13-дәріс Бас миы Дәріс мақсаты мен міндеттері


Ми қыртысындағы орталықтардың шоғырлану негізі



бет6/8
Дата01.10.2024
өлшемі1,3 Mb.
#146475
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция №13 (5)

Ми қыртысындағы орталықтардың шоғырлану негізі
Ми қызметінің белгілі бір аймақтар мен алаңдарда шоғырланғанын атақты орыс ғалымы И.П.Павлов және оның жолын қуушылар ашты.
Ми қыртысы жоғары дәрежелі нерв қызметінің материалды субстрактасы бола отырып, адамның күрделі іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мидын, басқа бөліктері арқылы организмдегі барлық процестерді реттеп организм органдарының өзара қатынасын сыртқы ортамен байланыстырып отырады.
Ми жұмысының орын тебу жағдайын И.П.Павловтың мектебі ғылыми зерттеу жолдарымен дәлелдеді. Олар әрбір шеткі органдар рецепторларының орталығы белгілі бір ми қыртысының алаңында жинақталуын ашты. Ол алаңдарды И.П.Павлов анализаторлардың ми қыртысындағы орталығы деп атады.
Сыртқы және ішкі ортадан туған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі нерв механизмін анализаторлар деп атайды. Әрбір анализаторлар рецепторлардан, өткізгіш жолдардан, ми қыртысының аймақтарынан түзілген.
Қозғалтқыш анализаторларының рецепторлары буын мен ет сіңірлерінен басталып, нерв импульсін алдыңғы орталық қатпарға жеткізеді. Олар жоғарғы қозғалтқыш орталық болып саналады. Бұл орталықта жатқан ірі пирамида клеткаларынан төмендеген жолдары басталып, ми бөліктерімен төмен түсіп, жұлыннық алдыңғы мүйізіндегі қозғалтқыш клеткаларына жетеді. Бұл клеткалардың нейриттері арқылы нерв импульсі бұлшық еттерге беріледі.
Тері анализаторы денеге тиген тән сезімін (жылы-суықты, қатты-жұмсақты) артқы орталық қатпарда жатқан орталыққа береді. Қатпардың жоғарғы жағы дененің төменгі бөліктерінен қабылдаса, төменгі бөлігі дененің жоғарғы бөліктерінен келген импульстерді қабылдайды.
Көру анализаторының жоғарғы орталығы ми сыңарларының шүйде қатпарларында, ал есту анализаторының орталығы самай қатпарларында жатады.
Адамға тән II сигнал системасына жататын сөйлеу, ойлау, еске сақтау, жазу т.б. орталықтар ми сыңарларының маңдай қатпарларында орналасқан.
Филогенетикалық жағынан адамдарға ғана тән, жаңа пайда болып келе жатқан алаңдарда ашылған. Мысалы, төбенің төменгі бөлігінде жатқан алаңда адамның өмір жағдайында біртіндеп пайда болған түрлі қозғалыс орталығы мен сөйлеу орталықтарының бар екендігі ғылыми дәлелденді.
Адамның қоғамдық және еңбек әрекеттері мен сөйлеу процесіне байланысты ми сыңарларының құрылысы мен атқаратын қызметтерінде де ерекшеліктер пайда бола бастайды, II сигиал системасына байланысты өтетін сөйлеу қызметінің орталығы маңдай бөлігінің қыртыстарында жаткан алаңдармен байланысты. Бұл алаңдар тіл, ерін, көмей бұлшық еттерінен келетін импульстерді қабылдайтын алдыңғы — орталық қатпарда жатқан клеткалармен тығыз байланыста болады. Маңдай бөлігінің артқы қатпарында жазу орталығы орналасқан. Бұл алаң бұзылса қолдың күрделі қимылы бұзылып, әріптерді жаза алмай қалады.
Сөйлеу орталықтары алдыңғы — орталық қатпардың яғни қозғалтқыш анализаторларының орталығының алдыңғы жағында орналасқан. Жазған нәрсені көріп оқу орталығы мидың төменгі төбе бөлігінде орналасады. Бұл орталық есту және көру орталықтарына көрші жатады. Осы айтқан орталықтар бұзылса адам әріптерді қосып одан сөз, сөйлем шығара алмайды.
Самайдың жоғарғы қатпарының артқы жағында есту учаскелері орналасқан. Бұл алаңдағы клеткалардың жұмысы сөйлеген сөз бен дыбыстың маңызын естіп түсіну. Егер бұл орталық бұзылса адам естіген сөздің мағынасын түсінбейді.
Осы орталықтарды ми қыртысының аталған алаңдарында ғана орналасқан деп ойлауға болмайды. Себебі оқу, жазу, көру т.б. әрекеттерді қабылдайтын клеткаларды ми қыртысының көрші аймақтарында да кездестіруге болады. Сонымен қатар соқыр адамның саусақ үштары белгілермен жазылған затты оқуы, қолы жоқ адамның жазу әрекетімен шұғылдануы осы орталықтардың жаңа пайда болуын және дамуын дәлелдейді.
Москвадағы ғылыми зерттеу ми институты II сигнал системасының жұмысына байланысты пайда болған ми қыртысының жаңа алаңдарын тексеріп, ми қыртысының картасын салған. Бұл ми қыртысының қызметінің орын тебу жағдайына байланысты жасалған картанын әр түрлі ми| ауруларын емдеу үшін маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет