13-дәріс. Қазақ тіліндегі есімше және көсемше категориялары. Көмекші етістік‚ оның аналитикалық форма жасаудағы қызметі туралы



бет6/6
Дата22.04.2023
өлшемі64,83 Kb.
#85766
1   2   3   4   5   6
(-ғы кел) сияқты қимылдың түрлі сыпаттарын көрсетеді. Осылардың ішінде қимылдың созыңқылығы, үдеуі, істеп көру, байқау, қимылдың орындалу мүмкіндігі, қимылдың жорта жасалуы, қалау мәні – Қ.Кемеңгерұлының көмекші етістіктерді топтастыруында да кездеседі.
Координациялық кеңесте сөйлеген сөзінде Х.Х.Махмудов көрініс категориясын жоққа шығара отырып, қазақ тілінде қимылдың өту сипаты категориясы бар екенін айтады: «Нужно считать, что грамматической категории вида в тюркских языках нет, но есть различные способы выражения протекания способа действия.... Назвать можно по разному. Есть видовые значения в русском языке, а в казахском – выражения способа, характера протекания действия» [Махмудов, 67].
Бұл тұжырым кейіннен Н.Оралбаеваның аналитикалық форма, аналитикалық форманттарға арналған еңбектерінде жалғасын тапқан. «Аналитические формы глагола в современном казахском языке» деген докторлық диссертациясында Н.Оралбаева түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі көрініс категориясының зерттелуін сипаттай келіп, бұл категорияның қазақ тіліне тән емес екенін, аналитикалық формалардың білдіретін мағынасы қимылдың өту сипаты категориясына жататынын көрсетті. Ғалым: «Cистему значений и средств, показывающих, каким образом совершается то или иное действие, мы называем способами действия», - деп анықтама бере келіп, қимылдың өту категориясының 12 түрін, кейінірек «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттары» деген еңбегінде 14 түрін көрсетеді. Оның ішінде жетімсіз қимыл (-а жазда); қимылдың ерекше ынтамен жасалуы (-п бақ); қимылдың немқұрайды жасалуы (-а сал, -а отыр, -а жүр); қимылдың асығыссыздығын білдіру (-а жатар); қимылдың жасалуға бейімдігі (-йын де, -ғалы отыр); қимылдың динамикалық қалыптан статикалық қалыпқа көшуі (-ып қал); бір қимылдың соңынан ілесе екінші қимылдың жасалуын білдіру (-е салып, -ысымен) Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде кездеспейді.
Н.Оралбаева көмекші етістіктерді көмекшілік қызметке көшудегі ерекшеліктеріне қарай: а) алғашқы (омонимі бар) көмекші етістіктер: ал, бер, бол, бар, бақ, баста, бол, біт, қара т.б.; ә) кейінгі (омонимі жоқ) көмекші етістіктер: ет, еді, екен, емес деп екі топқа бөледі. Байқап отырғанымыздай, ғалымның көмекші етістіктерді топтастыру принципі мүлде өзгеше болғанмен, құрамы жағынан Қ.Кемеңгерұлы топтастыруынан ерекшеленбейді.
Көмекші етістіктер табиғатын, оның өзіндік ерекшелігін түсіндіруге тырысқан ғалымдардың бірі – А.Ысқақов. Ғалым көмекші етістіктерді толымды және толымсыз көмекші етістік деп топтастырады. Толымды көмекші етістіктерге негізгі мағынасын сақтап, етістіктерге түрлене алатын, дербес сөз ретінде де, аналитикалық (сараламалы) етістік құрамында да қолданыла алатын етістіктерді (ал, бер, бар, баста, тұр, отыр т.б.) жатқызады да, толымсыз етістіктерге (лексикалық) толық мағынасы жоқ е- етістігінен өрбіген формаларды жатқызады (екен, емес, еді, еміс-еміс т.б.). Сонымен қатар А.Ысқақов жатыр, жүр, отыр, тұр қалып етістіктерінің, бол, қыл, ет көмекші етістіктерінің, жазда, де етістіктерінің мағыналық ерекшеліктері мен қызметіне арнайы тоқталады. Ғалым көмекші етістіктердің қызметі мен өзіндік ерекшелігін, сипатын танып, ажырата білу үшін аналитикалық форма, аналитикалық форманттардың мағынасы мен қызметін айқындау қажеттігін айта келіп, басты-басты аналитикалық форманттарға сипаттама береді. А.Ысқақов пен Қ.Кемеңгерұлының аналитикалық форманттардың мағынасын түсіндірулері өзара ұқсас:



Аналитикалық форма

Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы» (1928, 1929)

А.Ысқақов
«Қазіргі қазақ тілі» (1974)

-ып ал

Исполнение действия в пользу действующего лица

Субъект өзге істі қоя тұрып я басқа іске келіспей тұрып (осы) әрекетті әуелі өзі үшін, өз мүддесі үшін жүзеге асырып алуды қалайтындай мән (реңк) жамайды.

-а ал

возможность

Сол амалды жүзеге асырып я орындау мүмкіндігін (бар, жоқ) білдірерліктей реңк жамайды.

-ып бер

Законченность (в пользу другого)

Амалды бөгде (басқа) адам үшін істелетіндей реңк үстейді.

-а бер

Направление и исход действия: незаконченность

Амалды тоқтаусыз (тоқтатпай) жүзеге асыра беруді нұсқайтындай реңк жамайды.

-ып қал

Вид законченности и совершенства (с усилением значения)

Амалдың бірден басқа күйге (динамикадан статикаға) көшкенін білдіретін реңк қосады.

-а қал

Сверх ожидания, случайность

Амалдың кенеттен басқа күйге немесе динамикалық процестің статикаға көше қойғанын білдіретін реңк қосады.

-п көр

Попробовать, попытаться

Амалды жүзеге асырып байқау я жүзеге асырып көру мағынасын көрсететін реңк қосады.

Қ.Кемеңгерұлы жіктеуіндегі -п бол, -ған бол, -уға бол, -п өт аналитикалық форманттары А.Ысқақовта кездеспейді. А.Ысқақов бол көмекші етістігін қыл, ет етістіктерінің қатарында құранды етістік жасау қызметіне байланысты сөз етеді де, аналитикалық форма құрамында қарастырмайды. Ал Қ.Кемеңгерұлының сипаттамасында бұл етістіктің аналитикалық форма жасаудағы да, құранды етістік түзудегі де мағынасы қамтылған. А.Ысқақов талдауындағы -а баста, -п біл, -й біл, -ып бақ, -ып біт, -ып қара аналитикалық форманттары Қ.Кемеңгерұлында кездеспейді.



*



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет