13-дәріс. Қазақ тіліндегі есімше және көсемше категориялары. Көмекші етістік‚ оның аналитикалық форма жасаудағы қызметі туралы


ғалы отыр (тұр, жүр, жатыр); -айын деп келе жатыр (тұр, отыр, жүр); -айын деп отыр (тұр, жүр, жатыр)



бет5/6
Дата22.04.2023
өлшемі64,83 Kb.
#85766
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
13-дәріс

ғалы отыр (тұр, жүр, жатыр); -айын деп келе жатыр (тұр, отыр, жүр); -айын деп отыр (тұр, жүр, жатыр) т.с.с. аналитикалық форманттардағы қимыл созылыңқы көрініске де, аяқталған көрініске де жатпаса керек, себебі мұнда іс әлі басталған жоқ,басталмай қалуы да мүмкін. И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев еңбектері көмекші етістіктердің өзіндік ерекшелігін танытуда елеулі үлес болды. И.Ұйықбаев көмекші етістіктерді тұрақты, тұрақсыз деп екіге топтастырады да, тұрақты көмекші етістіктерге е-, жазда етістіктерін, тұрақсыз көмекші етістіктерге кет, баста, жібер, отыр, тұр, жатыр т.б. етістіктерді жатқызады. Ғалым кет, қал, шық, ал, қой, өт, бол, сал, таста т.с.с. етістіктердің аяқталған көрініс жасауға қатысатынын, жат, жүр, отыр, тұр етістіктерінің аяқталмаған көрініс жасауға қатысатынын, ал, бар, кел, түс, көр, е- етістіктерінің негізгі етістікке байланысты кейде аяқталған, кейде аяқталмаған көрініс жасауға қатысатынын айтады.
Аяқталған көріністің өз ішінен: қимылдың аяқталуы, қимылдың шапшаңдығы, қимылдың жол-жөнекей болуы, қимылдың жорта жасалуы, қимылдың бір рет болуы, қимылдың бағыты‚ қимылдың басталуы‚ қимылдың бола жаздауы, аяқталмаған көріністің: қимылдың аяқталмауы, қимылдың қайталануы, қимылдың үдеуі, қимылдың жол-жөнекей болуы, қимылды жасауға әзірлік сияқты мағыналық реңктерін (видовые оттенки – И.Ұ.) көрсетеді. Байқап отырғанымыздай, И.Ұйықбаевтың санамалап көрсетіп берген реңктері мен Қ.Кемеңгерұлының көмекші етістіктердің мәнін түсіндіруі біршама ұқсас.
«Современный казахский язык» деген еңбекте Н.Сауранбаев: а) бір рет болатын қимылды білдіру (-а қой, -а қал, -а сал, отыра кет, жата кет, жығыла кет); ә) жол-жөнекей орындалатын іс (-а бар, -а кел, -а кет, -а шық, -а жүр, -а тұр); б) қимылдың созыңқылығы, үдеуі (-а түс, -а бер, -а тұр); в) істеп көру, байқау (- п көр); г) өтіну, тілеу (-а көр); ғ) қимылдың бола жаздауы (-а жазда); д) мүмкіндікті білдіру (-а ал/-а алма); е) қимылдың жорта жасалуы (-ған бол); ж) қалау мәнінің берілуі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет