13-дәріс Бас миы Дәріс мақсаты мен міндеттері


Ми қыртысының архитектоникасы



бет5/8
Дата01.10.2024
өлшемі1,3 Mb.
#146475
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция №13 (5)

Ми қыртысының архитектоникасы
Ми қыртысының архитектоникасы дегеніміз оның микроскопиялық құрылысы.
Орыс ғалымы В.А. Бец 1874 жылы алғашқы рет ми қыртыс клеткаларының әр түрлі екендігін және оның орналасу заңын ашты. Сонымен байланысты нерв системасының цитоархитектоникалық негізін салды.
XX ғасырда нейроморфологтар ми қыртысының құрылысын жанжақты тексере бастады. Осының нәтижесінде ми қыртысының әрбір алаңдарында нерв клеткаларының орналасу тәртібі әр түрлі екендігі және өздеріне тән архитектоникасы бар екендігі дәлелденді.
Ми қыртысында орта есеппен 14 млрд. жақын клеткалар жатады. Сұр заттың қалыңдығы 2—4 мм болады, осы қалыңдықтағы клеткалар бірнеше қабаттар түзеді. Әрбір қабаттағы нерв клеткаларының пішіні, көлемі, орналасу тәртібі әр түрлі келеді.
Негізінде ми қыртысының алты қабаттан түзілгені анықталған.
I қабаттағы клеткалар өте ұқсас сондықтан оны молекулярлы қабат деп атайды.
II қабатты — сыртқы дәнді қабат дейді, бұған негізінде миелинді талшықтары аз, майда, дән тәрізді клеткалар жатады.
III пирамидалық қабат орташа және кіші пирамидалық клеткалардан түзілген. Олар бір-бірімен қатарлар жасап жатады. Клеткалары тереңдеген сайын іріленіп талшықтары жан-жағына тарамдалған.
IV ішкі дәнді қабат тығыз орналасқан жұлдыз тәрізді клеткалардан түзілген. Олардың көлденең бағытта жатқан көптеген талшықтары болады.
V ганглиозды қабат көптеген пирамидалық клеткалардан түзілген. Олардың арасында ірі пирамидалық (Бец) клеткалар кездеседі. Жалпы бұл қабатты қозғалтқыш аймақ деп атайды.
VI полиморфты қабат мидың ақ затына жақын шектесіп жатады. Бойында әр түрлі пішінді (ұршық тәрізді, пирамида тәрізді т.б.) клеткалар кездеседі.

Ми қыртысының қабаттарындағы нерв клеткалары тек өзара байланысып қана қоймай, мидың әрбір бөлігін бір-біріне және оларды органдармен байланыстырып жатады. Мысалы, V—VI қабаттарындағы пирамида және ұршық тәрізді клеткаларын алсақ, олар өздерінің нейриттері арқылы мидың қыртыс қабаттарынан ақ затына өтіп, одан негізгі ми ганглииларын жұлынның қозғалтқыш нейрондарымен жалгастырады. Соңғыларының нейриттері бұлшық еттерге дейін жетеді. Ал осы нерв клеткаларының қысқа талшықтары (дендрит өсінділерін) алсақ, олар ми қыртысының І қабатына дейін көтеріліп тарамдалады. Осы тарамдары арқылы нерв клеткалары өзара тығыз байланыстар түзіп, ми қыртысының қабаттарына нерв импульстерін өткізіп тұрады.
Ми қыртысының нейрондарын орналасу тәртібіне байланысты жоғарғы және төменгі қабаттарға бөлеміз. Жоғарғысына — I—IV дейінгі қабаттар жатса, төменгісіне V—VI қабаттар жатады.
Төменгі қабаттардағы нейрондар, келген тітіркендіргіш түріне қарай жауап беру жұмысын атқарып, төмендеу жолдары арқылы ми мен жұлын бөлімдерімен жүріп отырып, органдарға жетеді.
Жоғарғы (I—IV қабаттар) клеткалары өте күрделі дамыған. Бұл қабаттардағы нейрондарға қыртысасты орталықтарда жатқан нейрондардың талшықтары арқылы импульстер жеткізіп тұрады. Филогенетикалық даму жағынан жоғарғы қабаттар кеш дамыған, сондықтан да адамда, басқа жануарларға қарағанда күшті жетілген.
Ми қыртысын жатқан жағдайына қарай бірнеше аймақтарға бөледі. Ол аймақтарға ми бөліктеріне сай келетін, маңдай, төбе, шүйде, самай аймақтары жатады. Аймақтардың өзі орналасқан клеткалардың түрлерімен атқаратын қызметіне қарай алаңдарға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет