13-дәріс Бас миы Дәріс мақсаты мен міндеттері



бет4/8
Дата01.10.2024
өлшемі1,3 Mb.
#146475
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция №13 (5)

Қыртысасты түйіндер
Қыртысасты түйіндер – үлкен ми саңарларыңын ақ заттың ішіндегі сұр заттын шоғыры, ми қыртысына қарағанда тарихи даму жағынан ерте пайда болған құрылыстарға жатады. Қыртысасты түйіндерге жолақты дене жатады. Ол бір бірімен байланысқан құйрықты және бұршақ тәрізді ядродан тұрады. Бұршақ тәрізді ядро екі бөліктен тұрады: сыртында орналасқан қабықтан және ішінде жатқан солған шардан. Олар қыртысасты қозғалтқыш орталық болып табылады. Бұршақ тәрізді ядроның латеральды жағында шарбақ жатады. Самай бөлігінде алдыңғы жағында миндал тәрізді дене орналасқан.
Құйрықты дене мен бұршақ тәрізді ядро араларында ақ зат жатады, оны ішкі капсула деп атайды. Ол нерв талшықтарынан түзіліп, мидың төменгі бөлігін жоғарғы бөліктерімен байланыстырады.
Жолақты дене мен шарбақ арасын бөліп тұрған ақ затты сыртқы капсула деп атайды, ал шарбақпен аралшық арасында ақ затты ен сыртқы капсула орналасқан. Ішкі капсуладан өткізгіш жолдар өтеді.



Қыртысасты түйіндер
1-бүйір қарыгшалардың тамырлы тор
2-таламус;
3-ішкі капсула;
4-алралшық қыртысы
5-шарбақ
6- миндал тәрізді;
7-көру жолы
8-еміздікше дене
9-солған шар
10-қабық
11-ми күмбезі
12-құйрықты ядро
13-сүйелі дене

Құйрықты ядро төмен қарай иіле келген дене, онын алдыңғы жақ, толықтау келген бүйір қарыншаның алдыңғы бөлігіне жанаса жатады. Артқы жағы жіңішкеріп құйрық бөлігіне көшіп көру төмпегін (таламусты) қоршай жатады.
Кабық заты құрылысы мен жұмысы жағынан құйрықты денеге ұқсас, оған ми қыртысы мен көру төмпегінен келген нерв жолдары байланысады.
Солған шар негізінен, төменгі жағында жатқан (қызыл ядроға, қара затқа т.б.) орталықтарға төмендеген жолдар арқылы келген импульстерді жеткізіп беруге қатысады.
Жалпы осы айтылған ядролар эфференттік экстропирамидалық систетемаға жатады. Филогенетикалық даму жағынан ортаңғы ми ядроларынан пайда болған. Жолақты дене таламустан келген импульстер нәтижесінде адамның автоматикалық өтетін (жүру, жүгіру), қимыл-әрекеттерін реттеуге қатысады. Жолақты дене арқылы шартсыз (көңіл-күй, т.б.) рефлекторлы доғалары өтеді. Жалпы экстропирамидалық системалар пирамидалық системаларға қарағанда тарихи ерте дамыған жолдар болып табылады.



Қыртысасты түйіндер. Үстінен көрінісі
1-үлкен ми сыңарлары (плащ);
2-сүйелі дененің тізесі
3-бүйірлі қарыншаның алдыңғы мүйізі
4-ішкі капсула
5-сыртқы капсула
6-шарбақ
7-ен сыртқы капсула
8-қабық
9-солған шар
10-III қарынша
11-бүйірлі қарыншаның артқы мүйізі
12-thalamus (көру төмпегі)
13-аралшықтың қыртыс заты
14-құйрықты ядроның басы
15-мөлдір перденің қуысы

Жолақты денелер орталықтары ми қыртысының нейрон талшықтарымен даму кезеңінде біртіндеп байланыса бастайды. Осының нәтижесінде жас бала қол-аяғын қозғалта алғанмен көпке дейін жүре алмайды.


Бүйір қарыншалары әрбір ми сыңарының ішіндегі қуыстық, бұлардың төбе бөлігіне тұтас келген жерін — ортасы, маңдай бөлігінде — алдыңғы мүйізі, шүйде бөлігінде — артқы мүйізі, ал төмен қарай, самай бөлігіне бағытталған жерін — төменгі мүйізі деп атайды.
Бүйір қарыншалардың жоғарғы жағында сүйелді дене жатады. Олар қарынша аралық тесіктер арқылы үшінші қарыншамен жалғасады. Бүйір қарыншалары мидың басқа қарыншалары сияқты жұлын-ми сұйықтығына толы келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет