13-дәріс Бас миы Дәріс мақсаты мен міндеттері


Алдыңғы ми (передний мозг)



бет3/8
Дата01.10.2024
өлшемі1,3 Mb.
#146475
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция №13 (5)

Алдыңғы ми (передний мозг)
Алдыңғы ми екі үлкен ми сыңарларынан (жарты шардан) тұрады. Оның жоғарғы (верхне-латеральная), төменгі (нижняя), ішкі (медиальная) беттері болады. Олардың әрқайсысына ми жабындысы, қыртысасты түйіндер (орталықтар) және бүйір қарыншалар жатады.
Ми жабындысы немесе мидың қыртыс заты негізінде сұр заттан түзілген. Сұр заттың ішкі жағында ақ заты жады. Ми жабындысы тарихи даму жағынан ең кеш және күрделі дамыған бөлігі.
Ми жабындысы бірнеше терең (тұрақты) сайлар арқылы 5 (маңдай, төбе, шүйде, самай, аралшық) бөліктерге бөлінген. Ми сыңарларының сырт жақ ортасымен төмен түскен сайды орталық (роланд) сайы деп атайды. Бұл сай жарты шарлы ми сыңарларының маңдай бөлігімен төбе бөлігінің аралығында жатады.



Үлкен ми сыңарларының жоғарғы беті
I-алдыңғы орталық сай
2- алдыңғы орталық қатпар
3- орталық сай
4- артқы орталық қатпар
5-төбенің жоғарғы бөлігі
6-аралық төбе сайы
7-төбенің төменгі бөлігі
8-бұрыш қатпары
9-шүйде
10-самайдың төменгі қатпары
11-самайдың төменгі сайы
12-самайдың ортаңғы қатпары
13-самайдың жоғарғы
14-латеральды (бүйір) сайы
15-көз бөлігі
16- маңдайдың төменгі қатпары
17- маңдайдың төменгі сайы
18- маңдайдың ортаңғы қатпары
19- маңдайдың жоғарғы сайы
20-маңдайдың жоғарғы қатпары.



Үлкен ми сыңарларының медиальды беті
1-күмбез
2-сүйелі дененің тұмсығы
3- сүйелі дененің тізесі
4- сүйелі дененің бағаны
5- сүйелі дененің сайы
6-белдей қатпары
7-маңдайдың жоғарғы қатпары
8-төбе асты сайы
9-орталық маңы бөлшек
10-белдеу сайы
11-сына алды
12-төбе-шүйде сайы
13-сына;
14-шпорная борозда;
15- шүйде самай қатпары
16-шүйде самай медиальды қатпар
17- шүйде самай сайы
18- шүйде самай латеральды қатпар
19-гиппокампа сайы;
20-парагиппокампальная қатпары.






Аралшық бөлігі
1-аралшық
2-алдыңғы орталық сай
3-аралшықтың айнала сайы
4-маңдайдың жоғарғы қатпары
5- маңдайдың жоғарғы сайы
6- маңдайдың ортаңғы қатпары
7- маңдайдың төменгі сайы
8-маңдай (алдыңғы) полюсы;
9-аралшықтың қысқы қатпарлар
10-аралшықтың табалдырығы
11-самай полюсы
12-самайдың жоғарғы қатпары
13- самайдың жоғарғы сайы
14- самайдың ортаңғы қатпары
15-аралшықтың ұзын қатпары
16-шүйденің латеральды қатпарлар
17-біз тәрізді (артқы) полюс
18-бұрыш қатпары
19-төбенің жоғарғы бөлшегі
20-шет үсті қатпары
21-төбенің аралық сайы
22-артқы орталық сайы
23- артқы орталық қатпары
24-орталық сай
25-алдыңғы орталық қатпар

Ми сыңарларының маңдай бөлігі орталык сайдың алдыңғы жағында жатады. Осы орталық сайдың алдынан параллель өтетін сайды алдыңғы орталық сай деп атайды. Осы екі сай аралығында жатқан иректі алдыңғы орталық қатпар деп атайды. Бұл қатпар жоғарғы қозғалтқыш орталығы болып саналады.
Ми сыңарының маңдай бөлігінде алдыңғы орталық сайға перпендикуляр үш сай жатады. Жоғарғы ортаңғы және төменгі маңдай сайлары. Бұл сайлар аралығында жоғарғы, ортаңғы, төменгі маңдай қатпарлары жатады. Бұл қатпарларда адамға ғана тән ой, ес, жазу, сөйлеу процестеріне байланысты орталықтар орналасады. Мидың маңдай бөлігі ми сауытының алдыңғы ойысында жатады.
Ми сыңарларының маңдай бөлігінің астында иіс (бөлімі) орналасқан, ол иіс жолына жалғасады. Иіс жолы ішкі сыртқы иіс шоғырына бөлініп ми ішіне өтеді.
Ми сыңарының бүйір бөлігінде бүйір (сильвиев) сайы жатады. Бұл сай мидың самай бөлігін басқа бөліктерінен айырып тұрады. Осы мидың ішкі шүйде бөлігінде төбе — шүйде сайы өтеді. Ол шүйде бөлігін мидың төбе, самай бөліктерінен бөліп жатады.
Ми сыңарларының төбе бөлігі орталық (роланд) сайдың артқы жағында жатады. Ол сайға параллель артқы орталық сай өтеді. Ол екеуінің арасында артқы орталық қатпар орналасқан, онда жоғарғы сезім орталығы жатады. Бұл жерге жалпы денеден (теріден), ет — буын сіңірлерінен келген сезімдер талданады, талқыланады. Төбенің артқы орталық сайға перпендикуляр өтетін төбе аралық сайы оны жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.
Ми сыңарларының самай бөлігі бүйір (сильвиев) сайының астыңғы жағында жатады. Төменгі жағы ми стволынан теңіз жылқысынық сайымен бөлініп тұрады.
Самай бөлігінің бетімен бүйір сайына параллель төрт сай өтеді. Жоғарғы, ортаңғы, төменгі және шекаралық сайлар. Бұл сайлардың аралығында жоғарғы, ортаңғы, төменгі самай қатпары мен Гипокамп қатпары жатады. Соңғы қатпардың алдыңғы жағындағы толықша бөлігі ілмек жасап, теңіз жылқысына ұқсас келеді.
Ми сыңарларының самай бөліктері ми сауытының ортаңғы ойысын толтыра жатады.
Ми сыңарларының шүйде бөлігі төбе-шүйде сайы арқылы бөлініп жатады.
Мидың шуйде бөлігіндегі сайлар мен қатпарлар өте тұрақсыз, әр адамда әр түрлі болып келеді. Оның ішіндегі ең ірісі қарға тұяқ сайы. Бұл сай шүйденің үш бұрышты келген сына бөлігін бөліп тұрады.
Мидың шүйде бөлігі ми сауытынық артқы ойысын толтырып жатады.
Ми сыңарларының жиекті бөлігі ішкі және төменгі бетінде сүйелді жатқан қатпарлардан түзілген. Мидың ішкі бетінде, сүйелді дененің үстімен белдеу қатпары өтеді. Ол төмен қарай, мидың төменгі бетіне бағыт алып, Гипокамп атты қатпарға жалғасады. Гипокамп жоғарғы жағынан аттас саймен, төменгі жағынан сүйелді дене сайымен шектеледі.
Белдеу сайы — ми сыңарының ішкі жағында, сүйелді дене параллель жатады. Бұл сай белдеу қатпарын мидың басқа бөліктерінен айырып тұрады.
Белдеу қыртысы төменгі жағынан — тізелі дене сайымен, ал жоғарғы жағынан — белдеу сайымен шекараланған.
Ми сыңарларының аралшык, (островок) бөлігі бүйір (сильвиев) сайының ішіне орналасқан. Ол маңдай, төбе, самай бөліктерімен жабылып жатады. Сондықтан оны көру ушін бүйір сайын ашу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет