Марионелла СЛЕСАРЬ,
педагогика
ғылымдарының
кандидаты
Бұқаралық ақпарат құрал-
дары өкілдерімен бір кезде-
суде Президент Нұрсұлтан
Назарбаев əлемдік дағ д арыс
жағдайында біздің еліміз-
дің еге мен дігін нығайту
үшін əрбір қазақстан дық-
тың еңбектену қажеттілігіне
ерек ше көңіл бөлді. «Еңбек – ең басты-
сы. Біз еңбекші елміз... Адам өзін, өз
от басын қамтамасыз ету үшін еңбек
етеді», деген еді Нұрсұлтан Əбіш-
ұлы. Президент Қазақстан халқына
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты
ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты
Жолдауында: «ХХІ ғасырда қоғам ның
барлық салаларын үздіксіз жаң ғырту
дамудың басты факторына айналып
отыр, сол үшін жұмысшы маман-
дықтарына шақырамын» деп атап өтті.
Экономикалық, əлеуметтік сала ның
қайсысы да маңдай терін сүрт кізген
еңбексіз дамымайды. Бұл мағына да
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы
бірегей жəне ол жастар үшін маман-
дықты дұрыс таңдауына тамаша үлгі
болып табылады.
Осы бағыттағы жұмыстың жеткі-
лік сіздігі біздің облысымыздың заң-
гер лер мен экономистерді «қайта өнді-
руге» əкеліп соқты. Бірақ, қазір жағ-
дай өзгеріп келеді. Дегенмен, Прези-
дент айтқан Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамының идеяларын іске асыру жəне
жастарға ұғындыру, оларды кəсіби
бағдарлау бағытында алда педагоги-
ка қоғамдастықтары атқарар орасан
зор іс күтіп тұр. Істі неден бастау ке-
рек? Еңбексүйгіштікке тəрбиелеу де
зайырлы білім беру жүйесінің бір туар
ұйымдастырушысы, педагог, əдіскер,
алғашқы оқулықтар авторы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
мен шығармашылығы үлгі дер
едім. Оның «Жомарт адам»,
«Қалай бай болуға болады»,
«Қыпшақ Сейітқұл», «Білімнің
пайдасы», «Əкесі мен бала-
сы», «Өрмекші, құмырсқа
жəне қарлығаш», «Бай ба-
ласы мен жарлы баласы»
сияқты балаларға арнал ған
ертегілері, əңгімелері оқушы-
ларды бастауыш сыныптардан
бас тап адал еңбекке баулуда бүгінге
дейін маңыздылығын жойған жоқ.
Алтынсарин əр əңгімесінде шынайы
еңбекті дəріптейді. «Алдағы уақытта
да есіңде болсын жəне ұмытпа, егер
де жеңіл еңбекті ауыр деп есептесең,
онда аса ауыр жұмыспен кездесесің,
егер де шағынға риза болмасаң, онда
үлкеннен айырыласың», «Еңбек ет-
пеген бірде-бір тірі жан жоқ, сені
Құдай бос сандалу үшін жаратқан жоқ.
Еңбекке үйрену керек» деген секілді
балаларға өте түсінікті жəне қанатты
сөзге айналып кеткен тіркестерді оның
шығармаларынан жиі кездестіруге бо-
лады.
Ыбырай Алтынсарин біздің еліміз-
дегі кəсіби білім берудің негізін қалады.
Ол патша өкіметінің тиісті орындарына
көптеген өтініштер жазған. Сол табан-
дылығының арқасында 1883 жылғы 15
қарашада Торғайда балташы-ұсталық
ісі мен қыздарға іс үйрететін бірінші
қолөнер училищесін ашуға мүмкіндік
туды. Көптеген 2-ші сыныптық учили-
щелерде бақша өсірушілік, бағбандыққа,
май шайқау кəсібіне үйрететін бөлімше
құрды.
Ол жұмыс істеуге, барлық жаңа нəр-
селерді қабылдауға асық еді. Ыбырай
Алтынсарин өзімен қа рым-қатынаста
болған, сөйлескен, оны қор шаған барлық
педагогтар үшін еңбекқорлықтың
үлгі сіндей еді. Шығыстанушы, профес-
сор Н.И.Ильминскийдің Ыбырай тура-
лы: «...дұрыс жəне адал адам, ақылды,
адал, білімқұмар жəне сүйкімді», деп
жазуы оның еңбегіне сүйсінгендіктен
болатын. Ол өте көп жұмыс істейтін.
Ағартушының педагог А.А.Мозохинге
жазған хаты: «Жазып отырып мен ұйық-
таймын. Көздерім жұмылып кетуде,
түні бойы ұйықтаған жоқ пын. Хаттың
бейберекеттігі үшін кешір», деген
сөздермен аяқталады. В.В.Катарин-
ский ге жазған бір хатында: «Көп жазу-
ға күшім жоқ, қолым шаршады», деп
жазуы оның жанкештілігін баян да-
ғандай. 1888 жылы 5 қарашада Ыбырай
Алтынсарин А.А.Мозохинге: «Мен өте
жиі сырқаттанудамын, əлі күнге дейін
мен өзімнің болашақ тағ дырымды жəне
отбасымның тағдырын ойлаған емеспін,
осы туралы ойлаған жөн шығар», деп
жазады.
Ыбырайдың балаларға арнаған кітап-
тарын, оның оқулықтарын оқып, білім
нəріне сусындаған талай ұрпақ еңбектің
арқасында ғана адамның өз мақсатына
жететінін, болашақтың нұрлы бола-
тынын түйсініп өсті. Олардың ара-
сында Ахмет Байтұрсыновтан бас-
тап халқымыздың талай біртуарлары
өсіп-жетілді. Олардың барлығы да
тек еңбекті пір тұтты. Қазақстанда да
Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамы салта-
нат құрғанда ғана Тəуелсіздіктің іргесі
мықтала түседі. Кəсіби мамандар бар-
да астықтың алтын таулары көбейеді,
құрылыс үйлері биіктейді, өндіріс, ауыл
шаруашылығы, өмірдің барлық саласы
жандана түседі.
Еңбек еткен адамның рухани жан
дүниесі де таза, рухы мықты болады.
Əлемнің бар бақыты еңбекте, бақытқа
кенелудің басқа жолы жоқ, оны біздің
балалар білуі тиіс.
ҚОСТАНАЙ
Біз – қазақстандықтармыз!
Басты байлық
Дамудыѕ сыры – бірлікте
Əркімніѕ баќыты еѕбекте
– Абай Қабатайұлы, былтыр Пар-
ламент тарапынан «Міндетті əлеу-
меттік сақтандыру туралы» Заң мақұл-
данды. Жалпы алғанда, осы жүйе жай-
ына кеңірек тоқталып өтсеңіз?
– Еліміздегі міндетті əлеуметтік
медициналық сақтандыру Мемлекет
басшысының тапсырмасы бойынша
Ұлт Жоспары – бес институттық ре-
форманы жүзеге асыру жөніндегі «100
нақты қадамының» 80-қадамына бай-
ланысты жəне Денсаулық сақтау сала-
сын дамытудың 2016-2020 жылдарға
арналған «Денсаулық» мемлекеттік
бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.
Медициналық сақтандыру – халықтың
денсаулығын қорғау жүйесі болып табы-
лады. Дамыған елдердің көпшілігі оны
денсаулық сақтау саласында қолданып,
нəтижесін көріп отыр. Өзіңіз қараңыз,
арнайы қорға жиналған қаражат есебінен
тегін медициналық көмек алуға болады.
Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры
сыздамайтын адам жоқ. Сондықтан да
денсаулыққа қатысты мəселелерді ал-
дын ала ойластыру қашанда оң нəтиже
бермек. Əр адам денсаулығы үшін өзі
жауапты, дегенмен мемлекет бұл мəсе-
леде қарапайым халыққа көптеген жағ-
дай ларды, ұтымды жəне жақсы мүмкін-
дік терді жасап отыр. Ендігі жерде бұл
мəселеге мемлекет жəне жұмыс беруші
де белсенді араласпақ.
Мысалы, сақтандыру жарналарын
азаматтарға жұмыс беруші мекемелер
төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен
еңбек ке жарамсыз адамдар үшін жарна
мем лекеттен аударылады. Сондай-ақ,
еңбек кер азаматтар өз жалақыларынан
мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе
халық тың барлық топтары үшін меди ци-
налық жəне дəрі-дəрмектік көмектің тең
көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.
Ал оны жүргізу кезеңдеріне тоқта лар
болсақ, міндетті медициналық сақтан-
дыру жүйесі елімізде 2017-2024 жыл-
дар аралығында біртіндеп енгізіледі деп
күтілуде. 2017 жылдан бастап мемлекет,
жұмыс берушілер жəне өзін-өзі жұмыс-
пен қамтыған азаматтар Əлеу меттік
медициналық сақтандыру қорына жарна
төлеуді бастайды. Ерекше санаттағы аза-
маттар үшін мемлекет төлейтін жар на ның
мөлшерлемесі 2024 жылға қарай орташа
айлық еңбекақының 7%-ын құрайтын бола-
ды. Ол бастапқыда 4%-бен басталса, одан
арғы жылы 5%-ға ұлғаймақ. Ал жұмыс
берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жал-
пы көлемі алғашқыда 2%-ды құраса, 2020
жылы 5%-ға артатын болады. Бұл ретте
2020 жылға қарай кірісінің 7%-ын қорға
аударып отыратындар өзін-өзі жұмыспен
қамтыған азаматтар болмақ.
– Бұл жүйе қарапайым халыққа не
береді?
– Міндетті медициналық сақтанды-
руды екіге бөліп қарастырар болсақ,
оның біріншісі – негізгі сақтандыру түрі.
Бұл сақтандыру түріне мемлекеттік бюд-
жеттен тегін көрсетілетін медициналық
қызметтер кіреді. Ол еліміздің барлық аза-
маттарына қолжетімді болады. Мемлекет
өз міндетіне медициналық қызметтердің
бірнеше түрін алады. Мысалы, жедел
жəрдем қызметін, санитарлық авиация-
ны, əлеуметтік маңызы бар ауруларға
ем көрсетуді, төтенше жағдайда көмек
көрсетуді жəне алдын алу шараларына
қатысты екпелерді өз міндетіне алады.
Ал екінші түрі – міндетті əлеумет-
тік сақтандыру аясында қаржылан-
ды рылатын сақтандыру. Бұл негізгі
сақтандыруға кірмеген басқа да медици-
налық қызметтер түрін қамтитын сақ-
тан дыру болады деп көзделуде. Оған
амбулаторлық-емханалық көмектер,
ауру ханада жатып емделу, жоғары техно-
ло гиялық көмектер кіреді. Сақтандыру-
дың осы түрі міндетті сақтандыру жү-
йе сіне тіркелген азаматтар үшін қол-
жетім ді болады. Өзін-өзі жұмыспен
қам тып отырған адамдарға 2020 жыл ға
дейін амбулаторлық-емханалық қыз-
мет ті бюджет есебінен тегін көрсе ту де
қа рас тырылған. Сондай-ақ, заң ға сəй -
кес азаматтар жеке басына арнал ған, өз
қаражаты негізінде немесе жұ мыс беру-
шінің қаражатына жасалатын сақ тан-
дыру түрлерін де жасай ала ды. МƏМС-ды
енгізумен ІЖӨ-ден ден сау лық сақтауға
жұмсалатын жал пы шы ғын пайызы өседі,
бұл медици на лық қыз меттердің жоғары
сапасын жəне қолжетімділігін қамтамасыз
етуге көмек теседі. Қаржыландыру көз-
дерінің əрта рап тандырылуы жəне қаржы-
ландыру мөл шерінің көбеюі ЭЫДҰ ел-
дерінің дең гейіне жету бойынша нақты
іс-əрекет тер мен жалпы мақсаттарды ны-
ғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, азаматтардың жеке
шығындары азаяды. Əдетте, бұл көр сет-
кіш денсаулық сақтаудың жалпы шы-
ғын дары бойынша елімізде 35%-дан
жоғары болса, ал ЭЫДҰ елдерінде 20%
деңгейінде. Мұндай едəуір алшақтық
шаруалардың денсаулық сақтау ісіне
жұмсалатын шығындарын тым көбейтеді
деуге болады. Дегенмен, осыған дейін
көрініс алып келген дəрігерлерге «риза-
шылығын» білдіру үшін берілетін «бей-
ресми төлемдер», медициналық көмекке
өз қалтасынан төленетін қара жаттың
кемитінін айта кеткен абзал.
– Ал əлеуметтік жағынан аз қам-
тыл ғандар үшін қандай жағдайлар
қарастырылып отыр?
– Мемлекет заңға сəйкес халықтың
бірнеше топтары үшін үлкен жеңілдік-
тер жасауда. Əлеуметтік медициналық
сақ тан дыру қоры жарнасын төлеуден
азамат тардың 15 санаты босатылады,
оның ішінде 12-сі – халықтың əлеуметтік
тұрғыдан осал тобы. Яғни, қорға сала-
тын қаражаты жоқ жандарға мемлекет
ақша төлейді. Мысалы, «Алтын алқа»,
«Күміс алқа» иегерлері, «Батыр Ана»
атағын алғандар, сонымен қатар I жəне
II дəрежелі «Ана даңқы» орденімен
марапатталған көп балалы аналар мен
ҰОС ардагерлері жəне мүгедектерге
мем лекет тарапынан төлемдер жасалады.
Соны мен қатар, жұмыссыз жүкті əйелдер
мен зейнеткерлер жəне жұмыссыз ретін-
де тіркелген, т.б. азаматтарға да жеңіл-
діктер қарастырылған.
Айта кету керек, МƏМС аясында көр-
сетілетін медициналық көмектің көлемі
қорға төленетін жарна көлеміне тəуел ді
емес. Ең бастысы, жарна уақыты лы əрі
үнемі төленіп тұрса болғаны.
– Өзіңіз айтып өткендей, дамыған
елдердің бірқатары қолданатын бұл
жүйенің біздің жас мемлекетіміздегі
бола ша ғын қалай бағамдап берер
едіңіз?
– Медициналық сақтандыру жүйесін
енгізбес бұрын Бүкілəлемдік банк ма-
мандарын тарта отырып, халықаралық
тəжіри бенің егжей-тегжейлі зерттелгенін
айтып өтейін. Денсаулық сақтау жүйесіне
медициналық сақтандыру мəселелерімен
тікелей айналысқан тəуелсіз халықаралық
сарапшылар тартылды. Еліміздегі МƏМС
моделі классикалық германдық, Ресей
Федерациясының, Литва жəне Батыс
Еуропа елдері – Словакия, Чехия, Польша
моделі тəжірибесінде құрылған. Бұл
ретте еліміздің денсаулық сақтау сала-
сындағы тың жүйе деп қарастыруға бо-
латын медициналық сақтандырудың
келешегі кемел деуге толық негіз бар.
Осы арқылы болашақта сапалы меди ци-
на лық көмектің қолжетімділігі артып,
халық мұқтаждығына жауап бере ала-
тындай денсаулық сақтау жүйесі қалып-
тасып, денсаулықты жақсарту, өмір сүру
ұзақтығын ұлғайту секілді мəселелердің
түйіні ағытылатын болады. Сонымен,
медициналық көмекпен жан-жақты қамту
жұмыстары қарқынды дамып, тұтыну
мөлшерін теңдестіруге мүмкіндік беретін
қаржылық тұрақты денсаулық сақтау
жүйесі қалыптасатын болады.
– Медициналық сақтандыруы бар
азаматтар жекеменшік ауруханаларға
барып емделе алады, бұл ретте мемле-
кет тік аурухана қызметтерінің де
сапа сы артып, бəсекелестік орнайды
делінеді.
– Дұрыс айтып отырсыз, осы жүйе
арқылы жекеменшік ауруханалар мен
мемлекеттік ауруханалар арасында
бəсеке лестік орнайтыны рас. Себебі,
меди циналық сақтандыруы бар азамат
меди циналық мекемені таңдай алады.
Тек сол мекеме МƏМС жүйесінде жұмыс
жасауы қажет. Осы арқылы жекеменшік
ауруханалардың қызмет көрсетуі қалай
болса, өзіне емделушілердің келуі үшін
мемлекеттік ауруханалар да қызмет
сапасын арттыратын болады. Себебі,
медициналық сақтандырудың арқасында
сол ауруханаларға қаржы түседі. Бұл үл-
кен бəсекелестік жағдайларды туғызады.
– Еліміздегі медицина саласын да-
мыту жəне тұрғындардың денсаулық
сақтаудағы мүмкіндіктерін молайту
мақсатында жолға қойылып отырған
жоғарыдағы жүйе біздің елде бұрын да
алғаш қолданысқа енгізілмек болған.
Бірақ... Бұдан бірнеше жыл бұрынғы
сəтсіз тəжі ри бенің көптің көңіліне
күдік келті ріп отырғанын да жасыра
алмаймыз.
– Ол кезеңде көптеген түйткілдер бол-
ды. Оны осы күнгі жүйемен салыстыруға
болмас. Себебі, 1996-1998 жылдары ме-
ди циналық сақтандыру жүйесі қызме-
тін тоқ татудың негізгі себебі кірістер-
ді жинаудың жеткіліксіз деңгейі еді.
Меди циналық сақтандыру қорының өз
міндеттерін атқаруына экономикалық
дағдарыс кедергі болғанын атап өткен
жөн.
Мысалы, сол кезеңдерде көптеген
кəсіпорындар үлкен қарыздары болған-
дық тан сақтандыру жарналарын төлей
алмады, сақтандыру төлемдеріне заттай
ақы төлеу жүйесін қолдануға мəжбүр
болды. Жəне жеке кəсіпкерлер мен өз-
өзін қамтамасыз етушілердің жарна
төлеу ге мүмкіндігі жетпеді. Сондай-ақ,
жұмыс сыздықтың өсуі жергілікті бюд-
жетке ауыр тиді. Жергілікті атқарушы
органдардың белсенді емес халық үшін
тиісті жарна деңгейін қамтамасыз ету-
ге жағ дайы болмады. Міне, осы секілді
бірнеше факторлар жүйенің жұмысын
жанд андыруға кедергі болды. Ал бүгінгі
таңдағы МƏМС жүйесінің тағы бір
ерекшелігі – əлеуметтік медициналық
сақтандыру қорының құрылуында.
Оның ұйымдастыру-құқықтық пішімі –
коммерциялық емес, яғни акционерлік
қо ғам болып табылады. Қордың құ рыл-
тай шысы жəне жалғыз акционері Қазақ -
стан Үкіметі екендігін ескерте кетейін.
Сонымен қатар, көптің көңіліндегі
күдікті сейілту үшін айтар болсам,
МƏМС жүйесінің қаржылық тұрақты-
лы ғын қам тамасыз ететін бірнеше
тетіктерді атауға болады. Жаңа айтып
өткенім дей, бірінші кезекте ƏМСҚ
қызметінің коммерциялық емес сипа-
ты үлкен маңызға ие. Сондай-ақ, қол-
да ныстағы тəжірибеге сай ƏМСҚ-ға
түсетін жарналар ды бақылау ісі Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кіріс коми-
тетіне жүктеліп отыр. Қорды басқаруға
ден саулық сақтау саласында жəне басқа
да сала лардағы білікті сарапшылар тар-
тылатын болады.
– Əңгімеңізге рахмет.
Əңгімелескен
Эльмира МƏТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан»
Медициналыќ
саќтандыру
Оныѕ тиімділігі неде?
«Бірінші байлық – денсаулық» екендігін
бүгінде адамзат баласы жақсы түсінеді. Адам-
ның алтынға айырбастамас құндылығы сана-
ла тын саулықтың қадірін ауырмай тұрып
білгенге не жетсін? Бұл ретте ауырып ем із-
деген ше, ауырмаудың жолын іздеудің ұзақ та
саламатты өмір сүруге жағдай жасайтынын
ескерсек, елімізде жаңадан енгі зіліп отырған
міндетті медициналық сақ тан дырудың осы
мəселеде маңызы қандай деген сұрақ ту-
ындайды. Осыны білмек болып «Ұлттық
ғылыми меди ци налық орта лық» АҚ
Басқарма төр аға сы Абай БАЙГЕНЖИНГЕ
бірнеше сауал қойған едік.
fthmb.tqn
9 шілде 2016 жыл
www.egemen.kz
4
Шарафаддин ƏМІРОВ,
Егемен Қазақстан»
Оның ішінде үш айға дейін гі ағымдағы берешектер 514
мил лион теңге, үш айдан өтіп кеткен берешек шамамен
134 мил лионды құрайды екен. Банк ротқа ұшыраған
кəсіп орын дар дың берешегі 955 миллион теңгеге жеткен.
Бұл айтуға оңай болғанымен артында зілдей салмағы
бар үлкен мəселе. Жұрт шы лықтың есінде болар, осы-
дан біраз бұрын Елбасы сол кез дегі Бас Прокурор Асхат
Дауыл баевқа жалақы қарызы тура лы мəселеге қатаң
қадағалау жасау туралы тапсырма берген бола тын. Сонда
министр ай тып отырған бүгінгі көрсеткіш про курорлық
қадағалаудың қау қар сыз болғанын байқатпай ма?
Табанақы, маңдай терінің ақы сын ала алмаған адам
ашы на ды, əрине. Ашынған адам арыз жазады. Осылайша
«Егемен Қазақстанның» Алматы бөлім шесіне Хамит
Сабырбаев деген азамат та арыз алып келіпті. Оның
айтуынша, өзі жұмыс іс теп жатқан мекеме басшылығы
ауысымы біткен соң оны үйіне қайтармай келесі ауысымға
мəжбүрлеп қал ды рады. Нəтижесінде екі күн, екі түн
қатарынан қарауылда тұрған ол көлігінің рөлінде ұйық-
тап кетіп, апатқа ұшырайды. Не сиеге алған машинасының
сау-тамтығы қалмай, өзі ауруханаға түсіп, ота жасатып,
екі ай емдел ген оған мекеме тарапынан еш қан дай жəрдем
болмайды. Жəр дем бермек тұрмақ, жұмысына қайта
шығайын десе, оны қабыл да май əуре-сарсаңға салады.
Шарасы таусылған Х.Сабырбаев «Егеменге» жүгінуге
келген екен.
Біз Х.Сабырбаевтың арызын ол жұмыс істейтін
мекеме орна ласқан Алматы қаласы ның Жетісу аудандық
прокура тура сы на жолдадық. Арадан бір айға жуық уақыт
өтер-өтпестен аудан прокуроры Нариман Бекназаровтан
редакцияға хат келді. Х.Сабырбаевтың арызы тек серіліп,
онда айтылған жəйт тар дəлелденіп, мекеме басшы лығы
арыз иесіне материалдық жəне моральдық шығынын өтеп
беріпті. Прокурорлық қада ғалаудың пəрменділігі деген
осы емес пе?
Ал енді осыған кереғар жағ дай туралы айтайық.
Жақын да редакцияның Алматы бө лім шесіне кəсіпкер
Дəуір Мұрат баев арыз алып келді. Ол бас қарған «Трал-
тасымал» жауап кершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола
облысы, Аршалы ауда нын дағы «Аршалы-Неруд» жауап-
кершілігі шектеулі серік тес тігінде келісімшарт пен
жұмыс істейді. Міндет орындалған. Бірақ 3-4 айдың 11
миллион 800 мың теңге жалақысын əлі күнге ала алмай
жүр екен.
Аршалы аудандық про кура турасына Дəуір Мұрат баев-
тың арызын жібердік. Бес-алты айдың жүзі болды. Тым-
тырыс. Міне, прокурорлық қадағалаудың пəрменсіздігі
деген осы емес пе?
«Қазіргі уақытта бұл бағытта Бас прокуратурамен,
Қаржы министрлігімен жəне жергілікті атқарушы орган-
дармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде», деді министр
Тамара Дүйсенова. Нəтижесін уақыт көрсетеді. Біз де
күтеміз, əзірге.
...қолдау көрсетеді
...үлгі тұтады
...ризашылығын жеткізеді
...сүйсініс білдіреді
Рухани азыќќа ќамќорлыќ
Істіѕ тетігі енді табылды
Шипагер шапаєаты
Бүгінгі таңда тұрмысы төмен
отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі
жандарға елімізде сан түрлі шара
жүзеге асырылып жатқаны белгілі.
Осындай жарқын істер Ақжайық
ауданы ның Алғабас ауылында да
аз емес. Қолдан келген көмекке
аянбаудан, сауабы мол іске атса-
лысудан мысал жеткілікті.
– Аудандық мəслихат депута-
ты, «Қадеш» шаруа қожа лығының
мүшесі Дарын Боран баев табы-
сы аз ағайынға рухани азықпен
қамқорлық жасау ды ұйғарды,
–дейді Алға бас ауылдық округі
əкімі аппа ратының жетекші ма-
маны Ұлболсын Мұқаналиева.
– Яғни, 7 отбасыны мемлекет тік
саясатты насихаттайтын басты
басылым – «Егемен Қазақстанға»
жазылымды хаттауға 25 мың теңге
ақша сын шығарды. Ауыл дас-
тарын газет-журналға жаздырту
жө нінде жанашырлық барлық
жердегідей Алғабаста да аз емес.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы
Қарасу ауданының жеке кəсіп-
кері атанып үлгерген Жол ды бай
Осупов 15 жылдық еңбек өтілі
бар аяқ киім тігу шебері. Ол биз-
несмен деген мəрте беге енді ғана
бой үйретуде. Өйткені, аяқ киім
жөндеуге арнал ған жеке шебер-
хана сын жақында ғана ашқан.
Бұған дейін Жолдыбайға ауыл-
дастары телефон шалу ар қы лы
тапсырыс беретін, содан кейін ол
қоңырау келіп түскен үйлерді ара-
лай жүріп, бүлінген аяқ киімдерді
үйіне жинап алып келеді. Оның
бұл таланты аудандық əкімдікке
де, кəсіпкерлер палатасына да
жетті. Сөйтіп, Қарасуда аяқ киім
жөндейтін бір де бір шебер хана
болмағандықтан, Жолды байға осы
олқылықтың орнын толтыруға
ұсыныс жасалды. Ол «Бизнестің
жол картасы-2020» бағдарламасы
бойынша грантқа өтініш білдіріп,
660 мың теңге қаражатқа ие бол-
ды. Оны ол тігін машинасы жəне
басқа да қажетті құ рал-жаб дықтар
сатып алуға жұмсады.
«Қазір дүкен ғимаратынан бір
бөл мені жалға алып отырмын.
Енді клиенттерге өзім бар май мын,
олар маған келеді. Бұ дан ел аяғы
азай ған жоқ, жұрт жаңа шеберхана
ба рын біліп ал ған, күніне 5-6 адам-
нан келеді. Бұл та бысы жыл он екі
ай бойы тү сіп тұратын мамандық»,
– дей ді Жолдыбай Осупов.
Достарыңызбен бөлісу: |