыр, жүр, отыр, тұр көмекші етістіктерін осы шақты білдіруіне қарай жеке алып, бер, таста, кет, бол т.б. көмекші етістіктерді бөлек топтастырады. Ал Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде үнемі көмекшілік қызметте жұмсалуына орай е-, бол көмекші етістіктерін бір бөлек жіктейді де, тұр, жүр, отыр, жатыр, бол, ал, бер, кел, кет т.б. етістіктерді бір бөлек топтастырып, оның ішінде қимылдың қалып-күйін (состояние) білдіруіне байланысты отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін жеке түсіндіреді. Байқап отырғанымыздай, ғалымның көмекші етістіктерді өз ішінен жіктеуі Н.Ильминский, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов еңбектерімен үндес.
Зерттеушілердің көмекші етістіктердің мәнін ашып, түсіндірудегі ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын ерекше назар аударатын нәрсе – олардың аналитикалық форма, аналитикалық формант ұғымын түсінуі. Н.Ильминский, М.Терентьев, Н.Пантусов, П.Мелиоранский, И.Лаптев сияқты зерттеушілер «аналитикалық форма», «аналитикалық формант» деген атауларды қолданбағанымен, көмекші етістіктерден бұрын тұрған негізгі етістікке жалғанған көсемше түрлеріне байланысты мағынаның ауысып, өзгеріп отыратынын түсінген. Сол себепті көмекші етістіктің алдындағы көсемшені нақтылап көрсетіп отырған. Осы тұрғыдан келгенде‚ Қ.Кемеңгерұлы да аналитикалық форма, аналитикалық формант қасиетін, ерекшелігін терең түсінген.
Қазақ тіліндегі аналитикалық формалы етістіктер мен аналитикалық форманттардың құрылымын, мағыналық ерекшелігін арнайы зерттеген ғалым Н.Оралбаеваның осы саладағы еңбектері мен ұлттық тіл білімінің қалыптасқан кезеңіне дейінгі зерттеушілер еңбектеріндегі аналитикалық формалардың мағыналарын салыстыра отырып, бұрынғы зерттеушілердің қимылдың өту сипатын білдіретін мынадай аналитикалық форманттарды келтіргенін көреміз:
а) қимылдың жасандылығын білдіретін аналитикалық формант: - ған бол (М.Терентьев, И.Лаптев, Қ.Кемеңгерұлы*);
ә) қимылдың созылуын, қайталануын білдіретін аналитикалық формант: -а бер (Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский, Қ.Кемеңгерұлы);
б) қимылдың күтпеген жерден жасалуын білдіретін аналитикалық формант: -а қал(са) (Н.Ильминский, П.Мелиоранский, Қ.Кемеңгерұлы);
в) қимылдың бағыт-мақсатын білдіретін (целеустремленность действия) аналитикалық формант: -п ал (Н.Пантусов, Қ.Кемеңгерұлы);
г) қимылдың немқұрайды жасалуын білдіретін аналитикалық формант: -п бер (Н.Пантусов);
ғ) қимылдың ерекше қарқынмен (күшпен) жасалуын білдіретін аналитикалық формант: -а бер (Н.Пантусов, Қ.Кемеңгерұлы);
д) қимылдың жасалуына шек қойылуды білдіретін аналитикалық формант: -а тұр (Н.Ильминский, Қ.Кемеңгерұлы).
Сонымен қатар тілеу, жалыну, өтініп сұрау мәнінде -а көр формантының қолданылатынын (П.М.Мелиоранский), модальдық реңкті (возможность – невозможность) білдіру үшін -а ал/-а алма форманты жұмсалатынын (Н.Ильминский, Н.Пантусов, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Қ.Кемеңгерұлы) көрсеткен.
Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралының» соңында берілген көмекші етістіктер туралы кестесінде е- көмекші етістігінен бөлек 19 етістікті талдап, мәнін түсіндіреді. Ғалым жоғарыда келтірілгендерден басқа қимылдың мынадай сипаттарын көрсетеді:
а) қимылдың бағыты (-а бар‚ -п бар‚ -п кел‚ -п өт);
ә) іс-әрекеттің орындалуына рұқсат беру немесе келіспеу (-а қой‚ -уға болады/-уға болмайды);
б) байқау, тексеру (-п көр);
в) қимылдың ертерек, осыған дейін (заранее) орындалып қоюы (-п қой);
г) тез, шапшаң орындалуы (- а қой).
Өзіне дейінгі зерттеушілермен салыстырғанда, Қ.Кемеңгерұлы көмекші етістіктердің мәнін барынша нақты, жан-жақты ашуға тырысқан. Оны талдаған көмекші етістіктерінің көптігінен де, олардың әрқайсысының сипаттамасынан да байқауға болады. Ғалым талдауындағы жібер, шық, кел, өт, түс сияқты көмекші етістіктер өзіне дейінгі зерттеушілерде кездеспейді.
«Оқу құралының» 6-тармақшасында (параграфында §) ғалым былай дейді: «Казахский глагол не знает различия так наз. видов (совершенного и несовершенного), при передаче их на русский язык надо пользоваться тем видом глагола, какой по строю языка больше подойдет к данному обороту речи».
Осындай пікір П.Мелиоранский еңбектерінде де кездеседі. Зерттеуші суреттемелі етістіктердің табиғатын сөз ете келіп: «Киргизские глаголы сами по себе не заключают в себе тех оттенков понятия совершенности, несовершенности, многократности действия и т.п., которые в русском языке присущи глаголам того или другого вида», - дейді [49, 41].
Қ.Кемеңгерұлы тұстастарының ішінде Т.Шонанов, Қ.Жұбанов та осы пікірді қуаттаған. Қ.Кемеңгерұлы етіс категориясын түсіндірген тұста А.Байтұрсынұлы қолданған «өсіңкі етіс», «дүркінді етіс» түрлерін орысша «постепенный вид», «многократный вид» деп береді.
И.Ұйықбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі етістік көріністері» деген еңбегінде көрініс категориясының түркі тілдерінде, қазақ тілінде зерттелуіне шолу жасай келіп: «Г.В.Архангельский көріністі етіс деп атады да, мұны екіге бөлді: 1) дүркінді етіс; 2) өсіңкі етіс... Қимылдың дүркінділігі мен өсіңкілігін дербес көрініс деп есептеуге болмайды. Бұлар – аяқталмаған көріністің салалары болып табылады», - деп жазады [111, 17]. Алайда бұл жердегі «постепенный вид» (өсіңкі етіс), «многократный вид» (дүркінді етіс) деген етістік түрі көрініс мағынасында емес, қимылдың өту сыпаты мәнінде қолданылған болуы керек.
Орыс тіл білімінде көп уақытқа дейін көрініс категориясына қимылдың аяқталу-аяқталмауы және қимылдың жасалу тәсілі, өту процесіне байланысты түрлі мағыналар жатқызылып келді. А.Потебня 1944 жылы оларды ажыратып, «вид» (aspekt) деген терминді қимылдың аяқталу-аяқталмауына байланысты қарама-қарсылыққа, ал қимылдың тәсілі – «способы действия» (aktіosarten) деген терминді қимылдың жасалу тәсіліне байланысты түрлі мағыналарға қолдануды ұсынғаны белгілі [112, 74]. Ендеше, «Грамматика» мен «Оқу құралы» жарық көрген кезде (1927 – 1929) орыс тіл білімінде көрініс (вид) категориясы мен сыпат категориясының терминдері әлі толық жүйеленіп бітпеген. Сол себепті Қ.Кемеңгерұлы еуропалықтарға түсіндіруде -ңқыра/-ңкіре‚ -қыла/- кіле жұрнақтарын «вид» деп беруге мәжбүр болған деп ойлаймыз.
Сонымен, ғалым қимылдың өту сипаты категориясы синтетикалық жолмен де, аналитикалық жолмен де жасала алатынын көрсеткен. Шын мәнінде, -ңқыра/-ңкіре‚ -қыла/-кіле жұрнақтары жалғанған етістіктер мен -а түс‚ -а бер аналитикалық формалары өзара мәндес. Мәселен, ұрыңқыра - ұра бер, ұра түс; тепкіле – тебе бер, тебе түс т.б. Бұл қосымшаларды И.Ұйықбаев аяқталмаған көріністің реңктері ретінде -а түс‚ -а бер аналитикалық форманттарымен қатар түсіндіреді [111, 76].
«Грамматикада» Қ.Кемеңгерұлы «Особенности некоторых вспомогательных глаголов» деген тақырыппен -а ал‚ -ғы кел форманттарының мәнін түсіндіріп, оларды бөлек жіктейді. Осылайша сипаттау кейін Ы.Мамановтың [95]‚ Н.Оралбаеваның [113] еңбектерінде өріс алды. Н.Оралбаева -ғы кел формантының жалғыз қалау райдың ғана көрсеткіші емес екенін түсіндіре келіп, -а ал форманты субъектінің мүмкіндігін білдірсе, -ғы кел форманты субъектінің тілегін көрсететінін айтады. Алайда екеуінде де сөйлеуші тарапынан субъектінің қимылға, іс-әрекетке қатысы білінетінін сипаттай келіп: «...Аналитический формант -ғы кел (-ғы келме) по своему значению и по изменяемости по категориям глагола совпадает с формантом -а ал (-ал алма). Глагол с формантом -ғы кел (-ғы келме) так же, как -а ал (-а алма), не употребляется в повелительном наклонении и в определенном будущем времени с показателем -мақ «, - дейді [Н.Оралбаева, 40].
Қ.Кемеңгерұлы -ғы кел/-ғы келме‚ -а ал/-а алма форманттарының осындай ерекшелігін байқап, сол себепті оларды басқа форманттармен қатар қоюға келмейтінін түсінген.
А.Байтұрсынұлы көмекші етістіктердің үш түрін көрсетеді: а) құр көмекші; ә) күй көмекші; б) ій көмекші. Ғалым е- (емек) етістігін үнемі көмекшілік қызметте жұмсалуының нәтижесінде етістік мәнінен айрылып, жұрнаққа (жалғаулыққа) айналып бара жатуына, әбден ій болып кетуіне байланысты «ій көмекші» деп бөлек жіктейді. Сондай-ақ амалдың қалып-күйін білдіруіне байланысты отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін бөлек топтастырып (күй көмекші)‚ бар, ал, бер, кел, кет, көр, өт, таста, қал, қой сияқты көмекші етістіктерді бір бөлек береді. Жоғарыда Н.Ильминский, П.Мелиоранский, И.Лаптев сияқты зерттеушілердің де көмекші етістіктерді осылай жіктегенін айтып өткенбіз. Қ.Кемеңгерұлы да осы топтастыруды басшылыққа алған. Ғалым е- көмекші етістігімен қатар зат есім, сын есімдермен тіркесіп, «быть», «существовать» мәнінде жұмсалуына байланысты осы топқа бол етістігін де қосады.
Сонымен, көмекші етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде Н.Ильминский, П.Мелиоранский, И.Лаптев, А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеулері өзара ұқсас екенін көреміз.
Т.Шонанов «Самоучитель казахского языка» деген еңбегінде көсемше табиғатын сөз ете отырып, көмекші етістіктерге де тоқтала кетеді. Ғалым ең көп кездесетін көмекші етістіктердің қатарында кет, кел, жүр, тұр, отыр, жат, бол етістіктерін атай келіп: «При употреблении вспомогательных глаголов, при деепричастии глаголы выбираются так, чтобы они наиболее подходили к данному случаю. Так как в казахских глаголах нет совершенного и несовершенного видов, а также и кратности действии, то эти оттенки передаются деепричастием при помощи вспомогательных глаголов: келіп кетті – приходил (буквально: приходивши ушел)» [Т.Шонанов, 73]. Бірақ ғалымның бұл тұжырымы одан әрі жалғасын таппай қалған.
Көмекші етістіктердің табиғатын арнайы сөз еткен ғалымдардың бірі – Қ.Жұбанов. Ғалым көмекші етістіктің қатысуымен жасалған күрделі етістіктерді қосынды етістік деп атайды да, көмекшілерді 3 топқа бөледі: төтенше (жатыр, жүр, отыр, тұр); кеміс (е, де, бол, шығар); толық (ал, сал, қал, жібер, бер, қой, таста т.б.). Атаулары әр түрлі болғанмен, Қ.Жұбановтың көмекші етістіктерді топтастыруы А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеуіне ұқсас. Кеміс (ій) көмекшілердің қатарында А.Байтұрсынұлы е- етістігін (еді, екен, емес т.б.) ғана берсе, Қ.Кемеңгерұлы «быть», «существовать» мәнінде қолданыла алуына байланысты е- етістігімен қатар бол етістігін де атайды. Ал Қ.Жұбанов аталған етістіктермен қатар де, шығар етістіктерін де келтіреді. Ғалым бұл етістіктерді үнемі көмекшілік қызметте жұмсалып, алдындағы етістікпен бір сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуын негізге алған сияқты.
Қ.Жұбанов көмекші етістіктердің қимылдың әр мезетін дәл суреттей алатыны, қазақ тіліне көрініс (вид) категориясының тән еместігі, тұр, отыр, жүр, жатыр етістіктерінің осы шақты білдірудегі өзіндік ерекшеліктері, кел, бар етістіктерінің амалдың өту деңгейін (фазасын) көрсете алатыны туралы құнды тұжырымдар жасайды. Н.Оралбаева Қ.Жұбановтың көмекші етістіктердің мынадай мағыналарын көрсеткенін айтады: қимылдың созылыңқы жасалуы; қимылдың үзіліспен жасалуы; қимылдың жасалу процесінің үдеуі, күшеюі; қимылдың жасала бастауы; қимылдың қайталануы; қимылдың бірнеше субъект арқылы жасалуы.
Бұдан Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбановтардың қазақ тіліндегі етістіктерге көрініс категориясы тән еместігін айтумен қатар, қимылдың өту сипатына қарай көмекші етістіктерді өзара топтастыруға тырысқанын көреміз.
Қ.Кемеңгерұлы ізбасарларының ішінде І.Кеңесбаевтың 1939 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» атты оқулығында көмекші етістік табиғатына байланысты біраз мағлұмат берілген. Ғалым көмекшілік қызметте көбірек жұмсалатын етістіктердің қатарында тұр, жүр, отыр, жатыр, баста, кел, жазда, көр, бар, бер, ал, қаш, қайт, е- т.б. көмекшілерін атайды. Ғалым талдауындағы баста, жазда, қаш, қайт сияқты етістіктер Қ.Кемеңгерұлы жіктеуіндегі көмекші етістіктердің қатарында кездеспейді. Аталған етістіктердің ішінде қаш, қайт етістіктері көмекші мәнде қолданылмайды. Алып қаш, алып қайт деген тіркестердегі екі компонент те дербес, толық мағыналы етістіктерден құралған. Мұндай күрделі етістіктерді А.Ысқақов құрама күрделі етістік немесе жай күрделі етістік деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет