АРАЛЫҚ МИ МЕН АЛДЫҢҒЫ МИ Сабақтың мақсаты: Аралық ми мен алдыңғы ми туралы білімін қалыптастыру, құрылысымен таныстыру.
Аралық ми үлкен ми сыңарларының аралығында орналасқан. Оған көру төмпегі мен (таламуспен) төмпек аймақтары жатады.
Көру төмпегі (таламус)(зрительный бугор) эллипс тәрізді дене, ол сұр түсті ішкі, сыртқы және алдыңғы ядролардан түзілген. Бұл ядролардан үлкен ми сыңарларына импульстар жеткізіп тұрылады, биологиялық мағыздылығына қарап жіктейді. Сондықтан көру төмпегін қыртысасты орталық деп атайды.
Қөру төмпегінің аймақтарына астыңғы (гипоталамус), үстіңгі (эпиталамус) және сыртқы (метаталамус) жақтары жатады. Төмпекасты аймағына (гипоталамусқа) мидың астыңғы жағындағы гипофиз, сұр төмпек, воронка, сұр пластинка, көру нерв шоғырының айқасы (зрительный перекрест) және қос еміздікше денелер жатады (сосочковые тела).
Гипофиз мидық астыңғы жағындағы ми қосымшасы болып саналады, ол түрік ершігінің үстіңгі ойысында орналасқан. Ішкі секрециялық бездер қатарына жатады. Бұл без аяқшасы арқылы аралық мидық астыңғы жағындағы воронкаға аяқшасы арқылы ілініп тұрады.
Көру айқасы (хиазма) көздің артқы полюсінен шығып келе жатқан көру нервісінің кейбір талшықтарының айқасқан жерінен пайда болады. Бұл айқас түрік ершігінің алдыңғы жағында орналасқан.
Көру төмпегінің астыңғы аймағындағы сұр төмпек ішкі органдардың, қан тамырларының жұмысын реттейтін вегетативті орталық болып саналады. Ал, қос еміздікше денелерді алсақ, олар қыртысасты иіс орталықтары болып саналады.
Төмпектің (таламустың) үстіңгі аймағында (эпиталамус) мидың үстіңгі қосындысы — эпифиз жатады. Бұл без үшінші қарыншаның артқы жағында, төрт төмпешік алдында орналасқан.
Төмпектің сыртқы аймағына (металамус) сыртқы және ішкі тізелі денелер жатады. Сыртқы тізелі дене — қыртысасты көру орталығы, ішкі тізелі дене — қыртысасты есту орталығы болып саналады.
Аралық мидағы қуысты үшінші қарынша деп атайды. Оның екі бүйір және жоғарғы, төменгі қабырғалары бар. Екі бүйір қабырғасы екі көру төмпегінің ішкі бетінен түзілсе, астыңғы қабырғасында сүйелді дене жатады. Үстіңгі жағынан ми сыңарларының бүйір қарыншаларымен байланысса астыңғы жағынан ортаңғы мидың су өткізгіш түтігіне жалғасады.