Кепіл болам
Құл Қожа Ахмет, өзіңе қыл насихатты,
Халықты айтып, өзіңді ұмытып, басың қатты.
Тауың – ауыр, қылмысың – зор, тасың – қатты,
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам!
Қиямет күн жақын қалды
Қиямет күн жақын қалды – бұрмады бет,
Құл Қожа Ахмет айтты сөзін – тыңдары жоқ.
Өзі өзіне бір насихат қылғаны жоқ,
Насихатын халыққа айтып кетті, достар.
МІНӘЖАТ
Екі жастың жетпей жатып біріне,
Балар өзін барша жанның піріне.
Ажыратпай тұрып жақсы-жаманды,
Насихатпен баурамақ бар адамды.
120. «Ғаршы» 4 рет (САЛАУАТ, Жасыл құс, , ХАҚ ШАРАБЫН ІШКЕН ЖАНДАР, АҚЫРЗАМАН ШАЙҚЫЛАРЫ СЫРТЫН ТҮЗЕР)
САЛАУАТ
Ғаршы, Күрсі базарын иеленген Мұхаммет,
Сегіз бейіш төріне Кие берген Мұхаммет.
Міскін Ахмет құлына мұра қылған Мұхаммет,
Жетімдерге жүрегін шыра қылған Мұхаммет.
Жасыл құс
«Лә иләһа илл-Алла» – тағаты бар
Құл аузынан жасыл құс шығады ұшып.
Дүр жақұттан тоқылған қанаты бар,
Қарсы алады ғаршылар құрақ ұшып.
ХАҚ ШАРАБЫН ІШКЕН ЖАНДАР
Құл Қожа Ахмет, имансыздар жанын езер,
Хақ дидары нәсіп емес қаныпезер.
Ғаршы-Күрсі, Лаухы-Кәләм – бәрі безер,
Кәпірлерге дозақ есік ашар, достар.
АҚЫРЗАМАН ШАЙҚЫЛАРЫ СЫРТЫН ТҮЗЕР
Рух құсын тұтқанға – бал, інжір берем,
Самғай шарлап ғаршыларға өтер, достар.
Тынбай дәйім зікір айтар құлмын деген,
Зарын қылар ғашық отта күлмін деген.
107. Рахым 6 рет (Қаһар атты қаһарың, Жылап дұға қылам саған, ӘнтӘл ҺӘди, Пейіш пен Тозақтың айтысы, Хазіретке қалай барам? 2 рет)
Достарыңызбен бөлісу: |